«Қаржы қызметінің үздігі» (11-қосымша)
«Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісі диаметрі 30 мм екі нысаннан тұрады – сегіз бұрыш және шеңбер.
Шеңбер ішінде көгілдір фондағы композиция екі жартыдан тұрады: композицияның төменгі бөлігінде алтыннан жасалған табақ (тостаған), жоғарғы бөлігінде алтын монеталар. Алтын табақтың үстінде ұлттық ою-өрнек түрінде жасалған айшықты қыран құс орналасқан. Шеңбердің сыртқы жоғарғы жиегінде «ҚАРЖЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҮЗДІГІ» деген жазу орналасқан, шеңбердің төменгі сыртқы жиегі ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген. Сегіз бұрыштың әр бұрышында сары түсті фонда ұлттық ою-өрнек орналасқан.
Белгі құлақша мен шығыршық арқылы ені 25 мм және биіктігі 15 мм төрт бұрышты тағанмен жалғанады.
Белгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
«Салық қызметінің үздігі» (12-қосымша)
«Салық қызметінің үздігі» төсбелгісі диаметрі 37 мм қою көк түсті сегіз сәулелі жұлдыз нысанында латуньнен дайындалады.
Белгінің орталық бөлігінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің диаметрі 27 мм бедерлі эмблемасы бастырылған, жоғарыда эмблема айналасында «САЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҮЗДІГІ» деген жазу орналасқан. Эмблема және жазу шығыңқы жылтырақ.
Белгі құлақша мен шығыршық арқылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы түстес жібек қатқыл лентамен қапталған, ені 25 мм және биіктігі 15 мм төрт бұрышты тағанмен жалғанады.
Белгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің төсбелгісі «Әлеуметтік-еңбек саласының үздігі» (13-қосымша)
«Әлеуметтік-еңбек саласының үздігі» төсбелгісі диаметрі 37 мм шеңбер нысанында латуньнен дайындалады.
Белгінің бет жағында шеңбердің жиектерінде ұлттық ою-өрнек және «ӘЛЕУМЕТТІК ЕҢБЕК САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ» деген мәтін орналасқан. Шеңбердің ортасында үш шеңберден тұратын фигура орналасқан. Шеңберлер күрделі үшбұрышты фигура түзілетіндей тәсілмен байланыстырылған. Фигураның ішінде қозғалыс динамикасын білдіретін үш элементтен тұратын ұлттық ою-өрнек орналасады.
Айналасының жиегі, мәтін, ою-өрнек және символ шығыңқы жылтырақ. Айналасының ішкі бөлігі күңгірт. Символ көгілдір эмальмен құйылған.
Белгінің сыртқы жағында ортасында «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ» деген жазу орналасқан, жиектерінде – ұлттық ою-өрнек. Белгінің сыртқы беті күңгірт. Жазу және ою-өрнек шығыңқы жылтырақ.
Белгі құлақша мен шығыршық арқылы ені 28 мм және биіктігі 19 мм бес бұрышты тағанмен жалғанады. Тағанның ішкі бөлігі көгілдір эмальмен құйылған.
Белгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің төсбелгісі «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» (14-қосымша)
«Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісі диаметрі 34 мм шеңбер нысанында латуньнен дайындалады.
Белгінің бет жағында, ортасында шеңберге кірістірілген егістің, күннің, масақтың және ұлттық ою-өрнектің бедерлі бейнесі орналасқан. Ою-өрнектің айналасында шығыңқы жиек бар. Жиектің сыртқы жағында «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі», «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» деген жазулар орналасқан. Белгідегі барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы.
Белгі құлақша мен шығыршық арқылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы түстес жібек қатқыл лентамен қапталған, ені 35 мм және биіктігі 15 мм тікбұрышты тағанмен жалғанады. Таған латуньнен дайындалған.
Белгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің төсбелгілері «Құрметті авиатор» (15-қосымша)
«Құрметті авиатор» төсбелгісі ені 37 мм, биіктігі 45 мм шеңбер сопақ нысанда латуньнен дайындалады, негізден және қондырмадан тұрады.
Белгінің бет жағында шеңбер бойына лавр бұтақтары орналасқан. Шеңбердің ішінде «ҚҰРМЕТТІ АВИАТОР» деген жазу орналасқан. Белгінің ортасында жер шарының фонында ұшақ бейнесінде (жылтыр бет) бейнеленген қондырма орналасқан.
Төсбелгіні дайындауда көгілдір және көк түсті эмаль қолданылады.
Белгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
«Құрметті жолшы» (16-қосымша)
«Құрметті жолшы» төсбелгісі диаметрі 37 мм сегіз ұшты жұлдыз нысанда латуньнен дайындалады, негізден және қондырмадан тұрады. Жұлдыз ұштары беті құбылмалы жылтырақ түрінде жасалған.
Қондырманың ортасы екі бөлікке бөлінген. Төменгі бөлігінде сұр қозғалыс жолақтары және жасыл бөлгіш бөлігі бар автожол бейнеленген. Жоғары бөлігінде «КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ МИНИСТРЛІГІ» деген жазу қызыл әріптермен жасалған. Негіз орталығының шеттері «ҚҰРМЕТТІ ЖОЛШЫ» деген алтын түстес жазумен және көгілдір эмальдағы ұлттық ою-өрнекпен жиектелген.
Белгідегі барлық бейнелер мен жазбалар шығыңқы.
Белгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
«Құрметті автокөлікші» (17-қосымша)
«Құрметті автокөлікші» төсбелгісі диаметрі 37 мм болатын сегіз бұрышты жұлдыз нысанында жезден жасалады және негіз бен қондырмадан тұрады.
Белгінің беткі жағында шеңбер бойымен сары түсті «ҚҰРМЕТТІ АВТОКӨЛІКШІ» деген жазу орналасқан. Қондырманың ортасында күн сәулесі аясында «екі қанаты бар руль» және қанаттардың астында солдан оңға қарай жүк автокөлік құралы, автобус және жеңіл автокөлік құралы бейнеленген. Төсбелгіні дайындауда көк, сары және ақ түсті эмальдар пайдаланылады.
Белгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |