2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты


Агроөнеркәсіптік кешеннің күшті және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіптерін талдау



бет7/14
Дата22.02.2016
өлшемі1.28 Mb.
#1816
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14

Агроөнеркәсіптік кешеннің күшті және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіптерін талдау


ҚР-да АӨК-ні дамытудың күшті жақтары қазіргі уақытта
даму бағдарламаларын мемлекеттік қолдау, агротехнологияларды қолданудың жинақталған мол тәжірибесі болып табылады. АӨК-ні дамытудың әлсіз жақтары сақтау қуаттылықтарының, логистикалық қуаттылықтардың
жеткілікті мөлшерінің болмауы, ғылыми-зерттеу тәжірибе-конструкторлық жұмыстарды (бұдан әрі – ҒЗТКЖ) енгізудің төмен деңгейі, ветеринариялық қауіпсіздіктің төмен деңгейі және дамудағы басқа теңгерімсіздіктер болып табылады.

АӨК-ні SWOT талдау



Күшті жақтары:

  • АӨК жалпы өнімінің тұрақты өсуі;

  • Қазақстан бидай мен бидай ұны өндірісінде әлемдік көшбасшы болып табылады;

  • Қазақстанның АӨК-сі едәуір мемлекеттік қолдау алады;

  • жер және су ресурстарымен қамтамасыз етілуі;

  • органикалық өнім өндірісі мен экспортының жоғары әлеуеті.

Әлсіз жақтары:

  • малдардың төмен өнімділігі;

  • өсімдік шаруашылығының негізгі дақылдарының төмен шығымдылығы;

  • төмен еңбек өнімділігі;

  • кәсіпкерлік субъектілері рентабелділігінің төмен деңгейі;

  • ҒЗТКЖ төмен енгізілуі;

  • заманауи агротехнологиялық білімді таратудың төмен дәрежесі;

  • қаржыландыру және сақтандыру жүйесінің төмен тиімділігі.

Мүмкіндіктері:

  • бірқатар АӨК салаларында импорт алмастыруды дамыту және экспорттық әлеуетті іске асыру;

  • саланы тиімді мемлекеттік қолдауды қалыптастыру;

  • тауарлық балық аулауды, ІҚМ етінің экспортын, жайылымдық мал шаруашылығын, алма, майлы дақылдар және басқа өнім түрлері өндірісін дамыту.




Қауіптері мен тәуекелдері:

  • сала өніміне әлемдік бағаның ішкі
    және сыртқы коньюнктурасының нашарлауымен шартталған макроэкономикалық тәуекелдер;

  • ДСҰ-ға кіруге байланысты бірқатар өнім түрлері бойынша халықаралық нарықтардағы бәсекелестіктің өсуі;

  • табиғи-климаттық жағдайлардың қысқа мерзімді де, ұзақ мерзімді де қолайсыз өзгерулері (климаттың жаһандық жылынуы және осымен байланысты шөлді және шөлейтті жерлердің артуы, су ресурстары тапшылығының артуы, ауа-райы жағдайларының тұрақсыздығы және басқалар);

  • өнімді нысаналы өткізу нарықтарына дейін тасымалдау нарығының сыни тозуы және осымен байланысты жеткізу құнының қымбаттауы;

  • жануарлар мен өсімдіктер ауруларының таралуы және табиғи ортаның ластануы, өсімдіктердің, жануарлардың, балықтардың, жәндіктердің зиянкес түрлерінің таралуы, бұл жер, су және басқа ресурстар қолжетімділігінің төмендеуін және жалпы сала өнімділігінің төмендеуін тудырады,
    ҚР АӨК экспорттық әлеуетін төмендетуі мүмкін;

  • пайдаға қысқа мерзімді бағдарлану, қаржыландыру тапшылығы, ресурстарды пайдаланудың ғылыми ұсынылған нормативтерін сақтамау нәтижесінде жер, су, биологиялық ресурстар әлеуетінің, жануарлардың, өсімдіктер мен балықтардың генетикалық әлеуетінің төмендеуі;

  • саланы тиімсіз мемлекеттік реттеу тәуекелі, бұл АШТӨ транзакциялық шығындардың өсуін, саланы дамытуды қолдауға бөлінген мемлекеттік қаражаттың тиімсіз пайдаланылуын, нарық сигналдарын бұрмалауды және өнімді өндіру мен тұтыну құрылымындағы қайшылықтарды тудыруы мүмкін.

Дерек көзі: Салаларды талдау
  1. Негізгі тұжырымдар


ҚР АӨК-сін дамыту мақсатын белгілеу кезінде мынадай сыртқы ортада қалыптасқан шешуші үрдістерді және ҚР АӨК-індегі ағымдағы жағдайды ескеру қажет:

  1. экстенсивті дамыту мүмкіндіктерінің аяқталуы орын алды;

  2. өнімділікті арттыру және технологияларды жаңғырту қажет;

  3. 1990-шы жылдардағы реформаларға дейінгі кезеңнің сандық, алайда бірқатар кіші салалар бойынша сапалы өзге нарықтық негіздегі көрсеткіштерге шыға отырып, дамудың қалпына келтіру кезеңі аяқталуда;

  4. алдағы ДСҰ-ға кіру және КО шеңберіндегі қызмет жағдайларында, халықаралық сауданы, көлік және коммуникация құралдарын белсенді дамыту, өнім стандарттарын көтеру, тұтынушылар қалауларының өзгеруі және мемлекеттік қолдау деңгейін төмендету кезінде бәсекеге қабілеттілігіне және онымен тікелей байланысты еңбек өнімділігі, АШТӨ-нің экономикалық тиімділігі, өнім сапасы мен оның маркетингі мәселелеріне қойылатын талаптар бірінші кезекке қойылады;

  5. өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығындағы субсидиялауды қоса алғанда, саланы қаржылық сауықтыру, АШТӨ үшін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыру, сондай-ақ АӨК субъектілерін ветеринариялық, фитосанитариялық қауіпсіздік және сумен қамтамасыз ету саласында мемлекеттік қамтамасыз етуді дамыту, жер қатынастары, техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеу мен мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесінің тиімділігін көтеру мақсатында АӨК салаларын мемлекеттік қолдау жөніндегі бірқатар жүйелі шаралар талап етіледі.

Бағдарламаның мақсаттарын іске асыру үшін ҚР АШМ және ведомстволық бағынысты ұйымдардың күш-жігерін мынадай бағыттарға бағыттау қажет.

Өсімдік шаруашылығы саласындағы стратегия, бірінші кезекте, дақылдарды өңдеудің ғылыми негізделген ылғал-ресурс үнемдеуші технологияларына көшу, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді


ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы айналымына жаңа және қазір пайдаланылмайтын жерлерді тарту жолымен өндірісті әртараптандыруды, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемін арттыруды көздейді, осыған байланысты салық салу жүйесін жетілдіру қажет.
Бұдан басқа, табыстарды баршаға ортақ декларациялау тұжырымдамасына сәйкестікті, ДСҰ талаптарын, салық салу көлемдерін табыстар көлемдеріне барабар қамтамасыз етуді, ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан салықтық есеп енгізуді, салықтық есепті оңайлатуды, жеке қосалқы шаруашылықтарды қоса алғанда салық салушылардың толық қамтылуын қамтамасыз етуді, көлеңкелі схемалар құру мүмкіндігін алып тастауды, жалдамалы жұмыскерлердің әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етуді, салықтық жүктеменің мәнді артуын болдырмауды ескере отырып, мүдделі мемлекеттік органдарға АӨК субъектілеріне оңтайлы салық салу режимдері жөніндегі ұсыныстар енгізу қажет.

Астық өндірісінің инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аудару қажет, өйткені дәнді дақылдар ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау құрылымында неғұрлым үлкен үлес алады. Элеваторлар мен астық тасығыштар жетіспеушілігі проблемасы астықты өңдеу мен сақтауға, сондай-ақ оны тасымалдауға арналған қуаттылықтарды құру және кеңейту есебінен шешілетін болады.

Мал шаруашылығы саласында ІҚМ етінің экспорттық әлеуетін арттыру және АШТӨ-ні етті мал шаруашылығын дамытуға ынталандыру бойынша жұмысты жалғастыру қажет. Асыл тұқым базасын дамыту және мал мен құстың генетикалық әлеуетін арттыру бойынша жұмыс, оның ішінде одан әрі репродукциялау үшін асыл тұқымды малдарды импорттау есебінен жалғастыру қажет. Дәстүрлі мал шаруашылығы салаларын дамыту үшін жайылымдық мал шаруашылығын, оның ішінде қой шаруашылығын дамытуды ынталандыратын іс-шаралар кешенін қабылдау керек. Сондай-ақ жемшөп өндірісін дамыту, азып-тозған жайылымдық жерлерді қалпына келтіру және суландыру жөніндегі шараларды қабылдау тиіс. Шағын және орта фермаларды және отбасылық үлгідегі шаруашылықтарды құру бойынша жұмысты күшейту қажет.

Балық шаруашылығын дамытудың басым бағыты ретінде балықты тауарлық өндіруді арттыру мақсатында акваөсіру өнімдерін отандық өндірушілерді мемлекеттік қолдау шараларын қабылдау керек.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласында отандық өнім сапасын арттыру, азық-түлік тауарларының түр-түрін кеңейту және сол арқылы КО бойынша негізгі сауда серіктестерімен бәсекелестікке тең жағдайлар жасау үшін өндірісті техникалық және технологиялық қайта жарақтау, халықаралық сапа стандарттарына көшу өзекті болып қалуда. Осы арада, мемлекеттік органдардың стратегиялық құжаттарын техникалық реттеу, сауда, бәсекелестікті қорғау, ақпарат, кеден және шекара қызметтері мәселелерінде түзетулерді жүргізу қажет. Отандық тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі өнімдерінің ішкі нарығын арттыру және сыртқы нарығын кеңейту мақсатында мүдделі уәкілетті органдармен ынтымақтастықта ішкі нарықты импорттық тауарлардың жасырын демпингінен қорғау; техникалық реттеу саласындағы заңнаманың сақталуына бақылауды күшейту; отандық тамақ өнімдерін басым сатып алу бөлігінде заңнама талаптарының орындалуын қамтамасыз ету; отандық өнімдерді сауда желілерінің сөрелеріне жеткізу тетігін жетілдіру; сауда-логистикалық инфрақұрылымды дамыту; отандық өнімді сыртқы нарықтарға шығару; аралас салаларды дамыту; ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу бойынша шаралар қабылдау қажет.

Халықаралық сертификаттау жүйесін енгізу арқылы органикалық өнімдер өндірісін ынталандыру үшін жағдай жасау керек.

Өнімді сақтау және тұтынушыларға дейін жеткізу логистикасын дамыту жолымен нарықты отандық өндірістің азық-түлік тауарларымен одан әрі молықтыру, АШТӨ-ні кооперациялау жолымен дайындау, қайта өңдеу және сақтау пункттерін құру бойынша шараларды іске асыру қажет. Осылайша, ҚР АШМ саясатын еңбек өнімділігі жоғары АӨК субъектілері үшін өнімді тауарлық өндіруді қолдауға бағыттау қажет, бұл отандық өндірісті қарқындатуға және көлемін көтеруге мүмкіндік береді.

Ветеринариялық және фитосанитариялық қауіпсіздік жүйесін дамытуға ерекше назар аудару қажет. Жоспарланып отырған ДСҰ-ға кіру


АШТӨ-ден халықаралық тамақ қауіпсіздігі стандарттарына сәйкес келетін сапалы және қауіпсіз өнімді жеткізуді талап етеді. Осыған байланысты, халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық шеңберінде заңнамалық базаны жетілдіру мәселесін пысықтау қажет, жануарлардың ауруларына қарсы күрес стратегияларын қайта қарап, ауруларды бақылау, қадағалау және мониторингілеу үшін ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі бар зертханалардың тармақталған желісін құру керек. Мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың кенттер деңгейінде жұмыс істеуін қамтамасыз ету керек. Фитосанитария саласында аса қауіпті организмдермен күресудің заманауи қауіпсіз әдістерін енгізу жөніндегі бірқатар іс-шаралар жүргізу қажет.

Алдыңғы қатарлы технологияларды енгізуді ынталандыру және отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемдерін ұлғайту мақсатында қолданыстағы қолдау шараларымен қатар жеке дақылдарды тікелей субсидиялаудан жеңілдетілген қаржыландыру арқылы қолдауға біртіндеп көшуді (кредиттер және лизинг бойынша пайыздық ставканы субсидиялау, қаржы ұйымдары алдындағы АШТӨ қарыздарын кепілдендіру жүйесін және сақтандыру жүйесін енгізу), сондай-ақ жобаларды іске асыру кезінде инвестициялық субсидиялауды көздеу қажет. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының қаржылық тұрақсыздығын болдырмау және олардың қысқаруына жол бермеу мақсатында аталған кәсіпорындарды қаржылық сауықтыруды жүзеге асыру қажет.

АӨК-ні индустриялық-инновациялық дамытуды жоғары технологиялы инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы, сондай-ақ су ресурстарын ықпалдастырылған басқару қағидаттарын енгізу жолымен жүзеге асыру қажет.

Мемлекеттік қолдау тиімділігін арттыру мақсатында субсидиялау жүйесін жетілдіру қажет. ДСҰ-ға кіру, сондай-ақ КО мен БЭК-тағы мүшелік тұрғысында отандық АШТӨ-ге тең жағдайларды қамтамасыз ету үшін жоспарланып отырған кезеңде мемлекеттік қолдау деңгейін ықпалдастыру процестері шеңберінде тиісті келісілген көрсеткіштерге дейін жеткізу қажет.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет