2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты



жүктеу 1.87 Mb.
бет10/14
Дата22.02.2016
өлшемі1.87 Mb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін мемлекеттік қамтамасыз ету жүйелерін дамыту


Осы бағыт шеңберінде мынадай міндеттерді шешу жоспарланып отыр:

  1. фитосанитариялық қауіпсіздік жүйесін дамыту;

  2. ветеринариялық қауіпсіздік жүйесін дамыту.

      1. Фитосанитариялық қауіпсіздік жүйесін дамыту

Фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында заманауи жабдықтарды қолдана отырып, карантиндік, ерекше қауіпті және зиянды организмдердің дамуы мен таралуының мониторингін уақтылы жүргізу, олардың таралу болжамын жасау, карантиндік зиянды организмдердің таралу ошақтарын оқшаулау мен жою жөніндегі және зиянды және ерекше қауіпті организмдерге қарсы күресу жөніндегі іс-шараларды өткізу үшін олардың таралу координаталарын айқындау қажет.

Фитосанитариялық қауіпсіздік жүйесін дамыту үшін өсімдіктер карантині және аумақтың фитосанитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау процестерін біріздендіру мен стандарттауды қамтамасыз етудің әлемдік тәжірибесін және қалыптасқан практикасын ескере отырып, фитосанитариялық тәуекелді жүйелі талдауды (бұдан әрі – ФТТ) жүргізу қажет. Алайда, қазіргі таңда Қазақстан Республикасында ФТТ жүргізу функциялары тапсырыс негізінде жүзеге асырылады, жүйелі зерттеулер жүргізілмейді. Осыған байланысты, өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету жөніндегі үш мемлекеттік мекеменің (Республикалық карантиндік зертхана, Интродукциялық-карантиндік жеміс-жидек дақылдары питомнигі және Интродукциялық-карантиндік дәнді дақылдар питомнигі) бар болуын ескере отырып, осы ұйымдарды біріктіру және қайта ұйымдастырылған мемлекеттік мекеменің функцияларын кеңейту бойынша жұмыс жүргізілетін болады. Қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарын арттыра және еңбекақы төлеуді тиісінше көтере отырып, осы мемлекеттік мекемеге ғылыми-әдістемелік мәртебе беру бойынша жұмыс жүргізілетін болады.

Зиянкестерді, арамшөптерді және өсімдіктер ауруларын зерттеу зертханаларын заманауи, мысалға, амплификатор сияқты жабдықтармен жарақтау жөніндегі нормативтер әзірленетін болады.

«Е-Agriculture» бірыңғай автоматтандырылған басқару жүйесі пысықталып, фитосанитариялық қауіпсіздік саласындағы бірыңғай ықпалдастырылған ақпараттық жүйесімен толықтырылатын болады.

Ерекше қауіпті зиянды организмдерге қарсы күресудің қауіпсіз әдістерін енгізу мақсатында мақта, көкөніс, жеміс, жүзім мен басқа дақылдардың қауіпті зиянкестеріне қарсы биологиялық күресу әдісін енгізуге арналған нормативтер әзірленетін болады.

2014 жылдан бастап АШТӨ-ге мақтаны өңдеуге арналған биоагенттер (энтомофагтар) мен биопрепараттар құнын, 2016 жылдан бастап ашық және жабық топырақтағы көкөніс дақылдарын, бақша және жеміс дақылдарын өңдеуге арналған биоагенттер (энтомофагтар) мен биопрепараттар құнын арзандату жоспарлануда.

АШТӨ, өсімдіктердің биологиялық алуан түрлілігі және табиғи мекендеу орындары, сондай-ақ экожүйелер үшін карантиндік, ерекше қауіпті және зиянды организмдерден төніп тұрған көптеген жерлердегі және күшейіп келе жатқан қатерлер республиканың өсімдіктерді қорғау және карантині қызметі үшін басты проблема болып қалуда. Жаңа зиянды организмдер тұрақты түрде өзгеруде немесе белгілі зиянды организмдер климаттағы өзгерістерге байланысты неғұрлым көп таралуда және залал келтіруде, сондықтан да карантиндік, ерекше қауіпті және зиянды организмдерге қарсы күресу жалғастырылатын болады.

Елдің фитосанитариялық салауаттылығының күтілетін өзгерісін сипаттайтын негізгі индикативтік көрсеткіш карантиндік және ерекше қауіпті зиянды организмдердің таралу ауданының көрсеткіштері, химиялық өңдеулерді жүргізу ауданы және оның тиімділігі болып табылады.

Химиялық өңдеу тиімділігін жыл сайын 0,2%-ға арттыру кезінде карантиндік және ерекше қауіпті зиянды организмдердің таралу қаупінің коэффициенті 2020 жылға қарай 0,88-ді құрайды.
Фитосанитариялық қауіпсіздік жүйесін дамыту жөніндегі нысаналы көрсеткіштер

Р/с №

Көрсеткіш атауы

Іске асыру жылдары

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

1

Карантиндік және аса қауіпті зиянды организмдердің таралу қаупінің коэффициенті

1,02

1,00

0,98

0,96

0,94

0,92

0,90

0,88




      1. Ветеринариялық қауіпсіздік жүйесін дамыту

Ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлерінің негізгі басы жеке қосалқы үй шаруашылықтарында, ұсақ тауарлы, фермерлік және кооперативтік шаруашылықтарда шоғырланған қазіргі заманғы республиканың мал шаруашылығын дамыту жағдайларында инфекциялық және инвазивтік ауруларды жою проблемасының өзектілігі едәуір өсті.

Ветеринариялық саланың проблемаларын толыққанды шешуге республика, өңірлер (соның ішінде жеке фермерлік шаруашылықтар) ауқымында жануарлардың инфекциялық және жаппай жұқпалы емес ауруларының алдын алу, профилактикасы және жою, сондай-ақ осы саладағы ветеринариялық бақылау мен қадағалауды күшейту жөніндегі іс-шаралар кешенін әзірлеу ықпал етеді.



Мемлекеттегі тұрақты эпизоотиялық ахуал республиканың ауыл шаруашылығының экспорттық әлеуетін дамытудың негізі болып табылады. Сондықтан да ветеринариялық қауіпсіздік жүйесін дамытудың негізгі мақсаты ел аумағының орнықты ветеринариялық-санитариялық салауаттылығын қамтамасыз ету және түпкі тұтынушы, яғни адам үшін тамақ өнімінің қауіпсіздігі болып табылады.
Ветеринариялық қауіпсіздік жүйесін дамыту жөніндегі нысаналы көрсеткіштер

Р/с №

Көрсеткіш атауы

Іске асыру жылдары

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

1

Өндірісі халықаралық стандарт бойынша сертификатталған ветеринариялық препараттарды пайдалана отырып, жануарлардың ерекше қауіпті ауруларына диагностикалық зерттеулер үлесі, %

7

20

65

80

80

80

80

80

2

Өндірісі халықаралық стандарт (соның ішінде GMP-стандарты) бойынша сертификатталған жануарлардың ерекше қауіпті ауруларына қарсы қолданылатын иммундық-профилактикалық ветеринариялық препараттар үлесі, %

25

30

40

67

70

70

70

70

3

Мониторингтік зертханалық зерттеулерге ұшырайтын тамақ өнімдерінің үлесі, %




0,13

0,18

0,22

0,27

0,32

0,36

0,40

Осы көрсеткіштерге қол жеткізуді жүйелі диагностикалық, емдеу-профилактикалық және жою іс-шараларын жүргізу есебінен, сол сияқты осы
іс-шараларды жүргізу тиімділігін жақсартуға бағытталған жаңа бастамалар және жалпы ветеринариялық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру есебінен жүзеге асыру жоспарлануда.

Қазіргі уақытта Халықаралық эпизоотиялық бюро (бұдан әрі – ХЭБ) мақұлдаған және келіскен ҚР ветеринариялық қызметін ұзақ мерзімді дамыту стратегиясы әзірленді, оның шеңберінде ХЭБ ұсынымдарын ескере отырып,


жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы эпизоотияға қарсы ветеринариялық іс-шараларды өткізу стратегиясын қайта қарауға бағытталған іс-шаралар көзделген. Бұл үшін барлық мүдделі мемлекеттік органдарды
тарта отырып, жануарлардың аса қауіпті ауруларын (аусыл, бруцеллез,
құтыру, эхинококкоз және басқалары) бақылау, алдын алу, жою
жөніндегі кешенді жоспарлар әзірленетін болады. Бұдан басқа, осы
іс-шараларды жоспарлау ел аумағын аймақтауды ескере отырып, эпизоотиялық қадағалау жүйесін енгізумен, енжар және белсенді бақылауды, математикалық модельдеу мен болжауды (бұдан әрі – ГАЖ-бағдарлама) қосумен
қатерлерді талдау, бағалау және басқару қағидаттарына негізделетін болады. Бұдан басқа, жануарлардың аса қауіпті ауруларына, соның ішінде бруцеллезге қарсы ерекше иммунитеттік алдын алуды пайдалану мүмкіндігі көзделетін болады. Аусылға қарсы вакцинациялау алдын алу шарасы ретінде іске асырылады және осы ауру таралған немесе көршілес қолайсыз елдерден әкелу қаупі болған жағдайда буферлік аймақты айқындау жолымен одан әрі таралуын алдын алуға бағытталатын болады. Сондай-ақ аумақ бойынша инфекция қоздырғышының айналымын айқындау үшін жалпы ел бойынша аусыл вирусының құрылымдық емес ақуызының болуына серологиялық мониторинг көзделген. Қажет болған жағдайда, вакцинациялаумен осы әкелуден бос аумақ мәртебесін алу үшін республиканың барлық өңірлерінде сезімтал жануарларды вакцинациялау жүргізілетін болады. Сондай-ақ осы стратегияның шеңберінде Орталық Азия өңірінде аусылды бақылау жөніндегі ХЭБ үйлестіру орталығы және елдің бенефициарларына арналған вакциналар банкі құрылады.

Зертханалық жүйеде ХЭБ ұсынатын зерттеу әдістеріне көше отырып, сынамаларды математикалық дұрыс іріктеу жүйесін енгізу және диагностикалық зерттеулерді жарақтандыруды және мамандарының біліктілігін ескере отырып аудандық деңгейде жүргізу есебінен диагностикалық зерттеулер санын оңтайландыру жүргізіледі.

Бұдан басқа, алдын алу іс-шараларын жүргізу тиімділігінің негізіне отандық биоөнеркәсіпті кезең-кезеңімен дамыта отырып, халықаралық, соның ішінде GMP/GLP стандарттарына сәйкес келетін ветеринариялық диагностикалық және иммундық алдын алу препараттарын пайдалану
жүйесі қаланады, оған әлемнің алдыңғы қатарлы өндірушілері қатысатын болады.

Сондай-ақ, мамандандырылған инсинераторларды жергілікті деңгейде, әрбір аудан орталығында және ауылдық округте пайдалана отырып, биологиялық қалдықтарды, жануарлардың өлекселерін, ветеринариялық препараттарды және диагностикумдарды жоюдың халықаралық практикасы енгізіледі.

Ветеринариялық-санитариялық алдын алу, диагностикалық және жою шараларын сәтті жүргізу үшін ветеринариялық ұйымдарды (мемлекеттік ветеринариялық зертханалар, эпизоотияға қарсы отряд, ветеринариялық станциялар және пункттер) материалдық-техникалық жарақтауды жүргізу қосымша жоспарлануда.

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жүйесін жолға қою, жануарлардан алынатын өнімнің мониторингін және тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін оның жоқ болуына жануар иесінің жауапкершілігін арттыра отырып, мал иесіне рәсімді мемлекеттік қаражат есебінен ақысыз негізде жүргізу көзделеді. Бұдан басқа, бірдейлендіруге арналған бұйымдарды, құралдар мен атрибуттарды ICAR тіркелген АШТӨ-ден орталықтандырылған сатып алу жөніндегі функцияларды бекітіп беру жолымен процессингтік орталықтың рөлі күшейтіледі. Ақпараттық жүйелерді енгізумен ветеринариядағы процестерді тиімді басқару, өнімді «фермадан үстелге дейін» қағидатының негізінде өмірлік циклінің жалпы тізбегі бойынша бақылау және байқау мүмкін болады.

ҚР Мемлекеттік шекарасында инспекциялық бақылауды күшейту
үшін мамандандырылған өткізу пункттерін (жануарларға арналған өткізу пункттері, жануарлардан алынған өнім мен шикізатқа арналған пункттер) айқындау және оларды материалдық-техникалық жарақтау талап етіледі.
Тамақ өнімдерін өндіру объектілерінде, мал шаруашылығы объектілерінде ветеринариялық-санитариялық бақылауды қатерлерді айқындау тәсілдері мен әдістерін ескере отырып жүргізу талап етіледі. Тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қалдық заттардың болуына тамақ өнімдерінің мониторингі жүргізілетін болады, бұл түпкі тұтынушы үшін мал шаруашылығы өнімінің қауіпсіздігін арттырады.

Ветеринариялық ғылымдағы проблемаларды шешу үшін ХЭБ, ФАО және жалпы әлем бойынша жетекші ғылыми-зерттеу ветеринариялық орталықтарымен ынтымақтастық жөнге келтіріледі және ветеринариялық ғылыми ұйымдарды заманауи жабдықпен материалдық-техникалық жарақтандыру жүргізіледі.

Бұдан басқа, осы бағдарлама шеңберінде ұлттық тізілімді құру, біліктікті жоғарылату курстарын, соның ішінде шетелде ұйымдастыру мүмкіндігімен ветеринариялық мамандарды даярлауға, халықаралық тәжірибені ескере отырып, оқыту бағдарламаларын қайта қарауға және тренингтер мен экстенши-курстар үшін халықаралық сарапшыларды тартуға ерекше назар аударылады. Ветеринариялық қызметтің тартымдылығын арттыру үшін жалақы деңгейін көбейту және ветеринариялық қызметкердің әлеуметтік мәртебесін көтеру бойынша жұмыс жүргізіледі.

Ұлттық нормативтік блокты халықаралық талаптармен үйлестіру үшін ветеринариялық заңнаманы ХЭБ және ФАО ұсынымдарын ескере отырып жетілдіруге ерекше назар аударылады, онда өткізілетін жануарлардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың қауіпсіздігі үшін кәсіпкерлік субъектісінің жауапкершілігін арттыру көзделеді. Осы жұмыс шеңберінде «фермадан үстелге дейін» қағидаты бойынша ветеринариялық-санитариялық бақылау белгіленеді.

Сондай-ақ мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауға жататын объектілердің орнын ауыстыру, зооантропозоондық аурулардың пайда болуы туралы және шектес мемлекеттердегі эпизоотиялық ахуалдың нашарлауы туралы уақытылы ақпараттандыруды қоса алғанда, мүдделі мемлекеттік органдармен, халықаралық ұйымдармен және қоғамдық бірлестіктермен үйлестіру күшейтіледі.

1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет