2014 жылғЫ «kegoc» АҚ жылдық есебі «kegoc» АҚ 2014: негізгі өндірістік көрсеткіштер



бет12/37
Дата24.04.2016
өлшемі3.25 Mb.
#79697
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   37

ЖАЛПЫ АҚПАРАТ


«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Компания» немесе «KEGOC») Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 28 қыркүйектегі № 1188 қаулысына сәйкес бұрынғы «Қазақстанэнерго» Ұлттық энергетикалық жүйесінің активтер бөлігін тапсыру жолымен құрылды.

2014 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша Компанияның негізгі акционері «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ болып табылады (90 пайыз плюс бір акция). Самұрық-Қазына Қазақстан Республикасы Үкіметінің бақылауында тұр.

2014 жылғы 19 желтоқсандағы жай-күй бойынша Компания «Халық ІРО» бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Қор Биржасында бір акцияға 505 теңге бағасы бойынша 25.999.999 акция (10 пайыз минус бір акция) орналастырды.

KEGOC Қазақстанда электр энергиясын жеткізу, техникалық диспетчерлендіру және электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын ұлттық компания болып табылады. Мемлекет тағайындағын жүйелік оператор ретінде Компания орталықтан жедел-диспетчерлік басқаруды, басқа мемлекеттердің энергия жүйелерімен қатарлас жұмысты қамтамасыз етуді, энергия жүйесіндегі теңгерімді қолдауды, жүйелік қызмет көрсету мен электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілерінен қосымша қызметтерді сатып алуды, сондай-ақ электр энергиясын ұлттық электр торабы (ҰЭТ) бойынша жеткізуді, оған техникалық қызмет көрсету мен пайдалануға дайындығын қолдауды жүзеге асырады. ҰЭТ қосалқы станциялардан, тарату құрылғыларынан, өңіраралық және (немесе) мемлекетаралық электр жеткізу желілері мен электр станцияларының кернеуі 220 киловольт және одан жоғары электр энергиясын беруді жүзеге асыратын электр жеткізу желілерінен тұрады.

2014 жылғы 31 желтоқсан мен 2013 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша Компанияның мынадай компанияларда қатысу үлестері болды:

Компания

Қызметі

Қатысу үлесі

2014 жылғы 31 желтоқсан

2013 жылғы 31 желтоқсан












«Энергоинформ» АҚ

KEGOC қызметін ақпараттық қамтамасыз ету

100%

100%

«Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС

Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын объектілер өндірген және Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің электр желілеріне жеткізілген электр энергиясын орталықтан сатып алу және сату

100%

100%

Компания және оның еншілес ұйымдары бұдан әрі бірге «Топ» деп аталады.

Топтың қызметі «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі №272-І Заңымен реттеледі, себебі ол электр энергиясын жеткізу, электр энергиясын желіге босату мен тұтынуды техникалық диспетчерлендіру, электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру саласындағы табиғи монополист болып табылады. Заңға сай Топтың электр энергиясын жеткізу, электр энергиясын желіге босату мен тұтынуды техникалық диспетчерлендіру, электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру жөніндегі қызметтерге белгіленген тарифтерін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитеті бекітеді (бұдан әрі – «Комитет»).

Компанияның Бас кеңсесі Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қ., Тәуелсіздік көш., 59-ғимарат мекенжайы бойынша тіркелген.

Қоса берілген шоғырландырылған қаржылық есептеме Компанияның Басқарма төрағасы мен Бас бухгалтерінің 2015 жылғы 3 наурызда шығаруына бекітілді.



ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТЕМЕНІ ДАЙЫНДАУ НЕГІЗДЕРІ

Топтың шоғырландырылған қаржылық есептемесі Халықаралық қаржылық есептеме стандарттарына («ХҚЕС») сәйкес Халықаралық қаржылық есептеме стандарттары жөніндегі кеңес («ХҚЕС бойынша кеңес») бекіткен редакцияда даярланды.

Бұл шоғырландырылған қаржылық есептеме есепке алу саясаты мен осы шоғырландырылған қаржылық есептемеге ескертпелерде көрсетілгендей, қайта бағаланған құн бойынша көрсетілген негізгі құралдар мен әділ құны бойынша бағаланатын сату үшін қолда бар қаржылық активтердің кейбір сыныптарын қоспағанда, бастапқы құны бойынша бағалау қағидаттарына сәйкес дайындалды. Шоғырландырылған қаржылық есептеме теңгемен ұсынылды, ал барлық сомалар басқасы көрсетілген жағдайлардан басқа тұтас мыңға дейін дөңгелектелді.

Шоғырландыру негіздері

Шоғырландырылған қаржылық есептеме Компания мен оның еншілес ұйымдарының 2014 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша қаржылық есептемесін қамтиды. Бақылау, егер Топ инвестиция объектісіне қатысудан түскен табысқа байланысты тәуекелдерге ұрынатын немесе осындай табысты алуға құқығы бар, сонымен қатар инвестициялардың объектісіне қатысты өз өкілеттіктерін жүзеге асырған кезде табысқа әсер ету мүмкіндігі болған жағдайда жүзеге асырылады. Атап айтқанда, Топ төмендегі талаптар орындалған жағдайда ғана инвестициялар объектісін бақылайды:



  • Топтың инвестициялар объектісіне қатысты уәкілеттіктері болса (яғни, инвестициялар объектісінің маңызды қызметін басқаруға ағымдағы мүмкіндікті қамтамасыз ететін қолданыстағы құқықтар);

  • Топтың инвестициялар объектісіне қатысудан болған айнымалы табыстарына байланысты тәуекелдерге ұрыну мүмкіндігінің немесе осындай табысты алу құқығы болса;

  • Топтың инвестициялар объектісіне қатысты өз өкілеттіктерін жүзеге асыру көмегімен табысқа әсер ету мүмкіндігі болса.

Әдетінше, дауыс беру құқығының басым көпшілігі бақылаудың болуын негіздейді деп пайымдалады. Осындай ұйғарымды растау үшін және Топтың басым көпшіліктен аз дауыс беру құқтары немесе инвестициялар объектісіне қатысты ұқсас құқықтары болса, Топ аталған инвестициялар объектісіне қатысты өкілеттіктерінің болуын бағалау кезінде барлық орынды фактілер мен себептерді есепке алады:

  • Инвестициялар объектісінде дауыс беру құқына ие басқа тұлғалармен келісу;

  • Басқа келісімдермен негізделген құқықтар;

  • Дауыс беру құқығы және Топқа жататын ықтимал дауыс беру құқығы.

Топ, егер фактілер мен себептер бақылаудың бір немесе бірнеше үш құрамдас бөлігінің бірнешеуі өзгергені туралы куәландырса, инвестициялар объектісіне қатысты бақылаудың болуына қайта талдау жасайды. Еншілес компанияны шоғырландыру Топ еншілес компанияны бақылауға алған кезде басталады және Топ еншілес компанияға бақылауды жоғалтқан кезде тоқтатылады. Еншілес компанияның жыл ішінде сатып алынған және істен шыққан активтері, міндеттемелері, табыстары мен шығыстары Топ бақылауды алған күннен бастап жиынтық табыс туралы есепке енгізіледі және Топтың еншілес компанияға бақылауды жоғалтқан күнге дейін көрсетеді.

Пайда немесе залал және басқадай жиынтық табыстың (БЖТ) әрбір құрамдас бөлігі, егер бақылаудағы емес қатысу үлестеріндегі теріс сальдоға әкеп соққан жағдайда да, Топтың бас компаниясының меншік иелеріне және бақыланбайтын қатысу үлесіне жатады. Қажет болған жағдайда еншілес компаниялардың қаржылық есептемесі осындай компаниялардың есепке алу саясатын Топтың есепке алу саясатына сәйкестендіру үшін түзету енгізіледі. Барлық топ ішілік активтер мен міндеттемелер, капитал, табыстар, шығыстар және Топтың ішкі операцияларын жүзеге асыру нәтижесінде туындайтын ақшалай ағындар шоғырландырған кезде алынып толығымен тасталады.

Еншілес компаниядағы қатысу үлесін бақылауды жоғалтпай өзгерту капиталмен жүргізілетін операция ретінде есепке алынады. Егер Топ еншілес компанияға бақылауын жоғалтса, ол:


  • Еншілес компанияның активтері мен міндеттемелерін (соның ішінде соған жатқызылатын гудвилді) мойындауды тоқтатады;

  • Бақыланбайтын қатысу үлестерінің баланстық құнын мойындауды тоқтатады;

  • Капиталда көрсетілген жинақталған бағамдық айырмаларды мойындауды тоқтатады.

2. ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТЕМЕ ДАЙЫНДАУ НЕГІЗДЕРІ (жалғасы)

Шоғырландыру негіздері (жалғасы)

  • Алынған сыйақының әділ құнын таниды;

  • Қалған инвестициялардың әділ құнын таниды;

  • Операция нәтижесінде пайда немесе залал құрамындағы артылған қаражатты немесе тапшылықты таниды;

  • Топ тиісті активтердің немесе міндеттемелердің тікелей істен шығуын жүзеге асырған болса, Басты компанияның бұрын ЖСҚ құрамында танылған құрамдас бөлігіндегі қатысу үлесін ҚЕХС нақты талаптарына сәйкес пайда немесе залал немесе бөлінбеген пайда құрамына қайта жіктейді.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет