2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты


ҚР жағдайларына бейімделуі мүмкін бар проблемаларды шешу бойынша оң шетелдік тәжірибені шолу



бет6/14
Дата22.02.2016
өлшемі1.28 Mb.
#1816
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

ҚР жағдайларына бейімделуі мүмкін бар проблемаларды шешу бойынша оң шетелдік тәжірибені шолу


Тамақ өнімдерін тұтынудың қарқынды өсуімен және бір уақытта су, жер, отын-энергетика ресурстары тапшылығының артуымен әлемдік халықтың өсуі орын алуда, бұл азық-түлік өнімдеріне бағаның өсуіне әкеледі. Жалпы
2020 жылға қарай әлем халқы 7,6 млрд. адам құрайды, яғни 2011 жылмен салыстырғанда 600 млн. адамға өседі. Тамақ өнімдерін тұтыну құрылымы өзгереді: етті, сүтті және сүт өнімдерін, балықты, көкөніс пен жемістерді тұтыну үлесі артады. Әлемде ауыл шаруашылығы алдында тұрған негізгі міндет өндірісті 2050 жылға қарай 70%-ға арттыру болып табылады. Осы мақсатқа қол жеткізу ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі өсуінің баяулай түсуімен және су ресурстарының шектеулі болуымен қиындайды. Ауыл шаруашылығы жерлерінің шөлейттену және тозу процесі жүруде. Біріккен Ұлттар Ұйымының (бұдан әрі – БҰҰ) Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасының деректері бойынша жыртылған жерлердің үштен бірі тозуға ұшырауда, бұл 100-ден астам елдегі 1 млрд. астам адамның өмір сүруіне кері әсерін тигізеді.

1998 жылы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (бұдан әрі – ЭЫДҰ) кіретін әлемнің дамыған елдері өкілдерінің министрлері кездесуінде аграрлық сектордағы мемлекеттік саясаттың бірлескен қағидаттары туралы келісімге қол жеткізілді, оларға сәйкес мемлекеттік саясаттың қолданылатын шаралары мынадай сипатқа ие болуы тиіс:



  1. ашықтылық: нақты айқындалған міндеттерге, шығындарға, пайдаларға және игілік алушыларға ие болуы;

  2. нәтижелілік: нақты айқындалған нәтижелер;

  3. оңтайлылық: шығыстар нақты айқындалған нәтижелерге қол жеткізу үшін барынша аз қажетті болуы тиіс;

  4. икемділік: ауыл шаруашылығында туындайтын жағдайлардың әр түрлілігін көрсету, міндеттер мен басымдықтардағы өзгерістерге ден қоюға дайын болу, сондай-ақ қойылған нәтижелерге қол жеткізу үшін қажетті уақыт ішінде қолданылатын болуы;

  5. тең мәнділік: қолдауды секторлар, фермерлер мен өңірлер арасында бөлу әсерлерін назарға алу.

ЭЫДҰ ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау саясаты азық-түлікке деген жылдам өсіп келе жатқан әлемдік сұранысты, бағалардың күрт ауытқуын және жаһандық нарықтардың өзгергіштігін ескеруі тиіс деп санайды. Сол ұйымның ЭЫДҰ елдерінің, сондай-ақ Бразилия, Қытай, Ресей, Украина және Оңтүстік Африканың статистикаларын талдау негізіндегі соңғы зерттеулерінің (2011ж.) нәтижелері бойынша жасаған ұсынымдарында аграрлық саясатты әзірлеу кезінде акцентті мемлекеттік дотациялардан өндіргіштікті арттыруға, ресурстарды ұтымды пайдалануға арналған инвестицияларға ауыстыру ұсынылады.

Әлемнің әр түрлі елдерінің ауыл шаруашылығын қолдау тәжірибесін қорыту көптеген елдердің субсидиялауды ауыл шаруашылығы өндірісін қолдаудың шешуші құралы ретінде пайдаланатынын көрсетті. Алайда алдыңғы қатарлы ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттаушы елдер (Австралия, Жаңа Зеландия, Аргентина, Бразилия және т.б.) өндірушілерді тікелей субсидиялауды қолдамайды.

Дамыған елдерде пайдаланылатын субсидиялау жүйелерінен аграрлық секторды мемлекеттік реттеудің мынадай негізгі нысандарын бөлуге болады: бағаны қолдау (АҚШ), гектар мен мал басына төлемдер арқылы табысты қолдау (ЕО елдері), тарихи табыс деңгейінің негізіндегі төлемдер арқылы табыстарды қолдау (Канада) және кредит берудің артықшылық режимдері (Бразилия). Әкімшілендіру тұрғысынан алғанда субсидиялаудың қарапайым түрі гектарға немесе мал басына төлеу болып табылады.

Экономиканың аграрлық секторын қолдау деңгейінің көрсеткіштері бойынша Қазақстан салыстырмалы көрсеткіштерде орташа деңгейде тұр. Ауыл шаруашылығын жалпы қолдау бұл жағдайда ауыл шаруашылығы құрылымдарына бюджеттен төлемдерді де, жанама қолдау шараларын да (мысалы, тарифтік қорғау) қамтиды.

Елдің ЖІӨ-нің үлесі ретінде а/ш жалпы қолдау,
2008 – 2010 жылдардағы орташа көрсеткіш, %

Дерек көзі: ЭЫДҰ PSE/CSE деректер базасы; Қазақстан бойынша деректер алдын ала, түпкілікті деректер OECD Review of Agricultural Policies in Kazakhstan, 2013. OECD, Paris (Қазақстанның ауыл шаруашылығы саясатын ЭЫДҰ шолуы, 2013 жыл., Париж) жарияланатын болады

Қазіргі уақытта ДСҰ шеңберінде ауыл шаруашылығын тікелей мемлекеттік қолдау шараларынан бас тарту бойынша үрдіс басым болуда. ДСҰ мен әлемдік аграрлық азық-түлік нарықтарында Керн тобының елдері (Австралия, Аргентина, Жаңа Зеландия, Канада және басқалары) неғұрлым көп мәнге ие болуда, оларда ауыл шаруашылығына тікелей субсидиялардың ең төмен деңгейі бар және саланы өндірістің бәсекеге қабілеттілігін және тиімділігін өсіру есебінен дамытуда. Ауыл шаруашылығын тікелей қолдауды пайдаланбайтын Керн тобы елдерінің тәжірибесі субсидиялардан бас тартқаннан кейінгі кезеңдегі өндіріс факторларының жиынтық өндіргіштігінің неғұрлым жоғары өсуін көрсетеді1.

Қазақстанға қатысты бұл әрбір ел өзінің ауыл шаруашылығын қолдау жүйесін әзірлейтінін растайды, бастысы сол қолдау өндірушілерді ынталандыруы, жер мен малдардың өнімділігін арттыруы, экспортты ынталандыруы тиіс.

Аграрлық саладағы алдыңғы қатарлы елдердің қазіргі даму үрдістерін талдау Қазақстанның АӨК одан әрі дамуы мемлекеттік қолдаудың тиімділігін арттыру және аграрлық бизнесті дамыту үшін тең қолайлы жағдайлар жасау есебінен ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағдарлануы тиіс екендігін көрсетті.

Бұдан басқа дамыған елдерде ауыл шаруашылығының жеке бағыты – органикалық өнімнің өндірісі қалыптасты. Әлемдегі органикалық өнім нарығының дамуы дәстүрлі ауыл шаруашылығы өнімдерімен салыстырғанда неғұрлым жоғары және тұрақты бағаларға қарамастан жеткілікті жоғары өсу қарқынын көрсетуде. Органикалық өндірістің отандық өнімдері әлемнің дамыған елдерінде мойындалған органикалық өндірісті сертификаттау жүйесін енгізгеннен кейін ғана шетелдік тауарларға қатысты бәсекеге қабілетті болуы мүмкін.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет