2014 жылғЫ «kegoc» АҚ жылдық есебі «kegoc» АҚ 2014: негізгі өндірістік көрсеткіштер



бет28/37
Дата24.04.2016
өлшемі3.25 Mb.
#79697
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   37

Капитал (жалғасы)


Активтерді қайта бағалау резерві

2014 жылғы 30 желтоқсандағы және 2013 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша активтерді қайта бағалау қоры 2014 жылғы 1 маусымдағы жай-күй бойынша өткізілген Топтың ҰЭТ ғимараттарын қайта бағалау нәтижесінде құнның өсуімен берілген (алдыңғы қайта бағалау 2013 жылғы 1 қарашадағы жай-күй бойынша өткізілген болатын) (7-ескертпе). 2014 жылғы 30 желтоқсанда аяқталған жыл ішінде негізгі құралдардың жұмсалуы нәтижесінде активтерді қайта бағалау қорынан жинақталған залалдарға ауыстыру 232.366 мың теңгені құрды (2013ж.: 37.628 мың теңге).



Басқадай резервтер

Басқадай резервтер өз алдына сату үшін қолда бар инвестицияларды қайта бағалау бойынша резервтерді білдіреді. Бастапқы бағалағаннан кейін сату үшін қолда бар қаржылық инвестициялар бастапқы бағалағаннан кейін әділ құны бойынша бағаланады, ал солар бойынша іске асырылмаған табыстар немесе шығыстар инвестицияларды мойындау тоқтатылған сәйтке дейін резервтер құрамында басқадай жиынтық табыс ретінде танылады. Облигациялардың әділ құны активтерді сатқан жағдайда алынған немесе міндеттемелерді табыс ету үшін төленетін бағаға негізделген, сәйкесінше, бұл кіріс бағасы емес, шығыс бағасы.




  1. ҚАРЫЗДАР


Мың теңгемен




2014 жылғы

1 желтоқсан

2013 жылғы

31 желтоқсан



Халықаралық қайта құру және даму банкі («ХҚДБ»)




43.861.868

37.906.593

Еуропа қайта құру және даму банкі («ЕҚДБ»)




63.734.545

54.634.680




107.596.413

92.541.273

12 ай ішінде өтелуі тиіс қарыздардың ағымдағы

бөлігін шегергенде



(12.881.885)

(10.218.204)




94.714.528

82.323.069

2014 жылғы 31 желтоқсандағы және 2013 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша қарыздар бойынша есептелген және төленбеген сыйақы сәйкесінше 902.515 мың теңгені және 712.253 мың теңгені құрады.

2014 жылғы 31 желтоқсандағы және 2013 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша қарыздарды ұйымдастыру бойынша комиссияның амортизацияланбаған бөлігі сәйкесінше 894.810 мың теіңгені және 976.862 мың теңгені құрды.

Қарыздар мынадай валюталарда берілді:

Мың теңгемен

2014 жылғы 31 желтоқсан

2013 жылғы

31 желтоқсан



АҚШ долларымен

66.134.005

57.725.280

Еуромен

41.462.408

34.815.993




107.596.413

92.541.273


«Ұлттық электр торабын жаңғырту»
«Ұлттық электр торабын жаңғырту» жобасын іске асыру үшін Топ 1999 жылы мынадай кредиттік желілер ашты:
(а) ХҚДБ 20 жылға берген 140,000 мың сомасындағы кредиттік желісі, Қазақстан Республикасының кепілдігімен қамтамасыз етілді. Қарыз 2005 жылдан бастап жыл сайынғы жарналармен өтелуге жатады. Қарыз бойынша пайыздар ЛИБОР плюс жалпы спрэд банкаралық мөлшерлемесі бойынша есептеледі және жылына екі рет өтеледі. 2014 жылғы 30 желтоқсандағыі және 2013 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күйi бойынша қарыз бойынша берешек қалдығы сәйкесінше 60.270 мың АҚШ долларын (теңгемен баламада 10.990.234 мың) және 70.415 мың АҚШ долларын (теңгемен баламада 10.816.448 мың) құрайды.
(б) ЕҚДБ 15 жыл мерзімге берген 45, 000 мың АҚШ долдары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдігімен қамтамасыз етілді. Қарыз 2004 жылдан бастап жыл сайынғы жарналармен өтелуге жатады. Қарыз бойынша пайыздар ЛИБОР плюс 1% маржа мөлшерлемесі бойынша есептеледі және жылына екі рет төленеді. 2014 жылғы 30 желтоқсандағы және 2013 жылғы 31 желтоқсанындағы жай-күйi бойынша қарыздар бойынша берешек қалдығы сәйкесінше 3.905 мың АҚШ долларын (теңгемен баламада 712.077 мың) және 7.827 мың АҚШ долларын (теңгемен баламада 1.202.305 мың) құрайды.

  1. ҚАРЫЗДАР (жалғасы)


«500кВ Қазақстанның Солтүстік-Оңтүстік транзиті екінші электр жеткізу желісін салу»
«500кВ Қазақстанның Солтүстік-Оңтүстік транзиті екінші электр жеткізу желісін салу, ІІ кезең» жобасын іске асыру үшін 2005 жылы ХҚДБ 17 жылға берген 100.000 мың АҚШ доллары сомасына кредиттік желі алынды. Олардың ішінде бес жыл жеңілдікті кезең болып табылады. Кредиттік желі Қазақстан Республикасының кепілдігімен қамтамасыз етілген. Қарыз бойынша пайыздар ЛИБОР плюс жалпы спрэд мөлшерлемесі бойынша есептеледі және жылына екі рет өтеледі. 2011ж. ХҚДБ-дан игерілмеген кредиттік желі бөлігі 1.918 мың АҚШ доллары мөлшерінде осы жоба барысында жұмсалған нақты шығындар күткендегіден кем болуына байланысты жойылған болатын. 2014 жылғы 31 желтоқсандағы және 2013 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күйi бойынша қарыздар бойынша берешек қалдығы 65.285 мың АҚШ долларын (теңгемен баламада 11.904.694 мың) және 73.441 мың АҚШ долларын (теңгемен баламада 11.281.206 мың) құрайды.
«Ұлттық электр торабын жаңғырту, ІІ-кезең»
2008 жылы «Ұлттық электр торабын жаңғырту, ІІ-кезең» жобасын іске асыру үшін мынадай кредиттік желілер ашылды:
(а) ЕҚДБ 15 жыл мерзімге берген 127, 500 мың еуро және 75,000 мың еуро сомасындағы екі кредиттік желі, оның алғашқы төрт жылы жеңілдік кезеңі болып табылады. Қарыз бойынша пайыздар ЕУРОБОР плюс 3,85% маржа банкаралық мөлшерлеме бойынша есептеледі және жылына екі рет өтеледі. 2014 жылғы 30 желтоқсандағы және 2013 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күйi бойынша қарыз бойынша берешек қалдығы 146.640 мың еуроны (теңгемен баламада 32.494.018 мың) және 130.252 мың еуроны (теңгемен баламада 27.505.277 мың) құрайды.
(б) ЕҚДБ 12 жыл мерзімге берген 47, 500 мың еуро сомасындағы кредиттік желі, оның алғашқы төрт жылы жеңілдік кезеңі болып табылады. Қарыз бойынша пайыздар ЕВРОБОР плюс 3,55% маржа банкаралық алты айлық мөлшерлемесі бойынша есептеледі және жылына екі рет өтеледі. 2014 жылғы 30 жетоқсандағы және 2013 жылғы 31 желтоқсанындағы жай-күйi бойынша қарыздар бойынша берешек қалдығы 35.748 мың еуроны (теңгемен баламада 7.921.345 мың) және 30.743 мың еуроны (теңгемен баламада 6.492.013 мың) құрайды.

(в) ЕҚДБ 9 жыл мерзімге берген 5, 000 мың еуро сомасындағы кредиттік желі, оның алғашқы төрт жылы жеңілдік кезеңі болып табылады. Қарыз бойынша пайыздар ЕВРОБОР плюс 2,75% маржа банкаралық алты айлық мөлшерлеме бойынша есептеледі және жылына екі рет өтеледі. 2014 жылғы 30 желтоқсандағы және 2013 жылғы 31 желтоқсанындағы жай-күйi бойынша қарыздар бойынша берешек қалдығы 3.019 мың еуроны (теңгемен баламада 668.852 мың) және 2.918 мың еуроны (теңгемен баламада 616.299 мың) құрайды.


2013 жылғы қарашада Топ қосымша келісім жасады, соның шарттарына сәйкес екінші кредиттік желінің сомасы 75.000 мың еуродан 53.443 мың еуроға дейін азайтылды. 2014 жылғы желтоқсанда ЕҚДБ 5.028 мың еуро мөлшеріндегі кредиттік желілерінің игерілмеген бөлігі аталған жоба барысында көтерген шығындардың нақты сомасы күтілгеннен аз болуы себепті жойылған болатын.
«Мойнақ ГЭС-інің қуатын беру схемасы»
Топ 2009 жылы «Мойнақ ГЭС-інің қуатын беру схемасы» жобасын іске асыру үшін ХҚДБ 25 жыл мерзімге берген 48, 000 мың еуро сомасындағы кредиттік желі алды, оның алғашқы бес жылы жеңілдік кезеңі болып табылады. Кредиттік желі Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдігімен қамтамасыз етілді. Қарыз бойынша пайыздар ЛИБОР плюс тіркелген спрэд банкаралық мөлшерлемесі бойынша есептелді және жылына екі рет өтеледі. 2013 жылғы мамырда ХҚДБ 3.274 мың АҚШ доллары мөлшеріндегі кредиттік желінің игерілмеген бөлігі аталған жобаны жүзеге асыру кезінде нақты жұмсалған шығындар сомасы күтілгеннен аз болуы себепті жойылды. 2014 жылғы 31 желтоқсандағы және 2013 жылғы 31 желтоқсанындағы жай-күйi бойынша қарыз бойынша берешек қалдығы 44.726 мың АҚШ долларын (теңгемен баламада 8.155.806 мың) және 44.726 мың АҚШ долларын (теңгемен баламада 6.870.377 мың) құрайды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет