2013 жылғы 26 ақпан №73-Ө-м астана қаласы Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (44-шығарылым) бекіту туралы



бет11/17
Дата09.06.2016
өлшемі2.01 Mb.
#124311
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17

6-бөлім. Жібек өндірісі

156. Қалдықтарды пісіруге арналған химиялық құрамдарды пісіруші

Параграф 1. Қалдықтарды пісіруге арналған

химиялық құрамдарды пісіруші, 3- разряд

714. Жұмыс сипаттамасы:

технологиялық тәртіп пен рецептке сәйкес жібек құртының қалдықтарын пісіру үшін химиялық құрамдарды пісіру және әзірлеу;

химиялық материалдарды дайындау, олардың сапасын тексеру, өлшеу және белгіленген тәртіппен қазандарға (күбі) және бактарға салу;

будың жіберілуін, қысымды және қалдықтардың пісірілу ұзақтығын реттеу;

ерітінділермен үздіксіз жабдықтауды қамту (ыдыстарға құю, құбыр арқылы жіберу);

шығындалған материалдар есебі;

қалдықтарды пісіру үшін химиялық құрамдардың дайындығын анықтау;

қызмет ететін жабдықтың дұрыстығын тексеру және күту.

715. Білуге тиіс:

қызмет ететін жабдықтың құрылымы, қолданылатын химиялық материалдардың түрлері мен қасиеттері;

қалдықтарды пісіру үшін химиялық құрамдардың әзірленуінің технологиялық тәртібі мен рецептурасы;

олардың сапасына қойылатын талаптар.


157. Ширатылған жібекті булаушы

Параграф 1. Ширатылған жібекті булаушы, 3- разряд

716. Жұмыс сипаттамасы:

ширатылған жібекті булау камераларында булау және тасымалдау;

булау камераларын іске қосу;

ширатылған жібекті булаудың технологиялық процесін бақылау;

буланған жібекті шығару және белгіленген орынға тасымалдау;

қызмет ететін жабдықтың тазарту.

717. Білуге тиіс:

булау камералары мен қолданылатын бақылау өлшеу аспаптарының құрылымы;

өңделетін жібектің түрлері;

булаудың технологиялық тәртібі;

буланған жібекке қойылатын талаптар;

қызмет ететін жабдықты тазарту әдістері мен жиілігі.


158. Матаны булаушы

Параграф 1. Матаны булаушы, 2- разряд

718. Жұмыс сипаттамасы:

жоғары білікті мата булаушының басшылығымен булау қазандарында матаны булау;

су және бу жүргізу жүйелерін тексеру;

булау камераларын жұмысқа дайындау;

матаны булау камерасына және булаудан соң белгіленген орынға тасымалдау;

булау қазанына матаны салу және шығару;

қызмет ететін жабдықтың шайып тазарту.

719. Білуге тиіс:

булау қазандарының құрылымы;

өңделетін маталардың түрлері;

булау аппараттарында маталарды булау ережелері;

маталарды тігу және сөгу әдістері.


Параграф 2. Матаны булаушы, 3- разряд

720. Жұмыс сипаттамасы:

технологиялық тәртіпке сәйкес маталарды булау қазандарында булау;

маталарды ілгекке немесе арбаның шығыршығына ілу;

матаны булау қазанына салу, қажетті температураға дейін қыздыру, бу жіберуді реттеу;

булаудың температуралық тәртібін және булау қазанында матаның болу уақытын бақылау;

булау қазанынан маталарды шығару;

қызмет ететін жабдықты майлау.

721. Білуге тиіс:

булау қазандары мен қолданылатын бақылау өлшеу аспаптарының құрылымы, өңделетін маталардың түрлері;

булаудың технологиялық тәртібі;

буландырылған матаға қойылатын талаптар;

қызмет ететін жабдықты тазарту және майлау әдістері мен жиілігі.
159. Жұмсартушы

Параграф 1. Жұмсартушы, 2- разряд

722. Жұмыс сипаттамасы:

технологиялық тәртіпке сәйкес түймелі немесе бұрама жұмсарту машиналарында жібек маталарды жұмсарту;

қызмет ететін машинаға маталарды салу;

бағыттаушы шығыршықтан маталардың өтуін бақылау;

матаны тарту және жұмсару деңгейін реттеу;

матаның өту санын сақтау;

бұрама және түймелі шығыршықтардың күйін бақылау;

қызмет ететін машинаға шығыршықпен матаны орналастыру;

шығыршықтан матаны шығару және тасымалдау;

қызмет ететін жабдықты тазалау.

723. Білуге тиіс:

қызмет ететін машиналардың құрылымы;

өңделетін маталардың түрлері;

жұмсартудың технологиялық тәртібі;

қызмет ететін машинаға матаны салу әдістері;

қызмет ететін машинаны күту ережелері.


160. Дөңгелек түтуші машина операторы

Параграф 1. Дөңгелек түтуші машина операторы, 4- разряд

724. Жұмыс сипаттамасы:

дөңгелек түтуші машиналарда жібек талшықтарды түту процесін жүргізу;

талшықтың түтілуін, үлесін, очесті алу;

дөңгелек түтуші машинаға шикізатты салуға дайындау;

дөңгелек түтуші машина қысқыштарына талшық үлестерін салу және қайта салу;

талшық үлестерін бөлу және түтуді түсіру, оларды ыдыстарға салу;

дөңгелек түтуші машинада жібек талшықтарды түтудің технологиялық процесінің барысын, жазу механизмі мен таяқшаларды тазарту жұмысын, түту барабанының уақытылы тазартылуын, қырқалардан талшық үлестерін алуды бақылау;

талщықты түтудің технологиялық процесін жүргізу кезінде табылған кемшіліктерді табу және жою;

қызмет ететін жабдықты жөндеуден соң қабылдап алуға қатысу;

дөңгелек түтуші машинадан қалдықтарды сыпырып шығару, машинаны тазарту.

725. Білуге тиіс:

дөңгелек түтуші машиналардың құрылымы мен пайдалану ережелері;

өңделетін шикізаттардың түрлері, талшықтардың үлесі мен түтілуіне қойылатын талаптар;

технологиялық аралықтар бойынша салынатын талшық үлестерінің саны, қалдықтардың түрлері және азайту әдістері,

жұмсартудың технологиялық тәртібі;

қызмет ететін машинаға матаны салу әдістері;

қызмет ететін жабдықтарды күту ережелері және тазалау жиілігі.
161. Жайып салу машинасының операторы

Параграф 1. Жайып салу машинасының операторы, 3-разряд

726. Жұмыс сипаттамасы:

жайып салу машиналарында белгілі ұзындықты және салмақты ленталарды өндіру процесін жүргізу.

шикізатты жұмысқа дайындау.

берілген үлестерге түтулерді бөліп өлшеу.

жайып салу машинасының қоректендіру тармағына түтулерді төсеу.

лентаның үзілуі және айналмалы барабаннан шығару.

қайта өткізу кезінде лентаның салмағын өлшеу.

арнайы жарықтандырылған шыныда лентаның сапасын бақылау, бөтен қоспалар мен өңделмеген бөлшектерді жою, ленталарды орамдарға орау, оларды ыдыстарға салу.

жайып салу машинасының жұмыс бөлшектерін оралған талшықтардан тазарту.

жайып салу машинасының гребенное аймақ, тартып алатын цилиндр, тері тармақтарының жұмысын бақылау.

жайып салу машиналарын жөндеуден соң қабылдап алуға қатысу.

727. Білуге тиіс:

жайып салу машиналарының құрылымы, өңделетін шикізаттардың түрлері;

түтілу және лента сапасына қойылатын талаптар, төсемнің салмағы, ұзындығы;

өңделетін түрлер бойынша технологиялық аралықтар саны, қалдықтардың нормасы және оларды азайту әдістері;

қызмет ететін жабдықтарды күту ережелері.

162. Тарау жабдығының операторы

Параграф 1. Тарау жабдығының операторы, 3- разряд

728. Жұмыс сипаттамасы:

бір тарау механизмді тарау машинасында жасанды теріден жасалған кенепті тарау процесін жүргізу;

қызмет ететін машинаны жұмысқа дайындау, оны толтыру, механизмдерді реттеуге қатысу, инелі ленталарды тарту;

теріні тарау тереңдігін бақылау;

кенептерді тігу, тігістерді сөгу, машинаны шаңнан тазарту, үрлеу, майлау, очестарды жинау;

инелі лентадан түсіп тұратын инелерді жою.

737. Білуге тиіс:

тарау машиналарының құрылымы мен пайдалану ережелері;

инелі ленталарды ауыстыру және тарту ережелері;

өңделетін тері түрлері;

оның сапасына қойылатын талаптар.

Параграф 2. Тарау жабдығының операторы, 4- разряд

729. Жұмыс сипаттамасы:

тарау машиналары мен тарау және қағу механизмдері бар аспаптарда жасанды теріден жасалған кенепті тарау процесін жүргізу, жұмысқа дайындау және толтыру;

инелі лентаны ағызу.

730. Білуге тиіс:

тарау машиналары мен аспаптарының;

қағу біліктерінің құрылымы мен пайдалану ережелері;

қызмет ететін жабдықтың тарау механизмдерін жөндеу әдістері.
163. Тазалау машинасының операторы

Параграф 1. Тазалау машинасының операторы, 3- разряд

731. Жұмыс сипаттамасы:

тазалау машинасында иірілген жіпті тазарту процесін жүргізу;

иірілген жіп пен бос катушкаларды жұмысқа әзірлеу;

жіптердің үзілуін жою, үйлескен катушкаларды толық, өңделгендерді бос катушкалармен ауыстыру;

қондирғының екпін ұстап туру;

өңделген катушкаларды ыдысқа салу;

келіп түсетін иірілген жіптің сапасын тексеру, жіптерді екң жаққа тарқату;

ұршық, жайып салушы, тазалау қорапшалары, тарту аспаптарының жұмысын бақылау;

иірілген жіпті тарту мен желдетпе жұмысын бақылау;

қалдықтарды түрлері бойынша талдау және тапсыру;

тазалау машиналарын жөндеуден соң қабылдап алуға қатысу

732. Білуге тиіс:

тазалау машиналарының құрылымы, өңделетін иірілген жіптің түрлері мен қасиеттері;

оның сапасына қойылатын талаптар, жіпті тарту мөлшері мен оны реттеу әдістері;

қалдықтардың түрлері мен нормасы;

оларды азайту әдістері;

қызмет ететін жабдықты күту ережелері.
164. Матаны суытушы

Параграф 1. Матаны суытушы, 1- разряд

733. Жұмыс сипаттамасы:

суыту қондырғысында матаны суыту.

суыту қондырғысының жұмысы мен матаның суу жылдамдығын бақылау.

арбаның ернеуіне мата тігістерін салу.

суытылған матаны тасымалдау және есеп жүргізу.

қызмет ететін жабдықты тазарту.

734. Білуге тиіс:

өңделетін маталардың түрлері;

матаның суу жылдамдығын реттеу әдістер;

қызмет ететін жабдықты тазарту әдістері.


165. Шикізатты дайындаушы

Параграф 1. Шикізатты дайындаушы, 1- разряд

735. Жұмыс сипаттамасы:

шикізатты қайнатуға әзірлеу;

байламдарды ашу және шикізатты белгіленген орынға тасымалдау;

бөтен қоспаларды шикізаттан алып тастау. сдира или одонков кенептерді түзету, кесу және өлшеу, белгіленген салмақтағы шикізаттың үлестерін арнайы қапшықтарға толтыру, қапшықтарды салу.

736. Білуге тиіс:

өңделетін шикізаттың түрлері мен оның сапасына қойылатын талаптар, арнайы қапшықтағы шикізаттың бір үлесінің салмағы мен белгіленген салмақтан рұқсат етілетін ауылқулардың шегі;

қолданылатын жабдықты толтыруға қажетті шикізаты бар қапшықтардың саны.
166. Шикізатты шаюшы-жуушы

Параграф 1. Шикізатты шаюшы-жуушы, 3- разряд

737. Жұмыс сипаттамасы:

жуу машиналары мен центрифугаларда шикізатты жуу процесін жүргізу, шикізатты бардан шығару, оны бөлшектеу және сығу;

шикізатты жуу машинасына тасымалдау;

жуу машинасының науасын суға толтыру, шикізатты машинаға салу;

технологиялық тәртіпке сәйкес шикізатты жуу;

шикізатты жуу машинасынан шығару және центрифугаға тасымалдау;

шикізатты центрифугаға салу;

центрифугада қосымша жуумен шикізатты сығу;

жуылған және сығылған шикізатты кептіруге тасымалдау;

қызмет ететін жабдықтарды күту.

738. Білуге тиіс:

қызмет ететін жабдықтың құрылымы, жууға шикізатты салу нормасы;

шаятын судың қаттылығы мен температурасы, шикізатты шаюдың уақыты мен қысқалығы;

шикізатты жуу сапасына қойылатын талаптар, қызмет ететін жабдықтарды күту ережелері.


167. Шикізат өңдеуші

Параграф 1. Шикізат өңдеуші, 2- разряд

739. Жұмыс сипаттамасы:

иіс тазартушы машиналардың күйдіру ұршықтарында шикізатты өңдеу және қопсыту;

шикізатты жұмыс орнына тасымалдау;

эмульсияны жасау;

төсед үшін қоспа жасау және бір уақытта оны майлау;

сіңдіру торына смеска қалдығын төсеу;

иіс тазартушы машиналардан қалдықтарды тазалау;

лабазға талшықты қысымды механикалық жолмен жіберілуін бақылау;

қызмет ететін жабдықтарды күту.

740. Білуге тиіс:

иіс тазартушы машинаның жеке механизмдерінің құрылымы мен өзара әрекеті;

қоспа қоспа компоненттері мен олардың қатынасы, шикізатты дайындау әдістері;

қызмет ететін жабдықтарды күту ережелері.
Параграф 2. Шикізат өңдеуші, 3- разряд

741. Жұмыс сипаттамасы:

иіс тазартушы машиналардың жібек құрты ұршықтарында шикізатты өңдеу және қопсыту, табиғи жібек қалдықтарынан белгіленген салмақ пен ұзындықтағы кенептерді алу;

кенептерді кесу және қайта өңдеу үшін оларды түсірімдік цилиндрге салу;

кенептерді түсіру, жинау және ыдысқа салу;

иіс тазартатын машинаның жұмыс органдарына оралып қалған талшықтарды шығару;

бірінші есептік ілеспе құжатты толтыру.

742. Білуге тиіс:

иіс тазартушы машинаның жеке механизмдерінің құрылымы мен өзара әрекеті;

қоспа компоненттері, үлес салмағы, қоспаның төсеу ұзындығы мен ені, қалдықтардың нормасы мен олардың жіктелуі;

шикізат сапасына қойылатын талаптар;

бірінші есептік ілеспе құжатты толтыру тәртібі.


168. Иірілген жіпті термоөңдеуші

Параграф 1. Иірілген жіпті термоөңдеуші, 2- разряд

743. Жұмыс сипаттамасы:

иірілген жіпті үтіктейтін машинада иірілген жіпті дымқыл және жылумен өңдеу;

тиімді ылғалдықты қамту және иірілген жіп орамдарын тарту;

иірілеген жіп орамдарының ұзындығына байланысты шығыршықтар арасындағы қашықтықты реттеу;

жібекті иірілген жіпті үтіктеу және жазу сапасын қадағалау;

жібекті иірілген жіпті жазу, орау, сөрелерге салу;

қызмет ететін жабдықты күту.

744. Білуге тиіс:

иірілген жіпті үтіктейтін машинаның құрылымы мен жұмыс принциптері;

өңделетін иірілген жіптің түрлері мен қызметі;

оның сызықтық тығыздығы, иірілген жіпті өңдеу тәсілдері мен оны үтіктеудегі ақауларын жою.
169. Шикізатты ылғалдаушы

Параграф 1. Шикізатты ылғалдаушы, 2- разряд

745. Жұмыс сипаттамасы:

ылғалдау аппараттарында шикізатты ылғалдау процесін жүргізу;

шикізатты жұмыс орнына тасымалдау және ылғалдау аппаратының арнайы арбасына бірқалыпты орналастыру;

ылғалдау аппаратын герметизациялау, бу, су жіберу, желдеткішті іске қосу;

технологиялық тәртіпке сәйкес ылғалдау процесін бақылау;

ылғалдау аппаратында температура мен ауа ылғалдылығын реттеу;

ылғалдау аппаратынан шикізатты шығару, оны ыдыстарға орау, өлшеу және белгіленген орынға тасымалдау;

шикізаттың ылғалданғанға дейінгі және ылғалданғаннан кейінгі салмағын көрсететін жарлықты салу;

белгілі уақыт ішінде шикізаттың тұруын бақылау.

746. Білуге тиіс:

ылғалдау аппаратының құрылымы мен жұмыс принципі, шикізаттың түрлері;

ылғалдаудың технологиялық тәртібі;

ылғалдау аппаратына салынатын шикізаттың салмағы;

шикізаттың тұруының технологиялық тәртібі.


170. Штапельдеуші

Параграф 1. Штапельдеуші, 1- разряд

747. Жұмыс сипаттамасы:

таяқшаларды талшықтардан тазарту, дөңгелек түту машинасында таяқшаларды жинау, оларды штапельдеуші машинаға тасымалдау;

қызмет ететін машиналарды қажетті таяқшалардың мөлшерімен қамту;

инелі барабанды оралып қалған талшықтардан тазарту әдістері.

748 Білуге тиіс:

ылғалдау аппаратының құрылымы мен жұмыс істеу принципі, шикізаттың түрлері;

ылғалдаудың технологиялық тәртібі;

ылғалдау аппаратына салынатын шикізаттың салмағы;

шикізаттың тұруының технологиялық тәртібі.
Параграф 2. Штапельдеуші, 2- разряд

749. Жұмыс сипаттамасы:

жоғары дәрежелі штапельдеушінің басқаруымен штапельдеу машиналарында түтудің белгілі ұзындығы мен салмақтағы талшық үлестерін өңдеу;

түту үлестерін өлшеу және штапельдеу машинасының ылғалдау торына төсеу;

түтілгендерді жеке үлестерге кесу, оларды таяқшаларға орау, шығару және ыдысқа салу;

бағыттаушы білікшелерден және ылғалдау цилиндрінен оралып қалған талшықтарды шығару;

қызмет ететін жабдықты күту.

750. Білуге тиіс:

штапельдеу машиналарының қызметі, құрылымы мен жұмыс істеу принципі;

түтілген төсемінің салмағы, ұзындығы мен ені, қызмет ететін жабдықты күту ережелері.


Параграф 3. Штапельдеуші, 3- разряд

751. Жұмыс сипаттамасы:

штапельдеу машиналарында түтудің белгілі ұзындығы мен салмақтағы талшық үлестерін өңдеу;

шикізатты өлшеу және оны ылғалдайтын торға төсеу;

ұзын талшықтарды пышақпен жеке үлестерге бөліп кесу;

таяқшаларға талшық үлестерін орау;

шығару және ыдысқа (тара) салу.

752. Білуге тиіс:

штапельдеу машиналарының құрылымы мен пайдалану ережелері;

өңделетін шикізаттың түрлері.


7-бөлім. Ұлттық маталар өндірісі

171. Авербандшы

Параграф 1. Авербандшы, 2- разряд

753. Жұмыс сипаттамасы:

жоғары дәрежелі авербандшының басқаруымен белгілі либит негіздерінің бөлігін авербандты орамдармен жабу және бояудан соң босату;

негіз бен авербандты орамдарды әзірлеу.

754. Білуге тиіс:

өңделетін негіз түрлері;

авербандты орамдарды жібіту ережелері.
Параграф 2. Авербандшы, 3- разряд

755. Жұмыс сипаттамасы:

табиғи немесе жасанды жібектен ұлттық оюдың екі түсті суреттерін негізге көшіруге қатысу;

негіздерді байлауға дайындау;

байлауға арналған берілген сурет бойынша либиттерді іріктеу;

жоғары дәрежелі авербандшының басқаруымен негізде берілген суретті алу үшін негіздерді әрбір бояудан соң белгілі негіз бөліктерін авербандты орамдармен бірізді жабу;

авербандты орамдарды босату;

кейінгі өңдеулерге сурет бойынша негіздерді іріктеу және нөмірлеу;

авробайлау машиналарында либит негіздерін толтыру.

756. Білуге тиіс:

негіз түрлері, ұлттық мата суреттері, байлау кезінде негіз жіптерін тарту және берілген суреттің пішінін салу ережелері;

бояуға жарамсыз негіз либиттерінің орындарын жабу тәртібі мен оларды келесі бояуға босату;

негіз жіптерін бояудың ақауларын алдын алу және жою ережелері;

автобайлау машиналарының құрылымы мен жұмыс принципі.


Параграф 3. Авербандшы, 4- разряд

757. Жұмыс сипаттамасы:

негіздерді авровый бояу үшін табиғи немесе жасанды жібектен ұлттық оюдың көп түсті (екі түстен көп) суреттерін негізге көшіру;

негіздерді дайындау, сурет бойынша либиттерді іріктеу;

негізде берілген суретті алу үшін негіздерді әрбір бояудан соң сәйкес түс алынғанға дейін белгілі негіз бөліктерін авербандты орамдармен бірізді жабу және бояудан кейін оларды босату;

авробайлау машиналарында либит негіздерін толтыру.

758. Білуге тиіс:

негіз түрлері, ұлттық мата суреттері;

авербандты жабу кезінде шикізатты пайдалану ережелері;

авербандты байламдармен негіз либиттерін жабу тәртібі және бояудан соң оларды босату;

негіз жіптерін тарту және берілген суреттің пішінін салу ережелері;

негіз либиттерін бояудың ақауларын алдын алу және жою ережелері;

автобайлау машиналарының құрылымы мен жұмыс принципі.
Параграф 4. Авербандшы, 5- разряд

759. Жұмыс сипаттамасы:

табиғи немесе жасанды жібекті негізге өз композициясындағы ұлттық оюдың күрделі суреттерінің пішіндерін салу және авровтық бояу үшін негізге көшіру;

негізге сурет пішінін салу;

негізде берілген суретті алу үшін негіздерді әрбір бояудан соң сәйкес түс алынғанға дейін белгілі негіз бөліктерін авербандты орамдармен бірізді жабу;

авробайлау машиналарында либит негіздерін толтыру.

760. Білуге тиіс:

ұлттық маталардың суреттерінің композициялары, сурет раппорты, негізге сурет пішінін салу тәртібі;

бояуға жарамсыз негіз орындарын байлау тәртібі;

оларды келесі бояуға босату, негіз либиттерін бояудың ақауларын алдын алу және жою ережелері;

автобайлау машиналарының құрылымы мен жұмыс принципі.
172. Бағаларды теруші

Параграф 1. Бағаларды теруші, 3- разряд

761. Жұмыс сипаттамасы:

негіз либиттерінің жіптерін бөлу және параллезациялау үшін аралық бердоға суреттерді іріктеу және жіптерді жіберумен бағаларды қолдан теру;

либиттегі жіптерді қайта есептеу, либитті байламдарды босату және ленталарды салу;

негізді жұмыс орнына тасымалдау.

762. Білуге тиіс:

авровый маталардың суреттерінің раппорты, негіз либиттерінде жіптердің орналасуы;

негіз қызметі, аралық бердоға негіз жіптерін жіберу ережелері.

173. Негіздерді ораушы

Параграф 1. Негіздерді ораушы, 3- разряд

763. Жұмыс сипаттамасы:

табиғи немесе жасанды жібектен жасалған авровый негізді қол станогында суретті іріктеу және либиттерді параллезациялаумен аралық навойға орау;

негізді қададан барабанға өткізу;

берілген суретті іріктеп, станокқа негізді салу;

баға таяқшаларының уақытылы қозғалуы;

жіптердің үзілуін болдырмау;

орау процесі кезінде негіз жіптерінің қабаттарының арасына қағаздарды төсеу;

байламдарды босату;

негіздің оралу дұрыстығын бақылау және негіздің тартылуын реттеу;

негізді жұмыс орнына тасымалдау;

өңделген негізді шығару.

764. Білуге тиіс:

ұлттық маталардың раппорты мен суреттері, берілген сурет бойынша негіз либиттерін іріктеу тәртібі;

негіз сапасына қойылатын талаптар;

орау кезінде негізді тарту мөлшері.


174. Негіздерді қайта ораушы

Параграф 1. Негіздерді қайта ораушы, 3- разряд

765. Жұмыс сипаттамасы:

табиғи және жасанды жібектен жасалған негізді авровый суреттің раппортына сәйкес арқаущыбықты білікшеден станокқа жіптердің қиылысуынсыз либиттердің дұрыс орналасуын сақтаумен қайта орау;

негіз жіптерін либиттерге бөлу, либитті планканың көзшесіне либиттерді проборка;

әрбір негіз либитінің ценовые байламдары;

жіптердің үзілуін болдырмау;

орау процесі кезінде жіптердің тартылуын реттеу;

негізді сығу, станоктан бос навойды шығару.

766. Білуге тиіс:

мата түрлері бойынша негіздерді белгілеу;

либиттерді ценовой байлау және либитті планкаға либиттерді проборка;

негіз сапасына қойылатын талаптар.
Параграф 2. Негіздерді қайта ораушы, 4- разряд

767. Жұмыс сипаттамасы:

берілген суретті сақтай отырып, механикалық немесе қол перегонный станогында табиғи және жасанды жібектен жасалған боялған авровый негізді аралық навойдан тоқыма навойға орау;

қызмет ететін жабдықты толтыру, бағалы таяқшаларды салу, либиттерді жеке жіптерге бөлу;

орау процесі кезінде негіз жіптерін тартуды реттеу;

жіптердің үзілуін болдырмау, сәйкес түсті жетіспейтін жіптерді байлау, негіз жіптерінің қабаттарының арасына қағаздарды төсеу, либитті байламдарды босату;

станок механизмінің жұмысын бақылау;

негізді тасымалдау және тоқыма навойды шығару.

768. Білуге тиіс:

қол немесе механикалық перегон станогының құрылымы, мата түрлері бойынша негіздерді белгілеу;

ұлттық маталардың раппорты мен суреттері, негіз жіптерінің үзілуін болдырмау;

орау процесі кезінде негізді тартуды реттеу ережелері;

негіздегі либит саны;

негіз сапасына қойылатын талаптар;

либитте жіптерді бөлу тәртібі.
175. Авровтық негіздерді түзетуші

Параграф 1. Авровтық негіздерді түзетуші, 1- разряд

769. Жұмыс сипаттамасы:

авровый байламдарды, боялған либиттерді олдан босату, жоғары дәрежелі авровый негіздерді түзетушінің басшылығымен негізді босатуға дайындау;

жіптердің үзілуін алдын алу;

авербандты байламдарды қайта қолдану үшін жарамдылығын тексеру;

негізді дайындау және тасымалдау.

770. Білуге тиіс:

негіздің авровтық байламдарының түйіндерін босату әдістері;

авербандты байламдарды қолдан босату ережелері.


Параграф 2. Авровтық негіздерді түзетуші, 3- разряд

771. Жұмыс сипаттамасы:

жоғары дәрежелі авровтық негіздерді түзетушінің басшылығымен табиғи және жасанды жібектен жасалған авровтық негізді бүкіл ұзындығы бойынша суреттерді іріктей отырып, қолдан босату;

берілген сурет бойынша негіз либиттерін іріктеу және үлестіру;

әрбір либиттің түйіндерін босату;

либиттегі үзілген жіптерді байлау;

авербандты байламдарды қайта қолдану үшін жарамдылығын тексеру;

либиттерді берда көзшесіне пробор;

негізді раппорт ұзындығына сәйкес качели кигізу;

негіз либиттерін түзету және оларды білікшеге орау;

негізді білікшеге орау.

772. Білуге тиіс:

ұлттық маталардың композициясы мен раппорты, жібектің түрлері;

берілген сурет бойынша негіз либиттерін іріктеу және үлестіру әдістері;

либиттерің бердоға проборка тәсілдері;

негіздерді дайындау сапасына қойылатын талаптар, негізді тартуды реттеу тәсілдері.


Параграф 3. Авровтық негіздерді түзетуші, 4- разряд

773. Жұмыс сипаттамасы:

авровтық негіздерді бояудан соң түзету, оларды түзететін механикалық станокта аралық навойға орау;

берілген сурет бойынша либиттерді іріктеу;

барабандарды дайындау және либиттерді кигізу;

әрбір либиттің түйіндерін босату және барабандарға кигізу;

түзету станогына негізді салу;

жіптердің үзілуін болдырмау;

өздігінен тоқтап қалу себептерін жою;

станоктың түзету механизмінің жұмысы мен аралық навойға негізді орауды бақылау;

жіп қабаттарының арасына қағаздарды салу;

түзету станогынан негізді шығару және оны тапсыру.

774. Білуге тиіс:

ұлттық маталардың композициясы мен раппорты, жібектің түрлері;

берілген сурет бойынша либиттерді іріктеу әдістері;

негізді либиттерін тартуды реттеу тәсілдері;

негіздерді дайындау сапасына қойылатын талаптар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет