Топтың негiзгi қаржылық міндеттемелері қарыздарды да, саудалық және басқа да кредиторлық берешекті де қамтиды. Топтың операцияларын қаржыландыру осы қаржылық міндеттемелердің мақсаты болып табылады.. Топта оның операциялық қызметі барысында тікелей туындайтын сауда-саттық және басқа да дебиторлық берешек, ақшалай қаражат, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді депозиттер болады. Топ сату үшін қолда бар инвестицияларға ие болады.
Топ пайыздық мөлшерлемелердің тәуекеліне, валюталық тәуекелге, кредиттік тәуекелге және өтімділік тәуекелге ұшырайды.
Пайыздық мөлшерлемелердің өзгеру тәуекелі
Пайыздық мөлшерлемелердің өзгеру тәуекелі – бұл қаржы құралы бойынша болашақ ақшалай ағындардың әділ құны нарықтық пайыздық мөлшерлемелердің өзеруіне байланысты құбылып тұратын тәуекел. Топтың нарықтық пайыздық мөлшерлеменің өзгеруі тәуекеліне ұшырауы ең алдымен Топтың құбылмалы пайыздық мөлшерлемесімен бірге ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді борыштық міндеттемелерге жатқызылады. (16-ескертпе). Топ өзінің пайыздық мөлшерлеменің өзгеру тәуекелін қарыздар көрсетілген валютадағы пайыздық мөлшерлемелердің өзгеруіне жасалған мониторинг арқылы шектейді.
Барлық басқа шамалар өзгеріссіз болған жағдайда, пайыздық мөлшерлемесі құбылып тұратын қарыздар Топтың салық салуға дейінгі табысына мынадай әсерін тигізеді:
* 1 базистік пункт = 0,01%.
Пайыздық мөлшерлеменің өзгеруіне сезімталдыққа жүргізілген талдау шеңберінде базалық пункттердегі өзгерістер туралы ұйғарымдар өткен жылдармен салыстырғанда қазіргі кезде айтарлықтай көп құбылмалы болуымен сипатталатын нарықтық жағдайға негізделеді.
Валюталық тәуекел
Валюталық тәуекел – қаржы құралы бойынша болашақ ақша ағынының әділ құны валюталық бағамдарға енгізілген өзгерістердің нәтижесінде құбылатын болады деген тәуекел. Топтың шетел валюталарының айналым бағамының өзгеру тәуекеліне ұшауға бейім болуы бұл қаржы құралы бойынша болашақ ақша ағындарының әділ құны валюталық бағамдағы өзгерістердің нәтижесінде ауытқу тәуекелі. Сонымен қатар, Топтың айырбастау бағамдарының өзгеру тәуекеліне бейімділігі операциялық қызметпен байланысты (табыстар мен шығыстар Топтың жұмыс істеп түұрған валютасынан ерекшеленетін валютада берілген уақытта).
Мына кестелерде барлық басқа да параметрлер өзгермейтін жағдайда АҚШ доллары мен Еуроның айырбастау бағамында болуы мүмкін өзгерістерге сезімталдық талдауы берілген. Топтың басқа да валюталардағы бағамдардың өзгеру тәуекеліне бейімдігі маңызды емес болып табылады.
Мың теңгемен
|
Айырбастау бағамының артуы/(азаюы)
|
Салық салғанға дейінгі пайдаға әсер
|
|
|
|
2014 жылғы 30 желтоқсандағы жай-күй
|
|
|
АҚШ доллары
|
17,37%/(17,37%)
|
(3.838.785)/3.838.785
|
Еуро
|
18,36%/(18,36%)
|
(7.537.546)/ 7.537.546
|
|
|
|
2013 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күй
|
|
|
АҚШ доллары
|
30%/10%
|
(11.447.961)/(3.815.987)
|
Еуро
|
30%/10%
|
(11.432.867)/(3.810.956)
|
Достарыңызбен бөлісу: |