6-бөлім. Тәуекелдерді басқару
Ықтимал тәуекелдің атауы
|
Тәуекелдерді басқару бойынша шараларды қабылдамаған жағдайда ықтимал салдарлар
|
Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар
|
1
|
2
|
3
|
Сыртқы тәуекелдер
|
Бизнес тарапынан инновацияларға төмен сұраныс
|
ШОБ дамуы бүгiнгi төменгi деңгейде қалады, инновациялардың көпшiлiгi технологияларды алу арқылы жүзеге асырылады – нақты инновациялардың даму ықтималдығы үлкен емес
|
Инновациялық қызметті мемлекеттiк қолдаудың құралдары арқылы ШОБ-қа жәрдемдесу, ШОБ жандандыру мақсатында отандық кәсiпорындар үшiн инновациялық қызметте салық жеңiлдiктерді және преференциялар беру
|
Қазақстанның экономикасына инвестицияларды тарту бойынша шаралардың тиімсіздігі
|
инвестициялар/инвесторлардың болмауы.
инвестициялық имиджінің төмендеуі.
инвестициялық бәсекелестіктің төмендеуі.
|
Инвестициялық климаттың жақсаруы;
инвестициялық заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстарды жасау;
инвестициялық имиджін көтеру;
Отандық және тікелей шетел инвестицияларды тарту бойынша Кешен жоспарының с-шараларын іске асыру;
2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасына отандық және тікелей шетел инвестицияларды тарту бойынша Нақты жоспарын іске асыру;
Өңірлерге инвестицияларды тарту бойынша жұмысты жандандыру
|
Халықаралық бағыттарда өнімді өткізудің төмендеуі
|
Тау-кен металлургиялық кешеннің дамуы бойынша нысаналы индикаторлар мен тікелей нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізе алмау
|
Металлургиялық өнімдерді ішкі нарыққа өткізу, сауда миссияларын ұйымдастыру мен өткізу
|
Экономикалық және қаржы дағдарысы
|
Стратегиялық жоспардың мына нысаналы индикаторлары мен тікелей нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізе алмауы:
1. Машина жасау өндірісінің НКИ
2. ЖІӨ құрылымында машина жасау саласының үлесі
3. Металл емес минералды өнімдер өндірісінің үлесі
4. Жеңіл өнеркәсіп бойынша
|
Әлемдік қаржы дағдарысы басталған жағдайда мынадай баламалы іс-шаралар іске асырылады:
1) ішкі инвестициялардың өсуін қолдау;
2) БЭК елдеріне экспорттау үшін тиімді жағдайлар жасау
|
Ішкі нарығындағы импорттық өнімдерге отандық өнімнен ауыстыру (ДСҰ кіргеннен кейін )
|
Стратегиялық жоспардың мына нысаналы индикаторлары мен тікелей нәтижелерлер көрсеткіштеріне жете алмау:
1. Машина жасау өндірісінің НКИ
2. ЖІӨ құрылымында машина жасау саласының үлесі
|
Тарифтік емес кедергілерді жасау (техникалық реттеу)
|
Әлемдік қаржы дағдарысы салдарынан отандық экспортталатын өнімге бағаның түсуі
|
Химия өнеркәсібінің нысаналы индикаторларына қол жеткізе алмау
|
Химия өніміне баға түскен жағдайда ішкі нарықтың сұранысына жеңілдіктер беру арқылы ынталандыру жөніндегі шараларды қабылдау
|
Импорттық баждар
|
Химия өнеркәсібіндегі нысаналы индикаторларға қол жеткізе алмау
|
Отандық экспорттаушының субсидиялар беру бойынша мәселені пысықтау
|
Экспорттық бақылауға жататын өнімдердің заңсыз экспорты
|
Жаппай қырып-жою қаруын және оларды жеткізу құралдарын жасау мақсаттағы қосарлама мақсатты тауарларды тарату
|
Сәйкестендіру орталықтарын құру арқылы экспорттық бақылау жүйесін жетілдіру, ішкі фирмалық жүйелерді дамыту, делдал қызметін бақылау
|
Табиғаттық катаклизмдер және қиын тау-геологиялық жағдайлар
|
Қос белгі тауарларды таратуға жалпы жеңілу қаруларын және оны жеткізу құралдары мақсатында құру
|
идентификациялық орталықтар арқылы экпорттық бақылау жүйесін жетілдіру, ішкіфирма жүйелерін дамыту, арашашы саласының бақылауы
|
Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі бекіткен Жоспарға сәйкес Кеден одағының техникалық регламенттерін уақтылы бекітпеу
|
Кеден одағының техникалық регламенттерін қабылдау мен енгізу мерзімін шегеру
|
Тиісті есеп беру кезеңінде үйлестіруші мемлекеттік органды Кеден одағының Техникалық регламенттерін Әзірлеу жоспарын орындау туралы хабардар ету
|
Аккредиттеу жөніндегі халықаралық ұйымдар тарапынан теріс бағалау
|
Ұлттық аккредиттеу жөніндегі органды тиісті ұйым мен келісімдерінің мүшелері мен қол қойғандар қатарынан алып тастау
|
Ұлттық аккредиттеу жөніндегі органның халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету, сондай-ақ халықаралық және/немесе өңірлік ұйымдардың жұмыстарына қатысу
|
Өңірлердегі бәсекелес нарықтардың тартымдылығын жоғарылату
|
Туристік дестинация сияқты, елдің туристік имиджінің тартымдылығының төмендеу мүмкіндігіне байланысты, нысаналы индикаторларға қол жетпеушілік және тікелей нәтижелердің көрсеткіші, сондай-ақ туристік обьектілер құрылысының қарқынының төмендеуі
| -
Туристік нарықтың даму үрдістерін мониторинглеу және болжау
-
Елдің шетелдегі оң туристік имиджін ілгерілету жөніндегі имидждік қызметті жандандыру;
-
Саланы дамыту мәселесі бойынша елдің мүдделі мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл тереңдету
-
Халықаралық ұйымдармен, соның ішінде Бүкіләлемдік туристік ұйыммен (БТҰ) ынтымақтастықты күшейту
-
Қолайлы инвестициялық климатқа жағдайлар жасау
|
Геосаяси тәуекелдер
|
1. Транзиттік тасымалдауға бағдарланған, көршілес елдердің аумағында жаңа балама маршруттардың пайда болуы.
|
Бұл тәуекелдердің төмендеуіне Қазақстан Республикасының халықаралық көлік дәліздерін дамыту бойынша халықаралық және өңірлік ұйымдармен белсенді өзара іс-қимыл жасауы ықпал етеді.
|
2. Иран мен АҚШ арасындағы қарым-қатынастардың күрт нашарлауы және әскери қақтығыс басталған жағдайда, Иран аумағы арқылы өтетін «Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізін дамыту жобасының іске асырылуына қауіп төнуі мүмкін.
|
Бағалық тәуекелдер
|
1. Энергия жеткізгіштеріне бағалардың өсуі мемлекеттік және жеке көлік кәсіпорындары шығындарының өсуіне әкеледі.
|
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін дамыту.
Әуе тасымалдарының бәсекелес нарығын құру.
| -
Көлік саласын дамыту үшін сыни фактор кәсіпорындардың өнімдерімен бірге жүк ағындарының негізгі бөлігін қалыптастыратын энергия жеткізгіштеріне әлемдік бағалар болып қалуда.
-
Осы сегменттерде әлем коньюнктурасының нашарлауы тек жүк айналымдары көрсеткіштерінің төмендеуіне ғана әкеп соқпай, көлік кәсіпорындары табыстарының төмендеуіне, соның салдарынан инфрақұрылымдық жобаларға инвестициялар мүмкіндіктерінің төмендеуіне әкеледі.
|
1. Осы тәуекел түрінің төмендеуі мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерінің дамуына байланысты болады.
2. Батыс-Шығыс бағытында көлік инфрақұрылымын және жаңа транзиттік маршруттарды құру.
|
Технеогендік және экологиялық тәуекелдер
|
Көлік инфрақұрылымының және жылжымалы құрамның тозу шамасына қарай ықтималдығы арта түсетін ірі техногендік немесе экологиялық зілзала күрделі қосымша қаражатты талап етеді және көлік жүйесінің басқа обьектілерінен қаражатты аударуға әкеліп соғады.
|
Бұл тәуекелді төмендету үшін алдыңғы қатарлы техникалық және экологиялық регламенттерді, стандарттарды енгізу, көлік активтерін жаңғырту талап етіледі.
ТЖМ-мен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және авариялық жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарын әзірлеу.
|
Сыртқы электрмен жабдықтау объектілерінің жоқтығы
|
Теміржол көлігін электр күшіне ауыстыру мүмкіндігінің жоқтығы поездтардың күшін қамтамасыз ететін отын ресурсының сатып алудағы шығынның ұлғаюына; дизель отынымен жұмыс жасайтын ауыр жылжымалы құрамға жоғары пайдаланым шығындарына; конструктивті ерекшеліктерге байланысты пойыз салмағының ұлғаюын шектеуіне, тасымалдардың бағасын төмендетуге мүмкіншіліктің жоқтығына; парникті газды шығаруына әсер етеді.
|
Энергетика саласындағы уәкілетті органмен, сондай-ақ сыртқы энергиямен жабдықтау жүйелерінің иесімен өзара қарым-қатынас және энергиямен жабдықтау объектілерін құру жоспарын келісу
|
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдер
|
Автожолдардың құрылыс, жөндеу және күтіп ұстау процесінде бұзушылық фактілерін әдейі жасыру
|
1. Ұйымдардың жаппай есеп беруін енгізу: органдар қызметінің айқындығын құру үшін ведомстволық бағынысты ұйымдар;
2. Сыбайлас жемқорлықты бұзған үшін жауапкершілікті арттыру институтционалдық тетікті дамыту;
3. Салалық статистикалық ақпаратты енгізу.
|
Әлеуметтік тәуекелдер
|
ЖКО-ға, АТБ техникалық қызмет көрсетуге шығындардың артуына және тиісінше жеке кәсіпкерлікте және әлеуметті қауқарсыз тобында экономикалық шығындардың өсуіне алып келген, қанағатсыз көлік-пайдалану жағдайындағы автожолдардың ұзақтығы өсуіне байланысты теріс қабылдап өсуі.
|
Қоғамдық қабылдау диагностикасы жүйесін енгізу: жолдардың көлік-пайдалану жағдайы сапасы, жол-құрылыс жұмыстарының сапасы.
|
Автожол саласындағы технологиялық тәуекелдер
|
Қазақстанның жағдайында автожолдардың алдын ала физикалық тозымға жеткізген жаңа материалдар мен технологиялар енгізу саласында техникалық саясаты жеткілікті пысықталмаған
|
1. Қабылданған техникалық шешімдердің өмір циклін бақылау мүмкіндігімен автожол саласын басқару жүрісін автоматтандыру;
2. Автожол саласындағы инновацияларды басқару бойынша мамандарды даярлау, мемлекеттік бағдарламалардың шеңберінде, оның ішінде «Болашақ»:
3. Халықаралық тәжірибе негізінде «Облжолзертханасы» РММ техникалық жабдықталуын арттыру.
|
Теңіз көлігіндегі нарықтық тәуекел
|
Қазақстандық жүктерді тасымалдауға жағымды тарифтерді Каспий жанындағы мемлекеттердің ұсынуы
|
Теңіз тасымалдарының бәсекелестік нарығын құру
|
Әлемдiк қаржылық дағдарыспен байланысты халықаралық ғарыштық нарық конъюнктурасы мен құрылымының өзгеруi
|
Жасалған ғарыштық технологиялар, олардың негiзiндегi қызметтер, басқа өнiм сыртқы нарықта сұранысқа ие болмай қалады. Жобалардың өтiмдiлiк мерзiмдерi, басқа да жағымсыз факторлар артады.
|
Спутниктiк навигация, ЖҚТ қосымшалары, байланыс салаларындағы ғарыш қызметтерiн тұтынудың iшкi нарығын мына шаралар арқылы қалыптастыру:
1) тиісті салаларда ғарыш қызметтерінің нәтижелерін пайдалану бойынша мемлекеттiк органдардың, ұйымдар мен жеке меншік компаниялардың өзара іс-қимылын тереңдету және кеңейту;
2) мемлекеттiк органдардың, ұйымдар мен жеке меншік компаниялардың байланыс, ЖҚТ, спутниктiк навигация және т.б. ғарыш қызметтеріне қажеттіліктері бойынша деректер қорларын құру;
3) ЖҚЗ деректерін техникалық реттеу, Қазақстан Республикасының Ұлттық кеңістікті деректер инфрақұрылымын құру саласында нормативтік-техникалық базаны құру.
|
Шетелдік ғарыш байланыс операторларының баға демпингі
|
Ұлттық операторлардың шетелдік спутниктерге көшуі, елден қаражаттың, оның ішінде бюджеттік қаражаттың шығуы
|
байланыс саласындағы уәкілетті органмен ведомствоаралық ынтымақтастықты қамтамасыз ету;
шетелдік спутниктік операторлары баға демпингінің салдарынан туындайтын өзгерістерді ескере отырып, ұзақ мерзімді келісімшарттарға қол қою және тарифтік саясаттың оралымды болуы жолымен баға саясатын қалыптастыру.
|
Ресейдің «Восточный» жаңа ғарыш айлағына кетуі, РФ-да 2040 жылға дейiнгi ғарыш саласын дамытудың жаңа стратегиясын және ғарыштық бағдарламаларын қабылдау
|
«Байқоңыр» ғарыш айлағында ресейлiк жобалар мен бағдарламалардың тоқтауы, ғарыш айлағын жалға беру жағдайларының өзгеруi және т.б. себебінен «Байқоңыр» ғарыш айлағын сақтау және оның одан әрі жұмыс істеуінің проблемасы.
|
«Бәйтерек» жобасын Ангара ЗТ-нан жеңіл кластағы ЗТ-на тәртібінде ауысудын Ресей тарапымен келісуі және жобасын іске асырудың қамтамасыз етуі
|
Тараптардың бiрiнiң түрлi саяси және экономикалық себептер бойынша бiрлескен жобалардан бас тартуы
|
Басталған жобаларды аяқтау мүмкін болмайтын жағдайда келтірілетін зиян
|
1) келiсiмшарттарда және тиiстi келiсiмдерде мiндеттемелердi орындамаудан келтiрiлген шығынның өтелуiн көздеу;
2) басталған жобаларды одан әрі жалғастыру бойынша басқа баламалы әріптестерді іздеу;
3) басталған жобаларды өз күшімен одан әрі жалғастыру мүмкіндігін қарастыру.
|
Зымырандық технологияларға халықаралық бақылау режимінің (ЗТБР) шектеулерінің және санкцияларының әрекеті.
|
Зымырандық технологиялар бойынша конструкторлық, техникалық және басқа құжаттама алудың мүмкін еместігі.
ЗТБР мүше мемлекеттермен ынтымақтастықтың шектелуі.
|
1) ЗТБР мүше мемлекеттермен Қазақстанның аталған режимге кіру мәселесі бойынша белсенді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
2) ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта пайдалану бойынша Казақстан қызметінің насихаты;
3) ЗТБР мүше емес шет мемлекеттермен әріптестік қарым-қатынасты кеңейту.
|
Ғарыштық-зымыран қызметінен Қазақстан аумағында экологиялық апаттар мен төтенше жағдайлар қаупі
|
Адамдардың өмірі мен денсаулығына қаупі, Қазақстанның экологиялық қауіпсіздігіне төнген қатер.
|
1) жоғары уландырғыш зымыран жанармайының улы құрамдас бөліктерін (амил, гептил) пайдаланатын ЗТ кезең-кезеңмен қысқартуда және оларды таза экологиялық ЗТ-на ауыстыруда Ресей Федерациясымен өзара қарым-қатынастың күшеюі;
2) Ресей тарапымен бірлескен ЗТ ұшыру экологиялық сүйемелдеу оның ішінде ЗТ сатысының құлау аудандарында топырақ құнарлылығын қалпына келтіру және нысандарды кәдеге жарату бойынша шараларды жүргізу;
3) Қазақстан аумағында ғарыштық зымыран қызметінің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша заманауи ғылыми база құру;
4) ғарыш қызметінің экологиялық нормалау жүйесін нығайту және дамыту;
5) Қазақстаның қызығылушығы есебімен «Байқоңыр» ғарыш айлағынан Ресей тарапымен жүзеге асырылатын зымырандардың ұшырылым сынағы мен ҒА ұшырылым жоспарына келісуі
6) Үкіметаралық Келісімдер бойынша РФ міндеттерін орындауын қамтамасыз ету:
2005 жылғы 2 маусымдағы Ресей Федерациясының жалға алу шартымен «Байқоңыр» кешені аумағында экологияны және табиғатты пайдалану бойынша;
1999 жылғы 18 қарашадағы «Байқоңыр» ғарыш айлағынан зымыран ұшырылымы кезінде апаттар туындаған жағдайда өзара іс-қимыл жасау тәртібі бойынша.
|
Шетелдік валюта курсының өзгеруі
|
Ғарыш қызметі жобаларын іске асыруға бөлінген ақшалай қаражаттың жетіспеуі
|
1) Қаржылық құралдардың түрлі нысандарын қолдану (фьючерстер, форвардтар, опциондар және басқа);
2) шарт бойынша жұмысты төлеу үшін бос қаражаттың болуын қамтамасыз ету.
|
Ақпараттық жүйелер мен мемлекеттік деректер қорының тарихи деректермен толығымен толықтырылмауы, сондай-ақ оларды ақпараттық жүйелер мен мемлекеттік деректер қоры иелерінің/меншік иелерінің уақтылы өзектендірмеуі
|
Мемлекеттік функциялар мен көрсетілетін қызметтердің толық автоматтандырылмауы
|
- мемлекеттік функциялар мен көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
- ақпараттық жүйелерді уақтылы толықтыру және деректер қорын өзектендіру;
- функцияларды автоматтандыруға бағытталған ақпараттық жүйелерді интеграциялау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу;
- ақпараттық технологияларды қолдану тиімділігін бағалауды жүргізу
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру бойынша сапасыз жұмыс
|
Электрондық нысандағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді пайдаланудың төмен деңгейі
|
Мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсету бөлігінде бизнес-процестер мен нормативтік құқықтық құжаттарға сапалы талдау жүргізу
|
Кеден одағының шеңберінде Ақпарат алмасу жөніндегі мемлекетаралық шлюздің уақтылы құрылмауы
|
Кеден одағының шеңберінде ақпаратпен жедел алмасу мүмкіндігінің болмауы
|
Жоба бойынша ықтимал және болуы мүмкін тәуекелдер туралы ҚР ИДМ басшылығын уақтылы хабардар ету;
- жоба бойынша ықтимал тәуекелдер туралы ПМК-ге және ҰЭМ-ге хаттар жіберу;
- жобаны іске асыру бойынша ЕЭК хатшылығымен хат алмасу;
- жұмыстардың жоспар-кестесіне сәйкес жұмыстарды орындау.
|
Мемлекеттік телеарналар эфиріндегі бағдарламалардың төмен рейтингі
|
Мемлекеттік ақпараттық саясаттың тиімсіз іске асырылуы
|
Рейтингісі төмен бағдарламаларды жабу;
телекөрермендердің қызығушылығын айқындау бойынша әлеуметтік сауал жүргізу;
Жаңа рейтингтік бағдарламалар ашу;
Программингтің тиімділігін арттыру.
|
Ішкі тәуекелдер
|
Компаниялардың кадрлық әлеуеті
|
Инновациялық-белсенді компаниялардың үлесін төмендету
Халықаралық-танылған патенттер санының төмендеуі
|
Технологиялық менеджментке, технологияларды коммерцияландыруға оқыту
Халықаралық бағдарламалар аясында өзара іс-қимылды күшейту
|
Техникалық регламенттердің талаптарын сақтай отырып, мемлекеттік бақылау жүргізу бойынша функциялардың бір бөлігін беру не алып тастау
Тексерулер жүргізуге мораторий жариялау
|
Техникалық регламенттер талабын сақтай отырып тексерістер санын азайту
|
Техникалық реттеу және қамтамасыз ету саласындағы заңнама бұзушылықтардың бойынша түсіндіру жұмысын жүргізу
|
Жобалық офистің тұрақты есептілігінің жоспарлы нысандарының толық толтырылмауы
|
«Қазақстанды индустрияландыру картасының мониторингі» міндеті бойынша түпкілікті нәтижеге қол жеткізу үшін ақпараттың толық болмауы
|
Жобалық офисті толтыру мәселесі бойынша уәкілетті мемлекеттік органдармен және өңірлермен өзара іс-қимыл жасау
|
АЭА инфрақұрылымының аяқталмағандығы
|
Инвестициялық тартымдылықтың жеткіліксіздігі
|
Инфрақұрылым құрылысын аяқтауға қаражат бөлу мәселесі уәкілетті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау
|
АЭА қатысушыларының тауарлар мен көрсетілетін қызметтеріне (жұмыстарына) сұранысының төмендігі
|
АЭА аумағында тауарлар және көрсетілетін қызметтер (жұмыстар) өндірісі бойынша жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізе алмау
|
АЭА қатысушыларын тапсырыстармен қамтамасыз ету мәселесі бойынша әлеуетті тапсырыс берушілермен өзара іс-қимыл жасау
|
Ел ішінде дайын өнімге деген сұраныстың жоқтығы
|
Тау-кен металлургиясы кешенін дамыту бойынша тікелей көрсеткіштер мен нысаналы индикаторларға қол жеткізе алмау
|
Импорт алмастырушы өндіріс құру. Шығарылатын өнімнің қосылған құнын ұлғайту
|
Өндіріс көлеміне ықпал етуі мүмкін сала кәсіпорындардағы апатты жағдайлар
|
Тау-кен металлургиясы кешенін дамыту бойынша тікелей көрсеткіштер мен нысаналы индикаторларға қолжеткізе алмау
|
Өндірісті жаңғырту өндіріске біліктілігі жоғары кәсіби мамандар тарту.
|
Ұлттық компаниялардың сатып алу көлемін қысқаруы
|
Стратегиялық жоспардың мынадай нысаналы индикаторлар мен тікелей көрсеткіштеріне қол жеткізе алмау:
1. Машина жасау өнімдерінің өндірісінің НКИ
2. ЖІӨ құрылымындағы машина жасау саласының үлесі
|
Ұлттық компаниялардың сатып алуындағы қазақстандық қамтуды арттыру жөніндегі жұмысты күшейту
|
Қазақстан Республикасындағы құрылыс қарқынының баяулауы
|
Құрылыстар техникалық реттеу жүйесін реформалауға байланысты жаңа ұлттық стандарттарға өту үшін жаңғыртуға және техникалық қайта құрылымдауға кәсіпорындар қаржы қаражатының жетіспеушілігі
Ішкі нарықтағы әлсіз сұранысқа байланысты құрылыс материалдарына деген сұраныстың түсуі
|
Ұлттық компаниялар сатып алуына жергілікті қамтуды арттыру бойынша жұмысты күшейту «Қолжетімді тұрғын үй 2020», «2011-2020 жылдарға арналған Ақ бұлақ», «ТКШ-ні жаңғырту» бағдарламасын іске асыру
|
Индустрияландыру картасының жобаларын іске асыру мерзімдерінің өзгеру ықтималдығы
|
Жеңіл өнеркәсіп, фармацевтика, химия, металлургияның нысаналы индикаторларына қол жеткізе алмау
|
Қазіргі уақытта Индустрияландыру картасының инвестициялық жобаларына үздіксіз мониторинг жүргізілуде, проблемалық мәселелер туындаған жағдайда туындаған проблемаларды шешу жөніндегі жедел шаралар дереу қабылданады.
|
Кәсіпорындардың өндірістік қайта жарақтау жоспарларын орындамауы
|
Авариялық пен өндірістік жарақаттың ұлғаюы
|
Республиканың қауіпті өндірістік объектілерін техникалық қайта жарақтау бойынша жиынтық жоспардың орындалуын қолданыстағы мемлекеттік бақылау
|
Табиғи және техногенді апаттар
|
Туристік аймақтардағы болуы мүмкін жер сілкіністері, үлкен апаттар мен өрттер, қоршаған табиғи ортаның қауіпті ластануларын (жұқпалы аурулар) анықтау, нөсерлер, көшкіндер, қар көшкіндері, поездардың, кемелер мен ұшақтардың апатқа ұшырауы ұлттық туристік өнімді қалыптастыруында және оны халықаралық және ішкі нарықтарға ілгерілетуінде теріс ықпалын тигізеді;
Әртүрлі сипаттағы форс-мажорлық мән-жайлардың ықтимал туындауына байланысты нысаналы индикаторлар мен тікелей нәтиже көрсеткіштеріне қол жете алмау
|
Саланы дамыту және туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өнеркәсіптік бақылау мен экологиялық мониторинг мәселелері бойынша елдің мүдделі мемлекеттік органдарымен, оның ішінде Бүкіләлемдік туристік ұйыммен (ЮНВТО) өзара іс-қимылды тереңдету.
Тұрақты түрде туристік аймақтардағы форс-мажорлық жағдайлар туралы және ауыстырымдылық туристік аймақтар туралы уақытылы ақпараттандыру бөлігінде БАҚ-мен өзара әрекет жасау және Интернет-ресурста ақпаратты жандандыру.
|
Пайдалы қазбалар кен орындарының, соның ішінде жерасты сулары, қорларының анықталмауы.
Әлемдік тәжірибеге сәйкес кен орындары анықталуы немесе анықталмауы мүмкін, белгілі бір аймақта пайдалы қазбалар кендері болмауы мүмкін.
|
Пайдалы қазбалардың кейбір түрлері қорларының, соның ішінде жерасты сулары, толықтырылу бойынша нысаналы индикаторының орындалмауы
|
Тәуекелділікті төмендету мақсатында іздестіру-бағалау және іздестріру-барлау жұмыстарын егжей-тегжейлі талдау және жоспарлау
|
Техногендік тәуекелдер
|
Негізгі құралдардың айтарлықтай физикалық тозуы және оның салдарынан авариялар тәуекелдері, техникалық жүйелердің іркілістері, операторлардың қателері және техногендік апаттар.
|
Техногендік авариялар мен апаттардың дамуын болдырмау үшін қорғау мен кедергілер жүйелерін құру;
Техникалық жүйелерге диагностика мен мониторингті уақтылы жүргізу;
Төтенше жағдайлардың алдын алу мен оқшаулау жөніндегі операторлар үшін уақтылы семинарлар өткізу.
|
Теңіз тасымалдарының халықаралық нарығында отандық тасымалдаушылардың бәсекеге қабілеттілігінің әлсіздігі
|
Теңіз тасымалдарының халықаралық нарықтағы қазақстандық тасымалдаушылардың бәсекелестікке қабілеттілігін жоғарылату бойынша мемлекеттік қолдаудың жоқтығы ҚР туындағы кемелердің «тиімді туға» ауысу арқылы кемелердің азаюына алып келеді, бұл жағдай отандық флотпен тасымалданатын жүктердің көлемін қысқартып, тиісінше Қазақстандағы кеме қызметінен бюджетке келіп түсетін табысты мемлекеттің шығынына алып келеді.
|
ҚР Халықаралық кеме реестрінде кемелері тіркелген кеме иелері үшін ҚҚС және БТС төлеу бөлігінде салықтық артықшылықты ұсыну.
|
«Байқоңыр» ғарыш айлағының негiзгi құрал-жабдығының моральдық және табиғи тозуы
|
Қазақстан мүддесі үшін «Байқоңыр» кешенінің әлеуетін пайдалану мүмкіндігін жоғалту.
Бәсекелі артықшылықтардың жоғалуы және қазақстандық ғарыш саласының бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі.
|
1) жеңіл кластағы ЗТ бар ҒЗК құру;
2) зымыран техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросын, зымыран техникасының бөлшектерін өндіру кәсіпорындарын құру және іске қосу;
3) зымыран ғарыш техникасын құру бойынша отандық ҒЗТКЖ үлесін ұлғайту;
4) зымыран ғарыш техникасынын құру технологияларының трансферті;
5) нысандарды күрделі жөндеу мен оларды және инфрақұрылымды тиісінше сақталған қалыпта ұстап тұру, сонымен қатар бұрын орын алған залал келтіру деректері бойынша оларды Қазақстан Республикасына өтеу бойынша Жалға алу шартымен алынған міндеттемелерді орындау бөлігінде «Байқоңыр» кешенін пайдалану тетіктерін реттеу жөнінде РФ өзара іс-қимылды ұйымдастыру;
6) жалға алу құрамынан шығарылған «Байқоңыр» кешенi нысандарының сақталуын қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыру.
|
Ғарыш техникасын жасау кезінде технологиялық тәртіпті бұзу, сапаны жеткіліксіз бақылау.
|
Техниканың жұмыс істемеуі, жұмыс кестелерінің орындалмауы, жобалардың уақтылы іске асырылмауы, адамдардың өмірі мен денсаулығына төнетін қауіп-қатер.
|
Өндірілетін ғарыш техникасының сапасына талаптарды мына шаралар арқылы арттыру:
1) ғарыш техникасын құру, сынау және пайдалану стандарттарын әзірлеу;
2) ғарыш техникасын жасау сапасын бақылау жүйесін құру;
3) ұйымдар мен кәсіпорындарда ISO сериялы сапа стандарттарын енгізу.
|
Ғарыш жобаларын іске асыру барысында қазақстандық мердігерлердің шарттық міндеттемелерін орындамауы, өнім берушілердің міндеттерді уақтылы орындамауы
|
Жобаны іске асыру мерзімін бұзу
|
1) жобалардың конкурстық құжаттама және техникалық тапсырма сапасын қамтамасыз ету;
2) мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің шеңберінде әлеуетті мердігерлерді сапалы іріктеуді ұйымдастыру және өткізу;
3) іске асырылып жатқан жобаларда мердігерлердің міндеттемелерін орындамағанынан келген залалды өтеуді шарттарда көрсету;
4) басталған жобаларды одан әрі іске асыруды жалғастыру бойынша басқа баламалы мердігерлерді іздеу
|
Достарыңызбен бөлісу: |