2014 жылғЫ «kegoc» АҚ жылдық есебі «kegoc» АҚ 2014: негізгі өндірістік көрсеткіштер


ЕСЕПКЕ АЛУ САЯСАТЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ



бет13/37
Дата24.04.2016
өлшемі3.25 Mb.
#79697
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   37

ЕСЕПКЕ АЛУ САЯСАТЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ


Есепке алу саясатындағы өзгерістер

ҰЭТ ғимараттарын қайта бағалау


2013 жылы Топ негізгі құралдарды есепке алу әдісін негізгі құралдардың белгілі бір сыныптарын бағалау бөлігінде олар бастапқы танылғаннан кейін қайта қарады. Топ бұрын ХҚЕС (IAS) 16.30 стандартына сай басапқы құны бойынша есепке алу моделін пайдалана отырып, барлық негізгі құралдарды бағалады, соған сәйкес бастапқы танылғаннан кейін негізгі құралдар объектісі ретінде жіктелген активтер жинақталған амортизациялау мен құнсызданудан жинақталып қалған залалдарды шегеріп тастағанда, бастапқы құны бойынша көрсетілді.

2013 жылғы 1 қарашадан бастап Топ негізгі құралдар ретінде жіктелген ҰЭТ құрылыстарын есепке алу әдісін өзгертті, себебі Топ қайта бағалау моделі ҰЭТ құрылыстарының қаржылық жағдайын барынша орынды көрсетеді деп есептейді. Бастапқы танылғаннан кейін Топ қайта бағалау моделін пайдаланады, соған сай ҰЭТ құрылыстары жинақталған амортизациялау мен құнсызданудан жинақталып қалған залалдарды шегеріп тастағанда, қайта бағаланған күнге әділ құны бойынша бағаланады.

Топ есепке алу саясатының осындай өзгерістерін ретроспективті қолданудан босататын ХҚЕС (IAS) 8 ерекшелікті және ақпараттың ең көп көлемін ашып көрсету қажеттілігін қолданды.

Жаңа стандарттар, интерпретациялау және қолданыстағы стандарттар мен интерпретацияларға түзетулер

Шоғырландырылған қаржылық есептемені жасау кезінде қабылданған есепке алу қағидаттары 2014 жылғы 1 қаңтарда күшіне енген стандарттар мен интерпретацияларға түзетулерді қоспағанда, 2013 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл үшін Топтың шоғырландырылған жылдық қаржылық есептемесін жасау кезінде қолданылған қағидаттарға сәйкес келеді:



  • БЕХС 32 «Қаржылық активтер мен қаржылық міндеттемелерді өзара есепке алу»;

  • БЕХС 39 «Туынды құралдарды жаңалау және хеджирлеуді есепке алуды жалғастыру»;

  • IFRS 21 «Міндетті төлемдер»;

  • «Инвестициялық ұйымдар» (ҚЕХС (IFRS)10, ҚЕХС (IFRS)12 және ҚЕХС (IAS)27 түзетулер);

  • ҚЕХС (IAS) 36 түзетулер «Активтердің құнсыздануы» − «Қаржылық емес активтер үшін өтелетін құн туралы ақпаратты ашу»;

  • «ҚЕХС жыл сайын жетілдіру, 2010-2012жж. аралығындағы кезең»;

  • «ҚЕХС жыл сайын жетілдіру, 2011-2013жж. аралығындағы кезең».

Әрбір/жаңа/стандарттың сипаттамасы мен әсері/түзетулер төменде сипатталған:

БЕХС 32 «Қаржылық активтер мен қаржылық міндеттемелерді өзара есепке алу»

Аталған түзетулер «қазіргі уақытта танылған сомаларды есепке алуды жүзеге асырудың қамтамасыз етілген құқықтық қорғанысы бар» деген фразаның мағынасын және есепке алу палаталары қолданатын бір реттік емес есеп айырысу механизмдері үшін өзара есеп айырысу критерилерін түсіндіреді және респективті түрде қолданылады. Бұл түзетулер Топтың қаржылық есептемесіне әсер еткен жоқ, себебі Топ ұйымдарының бір де бірінде өзара есеп айырысу туралы шарт жоқ.




3. ЕСЕПКЕ АЛУ САЯСАТЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ


(жалғасы)

Жаңа стандарттар, интерпретациялау және қолданыстағы стандарттар мен интерпретацияларға түзетулер (жалғасы)

БЕХС 39 «Туынды құралдарды жаңалау және хеджирлеуді есепке алуды жалғастыру»

Аталған түзетулер хеджирлеу құралы ретінде белгіленген туынды құралды жаңалау белгілі бір критерилерді қанағаттандыратын болса, хеджерлеуді есепке алуды тоқтатудан босатуды көздейді және респективті түрде қолданылуы тиіс. Аталған түзетулер Топтың қаржылық есептемесіне әсерін тигізген жоқ, себебі Топ есептік немесе өткен кезеңдер ішінде өз құралдарын жаңалауды жүзеге асырған жоқ.


21 «Міндетті төлемдер»

КРМФО (IFRIC) 21 ұйым қызметті жүзеге асырған сәтте міндетті төлемдер жүргізу жөніндегі міндеттемені танитынын, соның нәтижесінде заңнамаға сай төлем бойынша міндеттеме туындайтынын нақтылайды. Түсіндірме сонымен қатар, егер міндетті төлем бойынша міндеттеме кейбір ең төменгі бастапқы мәнге қол жеткізу нәтижесінде туындайтын болса, онда осындай ең төменгі бастапқы мәнге қол жеткізгенге дейінгі тиісті міндеттеме танылмайтынын нақтылайды. КРМФО (IFRIC) 21 түсіндірмесі ретроспективтік түрде қолданылады. Аталған түсіндірме Топтың қаржылық есептемесіне әсер еткен жоқ, себебі ол өткен кезеңдерде КРМФО (IFRIC) 21 түсіндірмесінің талаптарына сәйкес ҚЕХС (IAS) 37 «Резервтер, шартты міндеттемелер мен шартты активтер» стандартына сай мойындау қағидатын қолданды.

«Инвестициялық ұйымдар» (ҚЕХС (IFRIC) 10, ҚЕХС (IFRIC) 12 және ҚЕХС (IAS)27 түзетулер)

Аталған түзетулер ҚЕХС (IFRIC) 10 «Шоғырландырылған қаржылық есептеме» стандартына сай инвестициялық ұйымды белгілеуді қанағаттандыратын ұйымдар үшін шоғырландыру туралы талаптарға қатысты ерекшеліктерді көздейді және стандартты қолдануға көшуге қатысты белгілі босатулармен бірге респективті түрде қолданылуы тиіс. Шоғырландыруға қатысты ерекшелікке сай инвестициялық ұйымдар өз еншілес ұйымдарын пайда немесе залал арқылы әділ құны бойынша есепке алуы тиіс. Түзетулер Топтың қаржылық есептемесіне әсер етпеді, себебі Топтың басты ұйымы ҚЕХС (IFRIC) 10 стандартына сай инвестициялық ұйым ретінде жіктеу критерилерін қанағаттандырмайды.



ХҚЕС (IAS) 36 «Активтердің құнсыздануы» стандартына түзетулер − «Қаржылық емес активтер үшін төленетін құн туралы ақпаратты ашу»

Аталған түзетулер ХҚЕС (IFRS) 13 күшіне енуіне байланысты ХҚЕС (IAS) 36 сай ақпаратты ашу үшін қолайсыз салдарларды жояды. Бұдан басқа, аталған түзетулер активтердің өтелетін құны немесе ПГДП туралы ақпаратты ашып көрсетуді талап етеді, солар бойынша есепті кезең ішінде құнсызданудан болған шығын танылады немесе қалпына келтіріледі. Аталған түзетулер 2014 жылдың 1 қаңтарынан немесе осы күннен кейін басталатын жылдық есептік кезеңдерге қатысты ретроспективті түрде қолданылады, бұл ретте ХҚЕС (IFRS) 13 қолданылған жағдайда мерзімінен бұрын қолдануға жол беріледі. Аталған түзетулерге сәйкес Топ 7-ескертпеде қаржылық емес активтер үшін өтелетін құн туралы қосымша ақпаратты ашып көрсетуді ұсынады.



«ҚЕХС жыл сайын жетілдіру, 2010-2012жж. кезең»

2010-2012жж. аралығындағы ҚЕХС жыл сайын жетілдіру шеңберінде ҚЕХС жөніндегі кеңесі ҚЕХС (IFRIC) 13 «Әділ құнын бағалау» стандартына түзетулерді қоса алғанда, алты стандартқа жеті түзетулер шығарды. ҚЕХС (IFRIC) 13 түзетуі тез арада күшіне енеді, 2014 жылғы 1 қаңтарда басталатын кезеңдерге қатысты қолданылады және Тұжырымдарға арналған негіздер мәтінінде пайызсыз қысқа мерзімдік дебиторлық және кредиторлық берешек, егер дисконттау әсері маңызды емес болса, төленетін немесе алынатын сомалар бойынша бағалануы мүмкін деп түсіндіріледі. ҚЕХС (IFRIC) 13 стандартына бұл түзету топтың қаржылық есептемесіне әсер етпеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет