2015 жылғы 31шілдедегі №647 бұйрығы (2015 жылғы 2 қыркүйектегі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне №12007 болып тіркелді)


Резидентурада оқыту ұзақтығы таңдаған мамандығына байланысты 2 жылданбастап 4 жылға дейінгі уақытты құрайды



бет12/30
Дата25.04.2016
өлшемі2.99 Mb.
#89637
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   30

4. Резидентурада оқыту ұзақтығы таңдаған мамандығына байланысты 2 жылданбастап 4 жылға дейінгі уақытты құрайды.


5. Резидентурада білім алу тек күндізгі оқу нысанында жүзеге асырылады.

6. Осы Стандартты қолдану мынадай мақсаттарға қол жеткізуді көздейді:

1) резидентура тыңдаушыларының даярлық деңгейіне және білім және ғылыми медициналық ұйымдардың білім беру қызметтеріне қойылатын міндетті талаптары есебінен білім беру сапасының кепілдігін қамтасыз ету;

2) білім беру қызметі субъектілерінің құқықтарын реттеу;

3) резидентура тыңдаушылары даярлығының объективтілігі мен бағалау хабардарлығын және білім беру бағдарламасының сапасын арттыру;

4) резидентура тыңдаушыларының академиялық ұтқырлығы үшін жағдай жасау;

5) Қазақстанның бірыңғай білім беру кеңістігін қалыптастыруды қамтамасыз ету.

7. Резидентура мамандықтарының үлгілік оқу жоспарлары осы Стандарт ережелеріне сәйкес резидентураның білім беру бағдарламаларының құрылымына, көлеміне және мазмұнына, оқытудың нормативтік мерзімдеріне және резидентура тыңдаушыларының даярлық қойылатын талаптар жиынтығын белгілейді.

8. Резидентура мамандықтары шеңберінде білім және ғылыми медициналық ұйымдар 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 138-5-бабының 3-тармағына сәйкес кәсіби стандарттарына сәйкес әртүрлі білім беру бағдарламаларын өз бетінше әзірлейді.

Білім беру бағдарламалары оқыту нәтижесіне бағдарланған.



2. Білім алушылардың даярлық деңгейіне қойылатын талаптар

 

9. Білім алу нәтижелері барлық білім беру бағдарламалар деңгейінде, модуль деңгейінде, жеке пән ретінде қалыптастырылады және мынадай қабілеттілікті болжайды:



1) практикалық қызмет және ғылыми зерттеулер контекстінде бірегей даму немесе пікірді қолдану үшін негіз және мүмкіндік болып табылатын базалық және жоғары медициналық білім беру деңгейінде алынған дамушы білімі мен түсінігін демонстрациялау;

2) зерделенетін саламен байланысты анағұрлым кең сала контекстінде және шеңберінде білімді қолдану, түсіну және қабілеті;

3) білімді интеграциялау, қиындықты еңсере білу және осы пайымдау мен білімін қолдануға этикалық және әлеуметтік жауапкершілікті ескере отырып қиындықтарды еңсереді және пайымдаулар жасауға;

4) өз бетінше оқытуды жалғастыру.

10. Резидентура түлектерінің негізгі құзыреттілігіне қойылатын талаптар үлгілік кәсіби оқу бағдарламаларымен айқындалады.

11. Міндетті ең төмен шеңберінде меңгерілген құзыреттілік деңгейі мен денсаулық сақтау саласындағы білім және ғылыми ұйымдары ұсынған оқу жүктемесінің көлемі бақылаудың әртүрлерімен (емтихан, аралық аттестаттау, қорытынды аттестаттау) қаматамасыз етіледі.

12. Резидентура тыңдаушыларының оқу жетістіктерін бақылау және олардың оқу пәндері немесе модуль бойынша білімдерін бағалау оқытудың қорытынды нәтижелеріне және меңгерген құзыретіне бағдарланған. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау нысандарын ұйым өзі айқындайды.

13. Резидентураның білім беру бағдарламасы бойынша оқуын бітірген тұлғалар сәйкестендірілген мамандық бойынша дәрігер біліктілігі тағайындалады және оларға мемлекеттік үлгідегі құжат беріледі.



3. Үлгілік бағдарлама мазмұнына қойылатын талаптар

 

14. Резидентураның білім беру бағдарламасының құрылымы білім беру мазмұнын айқындайтын және оның арақатынасын, өлшемдері мен есепке алуды айқындайтын оқу және клиникалық жұмыстарының әртүрінен қалыптасады.

15. Білім беру бағдарламаларын іске асыру мамандықтар мен пәндердің оқу-әдістемелік кешені негізінде жүзеге асырылады. Мамандықтар мен пәндердің оқу-әдістемелік кешенін әзірлеу нысаны, құрылымы мен тәртібі ұйымы өзі айқындайды.

16. Барлық жұмыс түрлерінің еңбек сыйымдылығын есепке алу меңгерілген материалдар көлемі бойынша жүзеге асырылады, академиялық сағаттарда немесе кредиттерде өлшенеді. Бір кредит оқудың нақты нәтижелеріне қол жеткізуге қажетті резидентура тыңдаушылары мен оқытушыларының еңбек сыйымдылығының өлшем бірліктері болып табылатын 45 академиялық сағатқа тең.

17. Резидентураның тиісті білім беру бағдарламасын меңгертуге қажетті пререквизиттер тізбесін ұйым өзі белгілейді.

18. Резидентураның оқу жоспарларының барлық түрлерінде оқу пәндерін бірыңғай кодтау жүйесі пайдаланылады.

19. Әрбiр оқу пәнінің қайталанбайтын бір атауы болуы тиіс. Пән аяқталған соң резидентура тыңдаушылары ұйым өзі айқындайтын нысанындағы қорытынды бақылауды тапсырады.

20. Резидентураның білім беру бағдарламалары пәндерді оқудың модульді жүйесі негізінде жобаланады.

21. Міндетті компонент пәндерінің тізбесі осы бұйрыққа 8-қосымша медициналық мамандықтар бойынша резидентураның үлгілік кәсіптік оқу бағдарламасының 2-51-қосымшаларда келтірілген үлгілік оқу жоспарымен айқындалады. Міндетті компонент пәндерінің көлемін қысқартуға жол берілмейді.

22. Таңдау компоненті пәндерінің тізбесін ұйым өз бетінше айқындайды. Бұл ретте еңбек нарығының сұранысы және жұмыс берушілердің қажеттілігі ескерліеді.

23. Резидентура білім беру бағдарламасының мазмұны осы Стандартқа қосымшаға сәйкес белгіленеді.

24. Резидентурада оқу мемлекеттік және орыс тілінде жүзеге асырылады. Резидентура тыңдаушысы резидентураға құжат тапсыру кезінде оқу тілін өзі таңдайды.

25. Білім беру қызметтерін ұйымдастыру, оқу үрдісін жоспарлау, білім мазмұны, оқу пәндерін жүргізу тәсілдерін таңдау, резидентура тыңдаушыларының өздік жұмысы, олардың оқу жетістіктерін қорытынды бақылау арқылы жүзеге асырылады.

26. Білім беру мазмұнының құрылымы осы белгіленген стандарт пен үлгілік оқу бағдарламарына, білім берудің есептеу-өлшеу құралдарына: оқу жоспары мен бағдарламаларына, оқу жүктемесінің көлеміне, академиялық кезеңдер ұзақтығына, академиялық сабақ түрлеріне, оқу материалының көлеміне және т.б. қойылатын талаптарға сәйкес айқындалады.

27. Білім беру қызметтерін жоспарлау және ұйымдастыру оқу жоспарлары негізінде жүзеге асырылады.

Оқу жоспарлары үлгілік (бұдан әрі - ҮОЖ), жеке (бұдан әрі - Жеке ОЖ) және жұмыс (бұдан әрі - ЖОЖ) болып бөлінеді.

28. ҮОЖ-да әрбір міндетті оқу пәндері компонентінің еңбек сыйымдылығы және академиялық сағаттарда/сынақтық бірліктерде әртүрлі оқу қызметтері, емтихандар анықталады, ал жалпы академиялық сағаттар/сынақтық бірліктер таңдау компоненті бойынша әрбір оқу пәндерінің циклы бойынша көрсетіледі.

29. ҮОЖ-ге қосымша жыл сайын ұйым таңдау компоненттері бойынша барлық пәндердің жүйелі аннотацияланған тізбесі болып табылатын элективті пәндер каталогы (бұдан әрі - ЭПК) дайындалады.

ЭПК-де әрбір оқу пәндерінің пререквизиттері және постреквизиттері көрсетіледі. ЭПК резидентура тыңдаушыларының элективті оқу пәндерін баламалы таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

30. ҮОЖ мен ЭПК негізінде резидентура тыңдаушысы жетекшінің көмегімен ЖОБ жасайды. ЖОБ резидентураның әрбір тыңдаушысының жеке білім траекториясын айқындайды.

ЖОБ-на міндетті компонент пәндері, оқу қызметінің түрлері және ЭПК-ден таңдау компонеттерінің пәндері қосылады.

31. ЖОЖ мамандықтардың ҮОЖ және резидентура тыңдаушыларының ЖОЖ-ның негізінде әзірленеді және алқалық орган шешімінің негізінде ұйым басшысы бекітеді.

ҮОЖ-да оқу жылына пәндер тізбесі, олардың академиялық сағаттарда (кредиттердегі) еңбек сыйымдылығы, зерделеу тәртібі, оқу сабақтарының түрлері мен бақылау нысандары, сондай-ақ оқу қызметінің басқа да түрлері айқындалады.

Сабақ кестелерін және профессорлық-оқытушы құрамның (бұдан әрі - ПОҚ) еңбек сыйымдылығын есептеу үшін ҮОЖ негіз болып табылады.

32. ЭПК, Жеке ОЖ және ЖОЖ әзірлеу нысанын, құрылымын, тәртібін және оны бекітуді ұйым өзі айқындайды.

33. Резидентура мамандықтарының барлық оқу пәндерінің мазмұны силлабустарда белгіленеді.

34. Силлабустар (резидентура тыңдаушылары үшін пән бағдарламалары) оқу жоспарының барлық пәндері бойынша әзірленеді және білім беру ұйымы бекітеді. Силлабустарды әзірлеу нысанын, құрылымы мен тәртібін және оны бекітуді ұйым өзі айқындайды.

35. Резидентура тыңдаушысы жетекшінің жетекшілігімен құрылатын жеке жұмыс жоспары негізінде оқиды.

36. Резидентура тыңдаушысының жеке жұмыс жоспары барлық оқу кезеңіне құрылады.

4. Білім алушылардың оқу жүктемесіне қойылатын талаптар

 

37. Резидентура тыңдаушысының оқу жүктемесінің көлемі әрбір пән бойынша оқу жылы ішінде оны меңгерген академиялық сағаттармен (бірліктермен) өлшенеді.

38. ПОҚ оқу жүктемесін жоспарлау сабақ кестесі бойынша оқу сабақтарында оқытушының резидентура тыңдаушысымен ұсынатын байланыс жұмысы кезінде акадеимялық сағаттарда жүзеге асырылады.

39. Резидентура тыңдаушысы орындайтын өздік жұмыс көлемі оқытушының (клиникалық тәлімгердің) жетекшілігімен резидентура тыңдаушысының өздік жұмысына және (бұдан әрі - РОӨЖ) резидентура тыңдаушысының толық өз бетінше орындайтын жұмысы (бұдан әрі - РӨЖ) екі түрге бөлінеді.

РОӨЖ резидентура тыңдаушысы оқытушымен/тәлімгермен байланыста орындалайтын аудиториядан тыс жұмыс түрі болып табылады.

РОӨЖ мен РӨЖ арасындағы арақатынас өздік жұмыстың жалпы көлемінде ұйым өзі айқындайды.

40. Резидентурада оқу жылы академиялық кезеңнен, аралық аттестаттау кезеңінен, демалыс және соңғы курста - қорытынды аттестаттаудан тұрады.

41. Академиялық кезең ұзақтығын ұйым өзі айқындайды.

42. Әрбір академиялық кезеңнен кейін аралық аттестаттау ұзақтығы 1 аптадан аспайтын уақытты құрайды.

43. Оқу жылы ішіндегі демалыс ұзақтығы бітіруші курстарды қоспағанда кемінде 7 аптаны құрайды.

44. Бітіруші курсты қоспағанда, қосымша оқыту қажеттілігін қанағаттандыру, академиялық қарызды немесе оқу жоспарындағы айырмашылықтарды жою, оқу пәндерін меңгеру және басқа білім және ғылыми ұйымдарда резидентура тыңдаушысының кредитті меңгеру үшін міндетті түрде өзінің ұйымында міндетті қайта сынақ тапсырумен кемінде 6 апта ұзақтығымен жазғы семестр енгізуге жол беріледі.

45. Ұйым алынған лицензияға сәйкес резидентурада оқу процесін ұйымдастырады және білім беру қызметтерін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары сақталуы тиіс.

46. Денсаулық сақтау саласындағы медициналық білім және ғылыми медициналық ұйымының оқытушысы оқу жоспарларының және оқу бағдарламаларының талаптарының сақталуы жағдайында оқыту сабақтарын, оқыту әдістерін ұйымдастыру және өткізу тәсілдері мен нысандарын еркін таңдай алады.

Медициналық мамандықтар

бойынша резидентураның

мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру

стандартына қосымша

Резидентурада білім беру бағдарламасының мазмұны


 р/с



Пән атауы және қызмет түрлері

Академиялық сағаттар көлемі/сынақтық бірліктер




2

оқу жылы


3

оқу жылы


4

оқу жылы


академиялық сағаттар/ сынақтық бірліктер

1

Міндетті компонент (МК)

3645/81

5400/120

7155/159

1)

Базалық пәндер (БП):

360/8

360/8

360/8

МКБП

Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау

90/2

90/2

90/2

МКБП

Денсаулық сақтау статистикасы

90/2

90/2

90/2

МКБП

Ғылыми зерттеулер менеджменті

90/2

90/2

90/2

МКБП

Дәлелді медицина

90/2

90/2

90/2

2)

Бейіндеуші пәндер (БП)

3285/73

5040/112

6795/151

2

Таңдау компоненті (ТК)

225/5

450/10

675/15

3

Аралық аттестаттау (АА)*

90/2

135/3

180/4

4

Қорытынды аттестаттау (ҚА)*

135/3

135/3

135/3

5

Жиыны

4095/91

6120/136

8145/181

Ескертпе: * Аралық және қорытынды аттестаттауға бөлінген академиялық сағаттар (апталардың) саны жалпы еңбек сыйымдылығына кірмейді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау

және әлеуметтік даму министрінің м.а.

2015 жылғы 31 шілдегі № 647

бұйрығына

6-қосымша



Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша докторантураның үлгілік кәсіптік оқу бағдарламасы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет