2014 жылғЫ «kegoc» АҚ жылдық есебі «kegoc» АҚ 2014: негізгі өндірістік көрсеткіштер



бет22/37
Дата24.04.2016
өлшемі3.25 Mb.
#79697
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   37

3 және 4-ескертпелерде берілгендей 2013 жылғы 1 қарашадан бастап Топ ҰЭТ ғимараттарын есепке алу әдісін қайта бағалау моделіне өзгертті. Топ аккредиттелген тәуелсіз бағалаушы «Делойт ТСФ» ЖШС-ны ҰЭТ ғимараттарының әділ құнын бағалау үшін тартты. Топ 2014 жылғы 1 маусымдағы жай-күй бойынша ҰЭТ ғимараттарына қайта бағалау жүргізді. Бұған дейінгі қайта бағалау 2013 жылғы 1 қарашадағы жай-күй бойынша жүргізілген болатын.

ҰЭТ-тың қайта бағаланған ғимараттары активтерге тән табиғатына, сипаттамасы мен тәуекелдеріне сүйене отырып, БЕХС 13 сай активтердің бір сыныбын білдіреді. ҰЭТ ғимараттарының әділ құнын анықтауға арналған шығыс деректері (бақыланбайтын шығыс деректер) әділ құнның бағыныстылық сатысында 3-деңгейге жатады. Бағалау әдісі мен негізгі қолданылған ұйғарымдар 4-ескертпеде келтірілген.

Қайта бағалау нәтижесінде Топ 138.887.289 мың теңге (2013: 138.645.728 мың теңге) сомасындағы басқадай жиынтық табысың құрамына енгізілген кейбір активтерді қайта бағалаудан болған құнның өсімін және 27.777.458 мың теңге (2013: 27.729.146 мың теңге) сомасындағы кейінге қалдырылған тиісті салықтық міндеттемелерді таныды. Әділ құнының баланстық құннан арту сомасы қалған сома қайта бағалау бойынша тиісті резервтің артуы ретінде көрсетілген уақытта бұрын бұл активтер құнсызданған дәрежеде 14.250.162 теңге жалпы сомасына (2013: қайта бағалаудан болған залал: 26.807.757 мың теңге) қайта бағалаудан болған табыс ретінде пайда мен залал туралы есепте көрсетілді.

ҰЭТ ғимараттарының баланстық құны, егер олар жинақталған тозуды шегергенде бастапқы құн бойынша есепке алынған болса, былайша берілді:


Мың теңгемен

2014 жылғы

30 желтоқсан

2013 жылғы 31 желтоқсан









Бастапқы құны

249.271.338

201.961.515

Жинақталған тозу

(65.946.769)

(59.478.037)

Қалдық құны

183.324.569

142.483.478

2014 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл ішінде Топ 1.586.978 мың теңге (2013: нөл) жалпы сомасына Топтың клиенті «Алтай Полиметаллы» ЖШС-дан қосалқы станция мен электр жеткізу желілерін қоса алғанда, негізгі құралдарды ақысыз алды. Топ тиісті пайданы жиынтық табыс туралы есепте басқадай табыс ретінде таныды (25-ескертпе).

2014 жылғы 30 желтоқсандағы және 2013 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша негізгі құралдар бойынша ақпарат мыналарды қамтиды:


Мың теңгемен

2014 жылғы

30 желтоқсан

2013 жылғы

31 желтоқсан











Пайдалануда тұрған, толығымен амортизацияланған негізгі құралдар (бастапқы құны бойынша)

6.261.817

5.270.606

Қарыздар бойынша капиталдандыру

2014 жылғы 30 желтоқсанда аяқталған жыл ішінде Топ 414.827 мың теңге сомасына 0,61% - 4,28% мөлшерінде капиталдандыру мөлшерлемесі бойынша қарыздар бойынша шығындарды капиталдандырды (2013: 0,87% - 4,30% мөлшерінде капиталдандыру мөлшерлемесі бойынша 1.047.882 мың теңге).



Аяқталмаған құрылыс

Аяқталмаған құрылыс, негізінен, «500кВ Екібастұз-Шүлбі ГЭС (Семей) – Өскемен желісін салу» және «500 кВ Шүлбі ГЭС (семей) – Ақтоғай – Талдықорған – Алма ӘЖ-ні салу» жобаларын іске асыру жөніндегі құрылыс-монтаждау жұмыстарымен және жабдықпен берілді.



Ұзақ мерзімді активтер үшін берілген аванстар

2014 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша ұзақ мерзімді активтерді сатып алуға берілген аванстар негізінен «500 кВ Екібастұз – Шүлбі ГЭС (Семей) – Өскемен желісін салу» жобасы бойынша жеткізушілерге құрылыс жұмыстары мен қызметтері үшін төленген аванстармен ұсынылған (2013: 2013 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша ұзақ мерзімді активтер үшін берілген аванстар негізінен «Кернеуі 500кВ, 220кВ желілері Қазақстан ҰЭТ-іне жалғанатын 500кВ Алма ҚС-ны салу», «Қазақстан Ұлттық электр торабын жаңғырту, ІІ кезең», «220кВ ОБТҚ-Осакаровка ӘЖ-ны қайта құру» және 2014 жылы аяқталған Әкімшілік ғимаратын салу жобалары бойынша құрылыс жұмыстары мен қызметтері үшін жеткізушілерге төленген аванстармен ұсынылған).


8. ҚАУЫМДАСТЫРЫЛҒАН КОМПАНИЯЛАРҒА ИнвестициЯЛАР


Қауымдастырылған компанияларға инвестициялар былайша келтірілген:

Мың теңгемен

2014 жылғы

31 желтоқсан

2013 жылғы

31 желтоқсан



«ҚазЭнергоСым» ЖШС

167.112

220.446

«Батыс Транзит» АҚ

115.053






282.165

220.446

Топтың қауымдастырылған компаниялардағы иелену үлесі былайша келтірілген:




2014 жылғы

30 желтоқсан

2013 жылғы

31 желтоқсан



«ҚазЭнергоСым» ЖШС

49,9%

49,9%

«Батыс Транзит» АҚ

20,0%

20,0%


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет