2015 жылғы 31шілдедегі №647 бұйрығы (2015 жылғы 2 қыркүйектегі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне №12007 болып тіркелді)



бет14/30
Дата25.04.2016
өлшемі2.99 Mb.
#89637
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30

1. Оқу бағдарламасының паспорты

6М11 - «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина)» топ мамандықтары бойынша денсаулық сақтау магистрларын және медицина ғылымдарының магистрларын даярлаудың үлгілік кәсіптік оқу бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) медициналық және фармацевтикалық білім беру және денсаулық сақтау саласындағы ғылыми-зерттеу секторы үшін мамандарды іргелі білім беру, әдістемелік және зерттеу даярлығын болжайды.

Денсаулық сақтау магистрларының және медицина ғылымдарының магистрларының негізгі міндеттері:

мамандарды денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина) саласы үшін ғылымның сәйкес бағыты бойынша толық және сапалы білім беру, кәсіптік құзыреттілік, теориялық және жеке практикалық дайындығын тереңдету есебінен білім берудің жоғары сапасына қол жеткізу әлемнің ғылыми көрінісін тұтастай қабылдауды қамтамасыз ететін анағұрлым маңызды және тұрақты білімді магистранттың меңгеруі;

білім алушылардың олардың белсенді өмірінің барлықкезеңінде өзін жетілдіруге және өзін дамыту қабілетін, жаңа білімдерді өзі шығармашылықпен меңгеру қажеттілігі мен дағдыларын әзірлеу;

жоғары деңгейлі кәсіби мәдениетті мамандарды, соның ішінде азаматтық позициясы бар, заманауи ғылыми және практикалық проблема мамандарды даярлау;

магистранттарды қазіргі дамушы әлемде оларға кәсіби мобильділікке кепілдік беретін ғылым өрлеуіндегі ілгері біліммен қамтамасыз ету;

ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және өткізу дағдыларын меңгеру, докторантурадағы ғылыми жұмысты жалғастыру үшін қажетті дағдыларды алу;

ЖОО-лардың педагогика және психология саласында білімнің қажетті ең төменын алу және ЖОО-ларда оқыту тәжірибесі.

Осы міндеттерге қол жеткізудің негізінде магистранттардың базалық жəне бейіндеуші пəндер бойынша қажетті білім мен құзыретін меңгеру, өндірістік/педагогикалық практикадан өту жəне эксперименттік-зерттеу/ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау кезінде дағдылары мен іскерлігін қалыптастыру болып табылады. Магистрлік білім беру бағдарламасының мазмұны денсаулық сақтау магистрларының мамандығы мен даярлау бағытымен және медицина ғылымының магистрлерімен айқындалады.



Бітіруші оқу бітіргеннен кейін осы Бағдарламаға 1-қосымшада айқындалған негізгі құзыретті (бұдан әрі - НҚ) демонстрациялайды.

2. Міндетті компоненттің базалық пəндер циклдерінің мазмұны
6М11 - «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина)» топ мамандықтары бойынша денсаулық сақтау магистрлері және медицина ғылымдарының магистрларын даярлаудың оқу бағдарламасы базалық пəндеріне міндетті компонентті жəне таңдау компонентін қамтиды. Таңдау компонентінің пəндерін докторант өзі айқындайды.

Базалық пəндерді зерделеу мақсаты - магистранттарда таңдаған мамандығы бойынша және оқыту бағыты бойынша тұрақты білімді, іскерлігі мен дағдыларды қалыптастыру жəне бекіту, бейіндеуші пəндерді меңгеруге даярлау.

Базалық және бейіндеуші пәндерді оқыту міндеттері:

магистранттарға биоэтика және биостатистиканың анағұрлым маңызды ережелері мен қағидаттары туралы ұсыныстарын беру;

биоэтика мен биостатистиканың нақты орнын оқыту зерделеу, қазіргі практикада басқару және клиникалық шешімдерді, сондай-ақ ғылыми-зерттеу және практикалық бағдарламаларды қабылдау;

магистранттарды ғылымдар шегінде шынайы дамушы әлімде олардың кəсіптік мобильдігіне кепілдік беретін іргелі білімін қамтамасыз ету;

магистранттарға кәсіби қызмет саласында кешенді сектораралық, пәнаралық мәселелерді шешу үшін базалық пәндерді пайдалану мүмкіндігінің түсінігін беру.

магистранттарға кәсіби қызмет саласында кешенді, пәнаралық, сектораралық проблемаларды шешу кезінде биостатистика, клиникалық эпидемиология және дәлелді медицина мен ғылыми зерттеулер әдіснамасының құралдарын пайдалану мүмкіндігіне түсінік беру.

Міндетті компоненттің базалық пəндер циклдерінің мазмұны осы Бағдарламаға -қосымшаға сәйкес ұсынылған.

3. Міндетті компоненттің бейіндеуші пəндер циклдерінің мазмұны
6М11 - «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина)» топ мамандықтары бойынша денсаулық сақтау магистрлері мен медицина ғылымдарының магистрлері даярлаудың оқу бағдарламасы бейіндеуші пəндерге міндетті компонент жəне таңдау компонентін қамтиды. Таңдау компонентінің пəндерін докторант өзі айқындайды.

Бейіндеуші пəндерді зерделеу міндеттері:

магистранттарды даярлаудың бағыттарын (бейінін) айқындайтын пәндер бойынша түсінігі, білімі, дағды және іскерлікті қалыптастыру;

қазіргі практикада магистранттарды даярлау (бейінін) бағытын айқындайтын пәндердің нақты орнын зерделеу, басқару және клиникалық шешімін, сондай-ақ ғылыми-зерттеу және практикалық бағдарламаны іске асыру процесінде қабылдау;

магистранттардың нақты дамушы әлемде олардың кәсіптік мобильдігіне кепілдік беретін ғылым шегінде іргелі білімдерін қамтамасыз ету;

Міндетті компоненттің бейіндеуші пəндердің мазмұны осы бағдарлама 3-қосымшаға сәйкес ұсынылған.

6М11 - «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина)» топ мамандықтары бойынша бағдарламасында бейінді магистратура ұзақтығы - 1 және 1,5 жыл, ғылыми және педагогикалық магистратура ұзақтығы - 2 жыл. Білім беру қызметін жоспарлау және ұйымдастыру осы Бағдарламаға 4-8-қосымшаларға сәйкес тиісті мамандығы бойынша үлгілік оқу бағдарламасының негізінде жүзеге асырылады.

6М11 - «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина)» топ мамандықтары бойынша магистратураның білім беру бағдарламасын меңгерген тұлға және даярлаудың сәйкесінше мамандығы бойынша «денсаулық сақтау магистрі» академиялық дәрежесі беріледі.

6М11 - «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина)» топ мамандықтары бойынша ғылыми және педагогикалық магистратураның білім беру бағдарламасын меңгерген тұлға және даярлаудың сәйкесінше мамандығы бойынша «медицина ғылымының магистрі» академиялық дәрежесі беріледі.

Медициналық және фармацевтикалық

мамандықтар бойынша

магистратураның үлгілік

кәсіптік оқу бағдарламасына

1-қосымша

6М11- «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина)» топ мамандықтары бойынша магистратураның білім беру бағдарламасын бітірген тұлғалардың негізгі құзыреті


Денсаулық сақтау магистры:

Медицина ғылымдарының магистры:

мынадай:

- ғылыми танымды дамытудағы қазіргі үрдістер туралы;

- денсаулық сақтаудың өзекті әдістемелік және философиялық проблемалары және олардың шешудің заманауи әдістері туралы;

- жаһандану процестерінің қарама қайшылықтары және әлеуметтік-экономикалық салдарлар туралы;

- әлемдік бизнес әріптестердің экономикалық, саяси, құқықтық, мәдени және технологиялық ортаның қазіргі заман,ы жағдайы туралы;

- денсаулық сақтау ұйымдарында стратегиялық басқаруды және инновациялық менеджментті және теориялық көшбасшылықты ұйымдастыру туралы;

- денсаулық сақтау ұйымдарының жұмыс істеуінің негізгі қаржылық-шаруашылық проблемалары туралы;

- деректердің статистикалық талдаудың заманауи әдістері туралы.


- денсаулық сақтауды дамытуда ғылым және білімнің ролі туралы;

- ғылыми танымды дамытудағы заманауи үрдістер туралы;

- денсаулық сақтаудың өзекті әдістемелік және философиялық проблемалары туралы;

- медициналық ЖОО-ларда пәндерді оқытудың заманауи әдіснамасы туралы;

- Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби құзырету туралы;

- түсінігі болуы тиіс.



мыналарды:

медицинадағы зерттеулерді жоспарлаудың, ұйымдастыру қағидалары мен қағидаттары жəне зерттеу əдістерін;

- дәлелді медицинаның теориялық жəне практикалық негіздері;

- дәлелді медицинаның фармацевтикалық практикадағы орнын;

- бейіндік дайындықтың таңдаған бағыты шеңберінде кəсіптік қызметінің теориялық жəне практикалық негіздерін;

- медициналық жəне биомедициналық зерттеулердегі сандық жəне сапалық талдау əдістерін;

- тиімді қарым-қатынас əдістерін, денсаулық сақтау ұйымындағы дауларды,

стресстерді жəне инновацияны басқару үшін психология мәселелерін;

- қазіргі эпидемиологияның жəне биоэтиканың теориясы мен практикасының негіздерін;

- басқарудың, диагностиканың, талдаудың, проблеманы шешудің жəне оларды практикада жүзеге асырудың қазіргі əдістерін;

- кемінде бір шеттілін еркін меңгеру деңгейінде, оның ішінде медициналық жəне ғылыми ақпаратты еркін меңгеретін деңгейде.



- мамандық бойынша даярлаудың таңдаған бағыты бойынша денсаулық сақтаудың негізгі жетістіктері және даму үрдістерін;

- бейінді даярлықтың таңдаған бағыты шеңберінде жоспарлау қағидаттары, ұйымдастыру және кәсіптік қызмет негіздерінің әдістерін;

- жоғары мектепте медицина пәндерінің оқытылу әдістемесін;

- ғылыми және педагогикалық дайындықтың таңдаған бағыты шеңберіндегі кәсіптік қызметінің теориялық және практикалық негіздерін;

- қазіргі эпидемиология мен биоэтиканың теориясы мен практикасының негіздерін;

- медициналық және биомедициналық ғылыми зерттеулердегі сандық және сапалық талдау әдістерін;

- кемінде бір шеттілін еркін меңгеру деңгейінде, оның ішінде медициналық және ғылыми ақпаратты еркін түсінетін деңгейде білуі тиіс.


мыналарды:

- кəсіби қызметінің əр деңгейінде басқару шешімдерін қабылдауды, талдауды жəне жобалауды;

- денсаулық сақтау жəне медицина саласындағы зерттеу қызметінің ұлттық, халықаралық стандарттарына жəне дәлелді медицина қағидатына сүйене отырып,зерттеу міндеттерін шешу;

- кəсіптік қызмет саласының пəнаралық, сектораралық кешенді проблемаларын шешу;

- өзінің алдағы кəсіби дамуын жобалау;

- жеке жəне кəсіптік деформацияларға қарсы тұру;

- мамандардың корпоративтік жұмысын үйлестіру;

- білімдерді интеграциялауды жəне оны жеткілікті, логикалық байланыстырып ауызша жəне жазбаша формада жеткізе алу іскерлігі.


- өзінің кәсіптік, ғылыми, ғылыми-педагогикалық қызметін, сонда-ақ ұжым қызметін жоспарлауды және жүзеге асыру;

- іргелі ғылымдар бойынша өзінің практикалық жұмысында медицинадағы нақты зерттеу, ақпараттық-іздестіру, әдістемелік міндеттерді шешу үшін қолдану;

- әлеуметтік маңызды проблемалар мен процестерді ғылыми тұрғыдан талдау;

- медицинадағы ғылыми зерттеулердің қазіргі әдістерін қолдану;

- білімін интеграциялауды және оны жазбаша және ауызша нысанда жеткілікті, логикалық байланыстырып жеткізе білу іскерлігі.


мынадай:

- логикалық жəне сыни ойлау, шешіміне сендіру жəне дəлелдеу, өз пікірін ауызша жəне жазбаша түрде дұрыс жəне логикалық ресімдеу;

- кəсіптік функцияларды іске асыруға байланысты мақсатты қоя білу жəне міндеттерді тұжырымдау;

- кəсіптік қызметі саласындағы практикалық проблемалар мен міндеттерді шешу;

- кəсіптік қызмет саласындағы әртүрлі процестер мен құбылыстарды модельдеу және болжау;

- кəсіптік қызметі саласында кешенді жобаларды басқару;

- кəсіптік функцияларын өз бетінше, шығармашылықпен орындау, өзін және өзінің еңбек нəтижесін əділ бағалау.



- дербес зерттеу жұмысы, бірлескен зерттеу жобаларын әзірлеу және іске асыру;

- логикалық және сыни ойлау, шешімдерге сендіру және дәлелдеу, өз пікірін ауызша және жазбаша түрде дұрыс және логикалық ресімдеу;

- жаңа ақпараттық және білім беру технологиясы көмегімен кәсіби білімін тереңдету;

- кәсіби қызмет аясында әртүрлі процестер мен құбылыстарды модельдеу және болжау, зерттеу және педагогикалық стандартты міндеттерді шешу;

- білім алушылар және мамандар аудиториясымен жұмыс;

- кәсіптік міндетін дербес, шығармашылықпен орындау, өзін, өзінің еңбек нәтижесін әділ бағалау дағдыларының болуы.



мыналарға:

- медициналық жəне биомедициналық зерттеулерді жоспарлаудың, ұйымдастырудың жəне жүргізудің қазіргі жүйесінің саласында;

- бейінді даярлауды таңдаған бағыты шеңберінде қолданбалы кəсіптік проблемаларды шешуде;

- ақпараттық іздеу проблемасын шешуде;

- тиімді кəсіптік өсуді жүзеге асыруда.



- мамандық бойынша даярлауды таңдаған бағыты бойынша ғылыми және педагогикалық қызмет мәселелерінде;

- ғылыми медициналық және биомедициналық зерттеулерді жоспарлаудың, ұйымдастырудың және жүргізудің қазіргі жүйесі саласында;

- ғылыми нәтижені баяндауда және ресімдеуде, ғылыми ақпаратты іздестіруде және ақпарат алмасуда;

- тиімді кәсіби өсуді жүзеге асыруда құзыретті.



мынадай:

  • ғылыми танымның дамуындағы қазiргi үрдістер туралы;

  • жаратылыстану (әлеуметтік, гуманитарлық, экономикалық) ғылымдарының әдіснамалық және философиялық өзекті проблемалары туралы;

  • жаһандану процестерінің қарама-қайшылықтары мен әлеуметтiк-экономикалық салдары туралы;

  • әлемдік бизнес серіктестiктің экономикалық, саяси, құқықтық, мәдени және технологиялық ортасының қазiргi жай-күйі туралы;

  • кәсiпорынды стратегиялық басқаруды ұйымдастыру, инновациялық менеджмент, көшбасшылық теориялары туралы;

  • кәсiпорынның жұмыс істеуінің негiзгi қаржылық-шаруашылық проблемалары туралы түсінігі.

  • қоғамдық өмiрдегi ғылым және бiлiмнiң рөлі туралы;

  • ғылыми танымның дамуындағы қазiргi үрдістер туралы;

  • жаратылыстану (әлеуметтік, гуманитарлық, экономикалық) ғылымдарының әдіснамалық және философиялық өзекті проблемалары туралы;

  • жоғары мектеп оқытушысының кәсiби құзыреттілігі туралы;

  • жаһандану процестерінің қарама-қайшылықтары мен әлеуметтiк-экономикалық салдары туралы түсінігі болуы тиіс.

мыналарды:

  • ғылыми танымның әдiснамасын;

  • экономика құрылымын өзгертетін негiзгi қозғаушы күштерді;

  • инвестициялық ынтымақтастықтың ерекшелiктері мен ережелерiн;

  • ғылыми зерттеулер мен практикалық қызметті жүзеге асыруға мүмкiндiк беретін кемінде бір шет тiлiн кәсiптік деңгейде білуі қажет

  • ғылыми танымның әдiснамасын;

  • ғылыми қызметті ұйымдастырудың қағидаттары мен құрылымын;

  • оқыту процесінде студенттердің танымдық қызметінің психологиясын;

  • білім берудің тиімділігі мен сапасын арттырудың психологиялық әдістері мен құралдарын білуі тиіс.

мынадай:

  • кәсiптік қызметте танымның ғылыми әдiстерiн қолдана білу;

  • процестер мен құбылыстарды зерттеудiң қолданыстағы тұжырымдамаларын, теориясы мен әдістерін сын-көзбен талдай білу;

  • әртүрлi пәндер бойынша меңгерген бiлiмді интеграциялауы, оларды жаңа белгісіз жағдайларда аналитикалық және басқарушылық мәселелерді шешуде қолдана білу;

  • кәсiпорынның шаруашылық жұмысына микроэкономикалық талдау жүргiзе алуы және оның нәтижелерiн кәсiпорынды басқаруда қолдана білуі;

  • маркетинг пен менеджменттi ұйымдастырудың жаңа әдістерін практикада қолдана алу;

  • кәсiпорынның (фирманың) шаруашылық жұмысын ұйымдастыру мен басқарудағы қиын және қалыптан тыс жағдайларда шешiм қабылдай білу;

  • экономикалық қатынастарды реттеудегi Қазақстан Республикасының заңнамалық нормаларын практикада қолдана білу;

  • жаңа проблемалар мен жағдайларды шешуде креативтi ойлауы және шығармашылықпен қарау;

  • ақпараттық-аналитикалық және ақпараттық-библиографиялық жұмысты қазiргi ақпараттық технологияларды қолданып жүргізу;

  • диссертация, мақала, есеп, аналитикалық жазбалар және т.б. түрінде эксперименталды-зерттеу және аналитикалық жұмыс нәтижелерін қорыта білу іскерлігі болуы тиіс.

  • алған білімін ғылыми зерттеулер контекстiнде идеяларды қолдану немесе өзіндік дамыту үшiн қолдана білу;

  • процестер мен құбылыстарды зерттеудiң қолданыстағы тұжырымдамаларын, теориясы мен әдістерін сын-көзбен талдай алуы;

  • әртүрлі пәндер аясында алған білімін жаңа таныс емес жағдайларда зерттеу мәселелерін шешуде интеграциялау;

  • бiлiмді интеграциялау жолымен, толық емес немесе шектеулі ақпараттар негiзiнде тұжырымдама жасап, шешiм қабылдай алу;

  • жоғары мектеп педагогикасы мен психологиясынан алған бiлiмін өз педагогикалық қызметiнде қолдана білу;

  • оқытудың интерактивті әдiстерін қолдана білу;

  • ақпараттық-аналитикалық және ақпараттық-библиографиялық жұмысты қазiргi ақпараттық технологияларды қолданып жүргізу;

  • жаңа проблемалар мен жағдайларды шешуде креативтi ойлауы және шығармашылықпен қарау;

  • ғылыми зерттеулер жүргізуге және ЖОО-да арнайы пәндер бойынша сабақ жүргізуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретіндей кәсіптік деңгейде шет тілін еркін меңгеру;

  • диссертация, ғылыми мақала, есеп, аналитикалық жазбалар және т.б. түрінде ғылыми-зерттеу және аналитикалық жұмыс нәтижелерін қорыта білу іскерлігі болуы тиіс..

мынадай:

  • стандартты ғылыми және кәсiптік міндеттерді шешу;

  • ұйымдар мен кәсiпорындардың экономикалық қызметiн ұйымдастыруда және басқаруда ғылыми талдау және практикалық мәселелерді шешу;

  • менеджмент және маркетинг саласында проблемаларды зерттеу және алынған нәтижелерді кәсiпорынды басқару әдiстерiн жетiлдiру үшiн қолдану;

  • кәсiптік қарым-қатынас және мәдениетаралық байланыс;

  • шешендік өнер, өз ойын ауызша және жазбаша түрде дұрыс және логикалық ресiмдеу;

  • күнделiктi кәсiптік қызметте және докторантурада білімін жалғастыру үшін қажет бiлiмін кеңейту және тереңдету;

  • кәсiптік қызмет саласында ақпараттық және компьютерлік технологияларды пайдалану дағдысы болуы тиіс.

  • ғылыми-зерттеу қызметі, стандартты ғылыми мәселелерді шешу;

  • кредиттік оқыту технологиясы бойынша білім беру және педагогикалық қызметті жүзеге асыру;

  • кәсiптік пәндердi оқыту әдiстемесі;

  • білім беру процесінде қазiргi ақпараттық технологияларды қолдану;

  • кәсiптік қарым-қатынас және мәдениетаралық байланыс;

  • шешендік өнер, өз ойын ауызша және жазбаша түрде дұрыс және логикалық тұрғыдан ресiмдеу;

  • күнделiктi кәсiптік қызметте және докторантурада білімін жалғастыру үшін бiлiмін кеңейту және тереңдету дағдысы болуы тиіс.

мыналарда:

  • мамандық бойынша зерттеу әдіснамасы саласында;

  • жаһандық жәнеұлттық денсаулық сақтау заманауи проблемалар саласында;

  • кәсiпорын қызметiн ұйымдастыру мен басқаруда;

  • әртүрлi ұйымдармен, оның ішінде мемлекеттiк қызмет органдарымен өндiрiстiк байланыстарды жүзеге асыруда;

  • бiлiмнің үнемі жаңаруын қамтамасыз ету, кәсiптік дағдыны және біліктілікті тереңдету тәсілдерінде құзыретті.

  • ғылыми зерттеулердің әдіснамасы саласында;

  • жоғары оқу орындарындағы ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызмет саласында;

  • қазiргi бiлiм беру технологияларына қатысты мәселелерде;

  • кәсiтік салада ғылыми жобалар мен зерттеулерді орындауда;

  • бiлiмдi үнемі жаңартуды, кәсiптік дағды мен білікті кеңейтуді қамтамасыз ету әдістерінде құзыретті.



Медициналық және фармацевтикалық

мамандықтар бойынша

магистратураның үлгілік

кәсіптік оқу бағдарламасына

2-қосымша

Міндетті компоненттің базалық пəндер циклдерінің мазмұны


Пән коды

Пәндердің атауы

Пəндердің мазмұны

Bio

Биостатистика

Биостатистикаға кіріспе. Ықтимал негізгі ұғымдары. Жиынтық параметрін бағалау. Статистикалық гипотезді тексеру негіздері. Сапалық және сандық белгілер арасындағы өзара байланысты зерделеу. Дисперсиялық талдау негіздері. Параметрлік және параметрлік емес өлшемдер. Корреляциялық талдау. Регрессиялық талдау. Эксперименттердің жоспарлаудың математикалық теориясы. Белгілер мен объектілердің құрылымын көп өлшемді әдістермен зерттеу. Статистикалық криитерийлердің қуаттылығын талдау және таңдалған зерттеулердің көлемін бағалау. Деректерді өңдеу үшін неғұрлым көпшілік танымал статистикалық пакеттерге шолу. Медициналық-биологиялық экпериментте өлшем шәкілін қолдану. Агрегирленген бағалау. Кешенді бағалау. Денсаулық сақтау саласындағы мақалалар мен диссертациялық зерттеулерде статистикалық әдістердің қолданылуын талдау. Стандарттау әдісі, оның мәні және қолданылуы. Халық денсаулығының статистикасы. Денсаулық сақтау жүйесінің статистикасы. Медициналық-биологиялық зерттеулер статистикасы.

OBi

Биоэтика негіздері

Биоэтикаға кіріспе. Адамның қатысуымен биомедициналық зерттеулерді этикалық тұрғыдан және құқықтық қамтамасыз ету. Адамның қатысуымен биомедициналық зерттеулерді жүргізудің этикалық нормаларын реттейтін құжаттар. Этика жөніндегі комитетті құру және оның қызметі. Стандартты операциялық емшаралар. Зерттеу жүргізу әдістемесін этикалық тұрғыдан бағалау. Дәрілік препараттарға клиникалық зерттеу жүргізу фазалары. Зерттеу дизайны және биомедициналық зерттеу жүргізу әдістемесін этикалық тұрғыдан бағалау. Хабардар болған соң берілген келісім. Биомедициналық зерттеулерге қатысушыларды сақтандыру арқылы қорғау мәселелері.



Медициналық және фармацевтикалық

мамандықтар бойынша

магистратураның үлгілік

кәсіптік оқу бағдарламасына

3-қосымша

Міндетті компоненттің бейіндеуші пəндер циклдерінің мазмұны


Пән коды

Пәндердің атауы

Пəндердің мазмұны

OUZ

Денсаулық сақтауды ұйымдастыру

және басқару



Денсаулық сақтау органдарының қызметі және оларды бақылау. Мемлекет және халықтың денсаулығы. Мемлекет және жеке тұлға. Денсаулық сақтау саласындағы міндеттердің басқару деңгейіне қарай бөлінуі. Қоғамдық денсаулық сақтаудың міндеттері. Денсаулық сақтаудағы үкіметтік емес ұйымдардың рөлі. Медицинадағы жекеше және мемлекеттік секторлар. Медициналық қызмет көрсетуді тіркеу және оның сапасын қамтамасыз ету. Халық денсаулығының жай-күйінің мониторингі. Денсаулық сақтаудағы қазіргі ақпараттық технологиялар. Ұлттық денсаулық сақтау жүйесі. Дамыған елдер мен дамушы елдердегі денсаулық сақтау жүйесі. Денсаулық сақтау жүйесін реформалаудың проблемалары.
2-кестеде жалғасы
Денсаулық сақтау саясаты және жоспарлау мәселелері. Басқару теориясы. Басқару жүйесі. Нақты міндеттерді орындауға бағытталған басқару. Денсаулық сақтаудағы сапа менеджменті жүйесі. Ұйымдастыру үлгілері. Денсаулық сақтау жүйесін стратегиялық басқару
. Денсаулық сақтау жүйесі ұйым ретінде. Деңгейлес интеграция пен сатылас интеграция. Аурухана ұйым ретінде. Медициналық мекемені ұйымдастыру үлгілері. Ұйымдардың жаңа үлгілері.

OKEDM

Клиникалық эпидемиология мен дәлелді медицина негіздері

Ғылым ретіндегі клиникалық эпидемиология. Негізгі терминдер мен ұғымдар. Эпидемиологиялық деректердің зерттеуін талдау және өңдеу. Скринингтің эпидемиологиялық аспектілері. Эпидемиологиядағы себеп-салдарлық байланыс. Инфекциялық ауруларды зерттеу жəне бақылау. Эпидемиологиялық зерттеу. инфекциялық аурулармен күрес. Инфекциялық емес аурулар жəне олармен күрес. Эпидемиологиялық ауысу. Арнаулы емес созылмалы аурулардың таралуының көрсеткіштері. Созылмалы аурулардың қауіп факторлары жəне этиологиясы, əлеуметтік-экономикалық салдары. Созылмалы аурулар жəне жаңа қоғамдық денсаулық сақтау.

Дәлелді медицинаның терминологиясы, құралдары жəне əдістері. Дәлелді медицина бойынша мəліметтерді түсіндіруге қажетті базалық статистикалық білім. Медициналық ақпаратты іздестіру əдіснамасы, сенімді дереккөздер мен қорлар. Дәлелді медицина сүзгілерін пайдаланып ғаламторда ақпарат іздеу. Дәлелді медицина тұрғысынан медициналық жарияланымдарды талдау. Дәлелді медицинадағы сандық жəне сапалық зерттеу əдістері. Рандомизацияланған бақыланатын сынақтар. «Алтын стандарт». Дәлелді медицинадағы зерттеу сатысы. Медициналық клиникалық зерттеулер дизайны. Рандомизацияланған бақыланатын сынақтар. Жүйелі шолу мен мета-талдаудың сыни бағасы. Клиникалық шешім қабылдау процесі. Клиникалық нұсқаулар мен ұсыныстарды əзірлеу жəне бағалау. Дəлелдену деңгейі.



UZPZ

Денсаулықты нығайту және аурулардың профилактикасы


Қоғамдық денсаулық сақтаудың негізгі бағыты ретінде денсаулықты нығайту болып есептеледі.Денсаулықты анықтау. Денсаулық критерийлері. Денсаулықты белгілейтін этиологиялық факторлар. Денсаулықты қалыптастыруда тұқымқуалаушылық факторлары, этиологиялық ерекшеліктері, тұратын ортасы,өмір сүрудің мәні. Халық денсаулығының негізгі көрсеткіштері қоршаған орта сапасының интегралдық бағасы. Алғашқы және қайталама деңгейінің профилактикасы. Денсаулықты қорғау және профилактикалық тексерулерді нығайту маңызы, жекеше және қоғамдық денсаулық сақтау.Инфекциялық және инфекциялық емес ауруларды алдын алу. Әлеуметті маңызды аурулардың алғашқы, қайталама, үшінші профилактикасының бағдарламасы. Денсаулықты нығайту және қорғау саласында ДДСҰ бағдарламасы. Қазіргі кезеңде
2-кестеде жалғасы
денсаулықты нығайту саласында Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саясаты. Денсаулықты нығайту қызметін басқару және ұйымдастыру
.

OSPDSD

Мейіргер ісі үдерісін және Мейіргер ісі құжаттарын ұйымдастыру

Мейіргер ісі практикасының стандарттары. Мейіргер үдерісін сипаттау. Мейіргер үдерісінің кезеңдері. Мейіргер үдерісінің құжаттамасы. Деректерді жинау. Деректерді жинау әдістері. Мейіргерлік диагнозын қою. Мейіргер диагнозының ерекешелігі. Мейіргер іс- шарасының күтімі мен таңдауын жоспарлау. Басымдылығын белгілеу. Мейіргер іс-шарасын таңдау. Мейіргердің тағайындалуы. Мейіргерлік күтім жоспарын жүзеге асыру. Мейіргер араласуының түрлері. Хаттамалар мен тағайындаулар. Күтім бойынша жоспарды орындауға тигізетін әсері мен факторлары. Мейіргер үйлестіруші ретінде. Қарым-қатынас құралы. Медициналық карточкадағы мейіргер жазбалары. Мейіргердің қарап-тексеру. Өзін-өзі бағалау.

DMSP

Мейіргер практикасындағы

дәлелді медицина



Дәлелденген мейіргер ісінің тарихы. Дәлелді медицинаның терминологиясы, құралдары жəне əдістері. Медициналық практикаға мейіргерлік ғылыми зерттеудің әсер етуі. Пациенттерге мейіргер практикасының дәлелділігі, оңды әсер етуі. Мейіргерлік практикада ғылыми дәлел қадамын қолдану. Қабылданған шешім негізінде мейіргерлік араласуды жүзеге асыру нәтижелерінің сыни бағасы. Ғылыми әдістерін зерттеу және мейіргерлік үдерісін салыстыру. Медициналық ақпаратты іздестіру əдіснамасы, сенімді дереккөздер мен ресурстар. Ғылыми жариялымдар мен ғылыми зерттеулер есебін талдау және оқу. Дәлелді медицина сүзгілерін пайдаланып ғаламторда ақпарат іздеу. Мейіргер практикасында дәлелдерді дамыту
2-кестеде жалғасы
үшін кедергі.

MMF

Фармациядағы менеджмент

пен маркетинг



Фармациялық менеджментке кіріспе. Басқару теориясы. Басқару жүйесі. Фармация саласында мемлекеттік реттеу негізі. Ұйымдастырушылық үлгісі. Фармацияда стратегиялық басқару. Менеджмент дәріханалық құралдарды ретінде басқару. Жетекшілік және дәріханалық ұйым. Фармацияда шешімдерді қабылдау үлгісі және әдістері. Кадрлық менеджмент пен кадрлармен басқару . Фармациялық қызметті сапалы басқару. Шешім қабылдау үдерісі. Фармациялық ұйымда іс жүргізу негізі. Фармациялық маркетинг. Маркетингті басқару үдерісі. Дәрі-дәрмек заттарда қажеттілік болжамы. Фармациялық ұйымның тауарлық саясаты. Фармациялық қызметті ақпаратпен қамтамасыз ету.

OSES

Санитариялық-эпидемиологиялық

қызметті ұйымдастыру



Қазақстан Республикасында санитариялық-эпидемиологиялық қызметті ұйымдастыру жəне міндеттері. Мемсанэпидқызмет ұйымдарының, ведомстволарының, құрылымдық бөлімшелерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз етудегі рөлі. Мемлекеттік саясаттың халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету саласындағы негізгі бағыты. Қазақстан Республикасындағы қазіргі санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы. Өмір сүру ортасының факторлары, олардың халық денсаулығына əсері. Мемсанэпидқызмет жұмысының сапасын бақылау жүйесі. Саламатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында халық арасында жəне медицина қызметкерлерінің арасында санитариялық-ағартушылық жұмыстарын жүргізу. Халықтың денсаулық жағдайына жəне адамның өмір сүру ортасына диагноз қою. Клиникалық, гигиеналық жəне эпидемиологиялық диагноздарды қою алгоритмін меңгеру. Халықтың денсаулығы мен өмір сүру ортасы жағдайының əлеуметтік-гигиеналық мониторингілеу жүйесіндегі көрсеткіштері. Адамның өмір сүру ортасының
2-кестеде жалғасы
химиялық, физикалық жəне биологиялық факторларын нормалау қағидаттары.


OMP

Сабақ беру әдіснамасының негіздері

Медициналық білім беру міндеттері. Бұрынғы алған білімін жандандыру тəсілдері.Оқыту стильдері. Оқыту əдістері. Жеке білім беру траекториясын əзірлеу. Шағын топтармен жұмыс тəртібі мен əдістері. Топтың проблемалы мүшелері. Проблемаға бағытталған оқыту. Жобаға бағытталған оқыту. Командаға- бағытталған оқыту. Зерттеуге негізделген оқыту. Кері байланыс əдістері. Іскерлігін, дағдыларын, қарым-қатынасты, біліктілікті жəне практикалық жұмысты бағалау əдістері. Негізгі жəне клиникалық пəндер бойынша жазбаша тест сұрақтарын құру. Клиникалық пəндерден сабақ беру ерекшелігі. Объективті құрылымды клиникалық емтихан (ОҚКЕ). Стандартталған пациент. Дəрігерлердің дипломнан кейінгі жəне үздіксіз кəсіптік дамуын ұйымдастыру қағидаттары. Ересектерді оқыту ерекшелігі. Өзінің білімін жетілдіруі.

OMNI

Ғылыми зерттеу әдістерінің негіздері

Ғылыми зерттеу саласында ұлттық құқықтық негіздер. Ғылыми зерттеу саласында халықаралық құқықтық негіздері: QPBR, GLR, GLR, GCLP және басқалары. Медицинадағы ғылыми зерттеулер. Ғылыми және зерттеулер бағдарламаларды қаржыладыру көзі бойынша: ҒТБ бюджеттік (мақсатты-бағдарламалы және гранттық қаржыландыру, инновациялық жобалар). Отандық пен шетелдік грант берушілер қорлары гранттарды іздеу және тарту. Ғылыми жобалар мен гранттық ұсынымдарды жазу: проблемаларды шығара білу, ғылыми-зерттеу жобаларының міндеттері мен мақсаттарын анықтау, ҒЗЖ индикаторларын әзірлеу: жоба нәтижелілік индикаторы мен қауіп индикаторы, көлемді анықтау және іріктеу, статистикалық өңдеу әдісін жоспарлау. Гант диаграммалар
2-кестеде жалғасы
үлгісінде және PERT диаграммалар үлгісінде жобалар бойынша жоспарды ұсыну (Micorsoft Project), зерттеу ортасын сипаттау, жоба құнын дәлелдеу, зерттеу тобын құру. Әдіснамалық зерттеу. Талдау және жазылған зерттеулер. Жүйелі шолу. Метаталдау. Ақпарат жинау. Деректерді өңдеу. Зерттеуді талдау және ұсыныстар мен қорытындыны жасау. ҒЗЖ нәтижелерін енгізу, зияткерлік құқықты қорғау (патент беру). Жалпы талаптар мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын рәсімдеу ережесі. Ғылыми-зерттеу жұмысын рецензиялау, жұмысы туралы баяндама, баяндама тезистерін құру. Ғылыми материалдарды басылымға шығаруға дайындау. Рецензиясы бар журналдарға басылымға беру, мақала жазудың жалпы ережесі. Әдіснама сапасының бағасы, ғылыми зерттеу қателерінің негізгі түрлері.
Ғылыми зерттеу нәтижесінің практикалық механизмдерінің практикаға және денсаулық сақтау саясатына берілуі.

Медициналық және фармацевтикалық

мамандықтар бойынша

магистратураның үлгілік

кәсіптік оқу бағдарламасына

4-қосымша



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет