2013 жылғы 1 мамырдағы облыс бюджетінің атқарылуы туралы



Дата23.02.2016
өлшемі73.56 Kb.
#7862


2013 жылғы 1 мамырдағы облыс бюджетінің атқарылуы туралы

2013 жылдың 1 мамыр айында облыс бюджетіне 78354,9 млн.теңге болжаммен 79900,1 млн.теңге түсті, соның ішінде 53853,8 млн.теңге сомасы республикалық бюджеттен берілген субвенция мен нысаналы трансферттерді құрады.




Меншік кірістер 116,6%-ға орындалды. Жоспарды орындау Глубокое ауданынан басқа, барлық қалалар мен аудандар бойынша қамтамасыз етілді.

2013 жылғы 4 айға болжам барлық кіріс көздері бойынша орындалды.

Облыстық бюджетке 2013 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 6621,9 млн.теңге болжаммен 7900,8 млн.теңге меншік кірістері түсті немесе жоспардан тыс түсім 1278,9 млн. теңгені құрады.




Республикалық бюджеттен алынған нысаналы трансферттер мен субвенцияны ескере отырып, бюджеттерде бекітілген бағдарламалардың барлық деңгейлерінің іске асырылуына 75246,9 млн.теңге жұмсалды.

Облыстың мемлекеттік мекемелерін ағымдағы ұстауға 55545,0 млн.теңге, даму бюджеттік бағдарламаларына 19701,9 млн.теңге бағытталды.

Облыстың білімі беруіне 21438,6 млн.теңге бағытталды немесе 96,8% орындалды, оның ішінде:

- мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету және қолдау көрсетуге – 1922,5 млн.теңге;

- облыстың қалалары мен аудандарындағы жалпы білім беруге – 13725,3 млн.теңге, соның ішінде мектеп, гимназиялар, лицейлер, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру профильді мектептер, мектептер-балабақшаларға – 12739,9 млн.теңге, арнайы білім беру оқу бағдарламалары бойынша жалпы білім беруге – 514,6 млн.теңге, мамандандырылған білім ұйымдарына дарынды балаларға жалпы білім беруге – 470,8 млн.теңге;

- техникалық және кәсіптік білім беруге – 1868,0 млн.теңге.

Бұдан басқа, облыстық бюджеттен жетімдерді, ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды  әлеуметтiк қамсыздандыруға (балалар үйлері, баспаналар, отбасы үлгісіндегі  балалар ауылдары, патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) ұстау) ағымдағы кезеңде 375,5 млн.теңге бағытталды, ол 99,1%-ды құрады.

Денсаулық сақтау басқармасы бойынша 1 мамырдағы жағдай бойынша атқарылу 15415,9 млн.теңге немесе 92,6%-ды құрады. Ағымдағы жылдың 4 айында диабет, онкологиялық, гемофилиямен ауыратындарды, ЖИТС инфекциясын жұқтырған, гематология, сондай-ақ, халыққа иммунды алдын алу жүргiзу үшiн вакциналарды және басқа иммундық-биологиялық препараттарды орталықтандырылған сатып алуға 3063,2 млн.теңге қаражат бағытталды.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қайтаруға шығындарды ағымдағы қаржыландыруға 7767,7 млн.теңге бағытталды. Республикалық бюджеттен берілген трансферттер есебінен онкологиялық науқастарға стационарлық, стационарды алмастыратын және амбулаториялық-емханалық көмек көрсетуге 1227,7 млн.теңге жұмсалды, аудандық және ауылдық маңызы бар денсаулық сақтау субъектілерінің тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде халыққа медициналық көмек көрсетуге – 1529,6 млн.теңгені, норкологиялық диспансерлердегі және оңалту орталықтарындағы, хоспистағы сырқаттарды емдеуге шығыстар 215,2 млн.теңгені құрады. Басқы кезеңдерінде қауіп факторлары мен ауруларды анықтау үшін скринингтік зерттеулерге 43,1 млн.теңге бағытталды.

2013 жылы жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға жәрдемақылар төлеу жүзеге асырылуда: тұрғын үй көмегі – 64,5 млн.теңге, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегі – 77,7 млн.теңге, 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар – 134,8 млн.теңге қарастырылды.

Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша игеру 310,3 млн.теңге сомасында 88,9%-ды құрады.

2013 жылы білім объектілерін дамытуға республикалық және облыстық бюджеттер қаражаттары есебінен 5523,6 млн.теңге қарастырылды, соның есебінен Зырян ауданы Зырян қаласындағы, Өскемен, Риддер қалаларындағы, Катонқарағай ауданы Үлкен Нарын ауылындағы балабақшалар, Үржар және Ұлан аудандарының орта мектептерінің құрылысы жалғастырылатын болады. Есеп беру кезіне 1376560,2 млн.теңге игерілді.

Сондай-ақ, республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен Өскемен қаласындағы Қан орталығы мен Семей қаласының көп салалы қалалық ауруханасы және Семей қаласындағы облыстық онкологиялық диспансердің радиологиялық орталықтарының құрылысы жалғастырылатын болады, облыстың өңірлеріндегі жедел медициналық көмек стансасы мен жеті дәрігерлік амбулатория құрылысы бойынша жаңа объектілерге 8510,8 млн.теңге қарастырылды, есеп беру кезіне 2922,6 млн.теңге игерілді.

Облыстық бюджет қаражаты есебінен Семей қаласының көп салалы қалалық ауруханасы (қоса қаржыландыру), Семей қаласындағы облыстық онкологиялық диспансердің радиологиялық орталықтарының құрылысына, Өскемен қаласындағы облыстық қан орталығы, Өскемен қаласындағы облыстық онкологиялық диспансері жанындағы сәулелі терапия орталығының құрылысы, Семей қаласындағы 80 төсекті балалардың туберкулезге қарсы ауруханасы, ауысымда 20 қабылдау жасайтын Катонқарағай ауданы Аққайнар ауылындағы және Глубокое ауданы Черемшанка ауылындағы дәрігерлік амбулатория құрылысына, Өскемен қаласындағы балалар емханасы мен Глубокое ауданы Глубокое кентіндегі балалар емханасы құрылысына ЖСҚ әзірлеуге 1569,2 млн.теңге шығыстар ескерілді.

Есеп беру жылында әлеуметтік қамсыздандыру объектілерін дамытуға: Зырян ауданы Грехово кентіндегі Грехово кенішінің әкімшілік-тұрмыстық корпусының ғимаратын жаңартуға, Ұлан ауданы Бозанбай ауылындағы психологиялық-неврологиялық медициналық-әлеуметік мекемеге бұрынғы аурухананы жаңартуға (қоса қаржыландыру), Грехово кенішінің әкімшілік-тұрмыстық корпусының ғимаратын Зырян ауданы Грехово кентіндегі мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін оңалту орталығы ретінде жаңартуға, «Зимовье психологиялық-неврологиялық медициналық-әлеуметік мекеме» КММ кір жуу ғимаратын салуға ЖСҚ әзірлеуге 498,1 млн.теңге жоспарланды.

Облыстық бюджетте мәдениет және спорт объектілерін дамытуға: Өскемен қаласының қазақ драма театры және Өскемен қаласының Қазақстан көшесіндегі мәдени-демалу орталығы құрылыстарына, Семей қаласындағы Абай атындағы әмбебап ғимаратын қайта жаңартуға, Семей қаласындағы Абай атындағы әмбебап кітапханасы ғимаратын қайта жаңартуға, Ұлан ауданының Торғын, Сағыр ауылындағы 200 орынды ауылдық клубтар құрылысына, Күршім ауданы Күршім ауылындағы 300 орынды мәдениет үйі құрылысына, Катонқарағай ауданы Үлкен Нарын ауылындағы шығармашылық үйі, Абай ауданы Саржал ауылындағы ауылдық клубы ретінде сауда үйін жаңартуға, Көкпекті ауданы Самар ауылындағы спорт модулінің құрылысына 2647,7 млн.теңге қаражат қарастырылды. Есеп беру кезіне 660,8 млн.теңге жоспарланды, оның 98,2%-ы игерілді.

Ішкі істер органдарының базаларын нығайту үшін 143,3 млн.теңге қарастырылды, оның есебінен УҰИ ретінде үй-жайы бар Затон полиция бөлімі және Семей қаласы маңындағы ауыл ІІБ полиция бөлімшесінің бұрынғы ғимараттарына жаңарту жүргізілетін болады.

Қаражаттың басым бағыты облыстың елді мекендерінің сумен жабдықтау жүйесін дамыту болып табылады. Ағымдағы жылы сумен жабдықтау жүйесін дамытуға 7486,4 млн.теңге республикалық бюджеттен трансферттер жоспарланды, олардың есебінен Өскемен, Курчатов және Риддер қалаларында, Абай, Аягөз, Бесқарағай, Күршім, Үржар, Ұлан және Тарбағатай аудандарында сумен жабдықтау жүйелеріне қайта жаңарту жұмыстары жүргізілетін болады, игеру 2029,8 млн.теңге немесе 96,4%-ды құрады. Бұдан басқа, облыстық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен сумен жабдықтау жүйесінің объектілерін дамытуды қоса қаржыландыруға жоғарыда аталған аудандарда 1526,1 млн.теңге қарастырылды, 9305 млн.теңгесі немесе 99,2%-ы игерілді.

Тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен трансферттер мен кредиттер есебінен 9090,0 млн.теңге жоспарланды, оны есебінен коммуналдық және ипотекалық тұрғын үй құрылысы, сондай-ақ инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы жоспарланды.

Ағымдағы жылы облыстық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорын салу және сатып алуға 2540,1 млн.теңге қарастырылды, 97,5 млн.теңгесі немесе 100%-ы игерілді.

Облыстың көлік инфрақұрылымын жақсарту мақсатында 2013 жылы республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен Өскемен қаласының Самар тас жолындағы темір жол арқылы өтетін автомобиль жолын, «Тансық стансасы-«Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» ескерткіші» автожолын салуға, «Голубой залив» демалыс орнына кіреберіс автожолын жаңалауға, «Шыңқожа-Мыңбұлақ-Акшауле» автожолын жаңартуға, Катонқарағай ауданы Бұхтарма өзені арқылы көпір құрылысы, Риддер қаласындағы айналма жол құрылысына 5712,1 млн.теңге қаражат қарастырылды.

Семей қаласында қазіргі жылумен жабдықтау жүйесін қайта құру және жаңғырту бойынша жұмысты жалғастыруға республикалық бюджеттен 6950,0 млн.теңге сомасында транфсерттер бөлу қарастырылды, қаражат толық игерілді.

Республикалық бюджеттен Жарма ауданы Солнечный кентінің қазандығын салуға 435,1 млн.теңге жұмсалды, есеп беру кезеңіне жоспарланған қаражат толығымен игерілді.

Республикалық бюджеттен және облыстық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен агроөнеркәсіптік кешенді қолдау мақсатында 11096,9 млн.теңге жоспарланды.

Риддер, Зырян, Курчатов, Серебрянск сияқты моноқалаларды абаттандыру мәселелерін шешу үшін 715,9 млн.теңге қарастырылды, есеп беру кезеңіне жоспарланған қаражат толығымен игерілді.

2013 жылғы 1 мамырдағы облыс бюджетінің

шығыстар бойынша атқарылуы (млн.теңге)
2013 жылға нысаналы ағымдағы трансферттер мен дамытуға арналған трансферттер қарастырылған, облыстық мәслихат сессиясының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 8/99-V шешімімен облыстық бюджетте 83 681,6 млн.теңге бекітілген, оның ішінде 43 574,0 млн.теңге нысаналы ағымдағы трансферттер, 40 107,6 млн.теңге дамытуға арналған трансферттер, сонымен қатар 9 239,3 млн.теңге кредиттер.

Облыстық мәслихат сессиясының 2013 жылғы 12 ақпандағы шешімімен облыстық бюджет нақтыланды, сонымен қатар нысаналы трансферттер көлемі – 83 688,9 млн.теңгені құрады, оның ішінде нысаналы ағымдағы трансферттер – 43 581,3 млн.теңге, дамытуға арналған трансферттер – 40 107,6 млн.теңге сонымен қатар 9 239,3 млн.теңге кредиттер.

2013 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша республикалық бюджеттен облыс үшін 25904,4 млн.теңге сомасында нысаналы ағымдағы трансферттер қарастырылды, 24326,6 млн.теңге жоғары бюджеттен нақты келіп түсті, оның ішінде есеп беру кезеңінде 23105,7 млн.теңгесі немесе республикалық бюджеттен бөінгеннің 95,0%-ы игерілді.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға 992,0 млн.теңге, кадрларды даярлау және қайта даярлау бойынша – 381,9 млн.теңге, мектеп мұғалімдер және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиелеушілерінің біліктілік санаты үшін қосымша ақы мөлшерін ұлғайтуға – 276,4 млн.теңге, дәрілік құралдарды, вакциналарды және өзге дәрілік препараттар – 2322,9 млн.теңге, тегін медициналық көмекті қамтамасыз ету және кеңейтуге – 3682,5 млн.теңге, әлеуметтік қызмет стандарттарын енгізуге – 79,4 млн.теңге, Жұмыспен қамту бағдарламасының іс-шараларын іске асыруға – 222,5 млн.теңге, әлеуметтік қамсыздандырудың жаңа енгізілген объектілерді ұстауға – 35,4 млн.теңге, Семей қаласының жылумен жабдықтау ұйымдарының қолданыстағы қуаттарын жаңғыртуға – 2735,0 млн.теңге, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде инженерлік инфрақұрылымдарын дамытуға – 1324,9 млн.теңге, сумен жабдықтау жүйесін дамытуға – 1609,7 млн.теңге, эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізуге – 423,6 млн.теңге, автомобиль жолдарына күрделі жөндеуге – 445,3 млн.теңге, көлік инфрақұрылымын дамытуға – 238,4 млн.теңге жұмсалды.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет