«2021-2022 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы»



бет121/141
Дата22.11.2022
өлшемі1 Mb.
#465456
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   141
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ 2021-2022

Білім беру жүйесіндегі педагог
Қазіргі мұғалімнің білім берудегі рөлі заман талабына сай міндеттерге байланысты жан-жақты және алуан түрлі, мұғалім – білімге жетелеуші, психолог, тәлімгер, қорғаушы, ұйымдастырушы болуы тиіс.
Осылайша, оқушыларымыздың тәуелсіз өмірге бейімделуі тікелей мұғалімге байланысты. Қазіргі мұғалім балада әмбебап білімнің, дағдылардың, сондай-ақ оқушылардың өзіндік қызметі мен жеке жауапкершілігінің, яғни заманауи білім сапасын анықтайтын негізгі құзыреттіліктің тұтас жүйесін қалыптастыруы керек.
Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі – объектіге, құралдарға, педагогикалық еңбек жағдайларына ерекше сезімталдықтан тұратын оқушының жеке тұлғасын қалыптастыруда қажетті қасиеттердің тиімді модельдерін құру.
Осылайша, біздің оқушыларымыздың өз бетінше өмір сүруі көбіне мұғалімге байланысты болады. Мұғалімдер алдында оқушыларды жұмысқа тарту және оларға айналадағы барлық нәрселерге белсенді қатысуға мүмкіндік беру; білім алушыларда ішкі мотивация мен өзін-өзі реттеуді дамыту үшін жағдай жасау міндеті тұр. Оқыту және тәрбиелеу процесінде алынған дағдылар, қол жеткізілген ақыл-ойының дамуы тек білім алушыға ғана емес, сонымен қатар өз жұмыстары мен идеяларын сыни бағалау үшін мұғалімдерге де көмек ретінде қажет.
Білім беру процесінде ақпараттық-коммуникациялық құралдар, қашықтықтан оқыту формалары маңызды рөл атқарады. Сондықтан мұғалім компьютерлік технологияларды жақсы білуі керек, балалардың назарын жеке байланыссыз аудара білуі тиіс.
Тек қана сыни ойлаушы мұғалім бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеуі мүмкін.
2021-2022 оқу жылында мамандандырылған білім беру ұйымдарында білім беру үдерісін ұйымдастыру
Бүгінгі таңда мамандандырылған білім беру ұйымының ең маңызды функциясы – шығармашылық, жобалық, зерттеу қызметіне қабілетті жоғары уәжделген балаларды анықтау және қолдау.
Көпаспектілі білім беру қызметі жетекші болып табылады:
- қосымша білім беру пәндері бойынша берілетін білім;
- кәсіптік білім берудің пропедевтикасы;
- кәсіби өзін-өзі анықтау;
- баланың танымдық қызығушылығын қанағаттандыратын оқыту;
- әлеуметтендіру.
Мамандандырылған ұйым бірқатар жүйелі міндеттерді шешуді көздейді. Бірінші кезекте – білім алушыға заманауи білім беру сапасын ұсыну. Бұл оның ел дамуының қазіргі заманғы өмірлік қажеттіліктеріне сәйкестігін білдіреді. Педагогикалық тұрғыда – бұл білім берудің білім алушылардың белгілі бір білім деңгейін меңгеруіне ғана емес, сонымен қатар оның жеке басын, танымдық және жасампаздық қабілеттерін дамытуға бағытталуы.
Білім беру мазмұнын жаңарту жеке адамның, қоғамның, мемлекеттің мәдениет, шығармашылық, инновациялық қызмет саласындағы қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған. Оқыту барысында икемділік, сындылық, ойлау ауқымдылығы; шешім қабылдаудағы дербестік; өзгермелі өмірлік жағдайларға бейімделу қабілеті; ұжымда жұмыс істей білу, қиын жағдайларды болжау және шешу сияқты қасиеттерге ие болатын барлық педагогикалық талпыныстардың орталығында білім алушының жеке тұлғасы болуы тиіс.
Мамандандырылған білім беру ұйымдарында қашықтықтан білім беру
Ең алдымен, өзіңізді және өз оқушыларыңызды қашықтықтан оқыту сыныптағы сияқты маңызды, айырмашылығы араңызда қашықтық болатынын түсіндіріңіз. Оқушылар материалды өз бетінше зерделеуде ынталы болуға тиіс, ал бақылау сіз оларға қашықтықтан беретін тапсырмаларды орындауды бағалау арқылы жүзеге асырылады.
Жұмыс бағдарламаңызды қайта қарап шығыңыз (осы жылы қалып қойған қандай тақырыптарды міндетті түрде зерделеу қажет екенін, келесі оқу жылына қандай материалдарды ауыстыруға болатынын; қандай материалды қайталау қажет екенін; оқушылардың қандай іскерліктері мен дағдыларын пысықтау керек екенін анықтаңыз) және қашықтықтан білім беру технологияларын қолдануды ескере отырып, жаңа күнтізбелік-тақырыптық жоспар құрыңыз.
Жұмыс бағдарламасын түзету кезінде неге назар аудару керек? Жоспарланған білім беру нәтижелерінің тізбесін сақтау керек.
Білім алу платформасын таңдаңыз
Оқушылармен қарым-қатынас жасау платформасын таңдау қажет, ол жерде Сіз тапсырмаларды орындауға арналған материалдарды орналастырасыз (жібересіз). Бұл өте маңызды мәселе, өйткені білім беру мазмұны бар платформадан материалды игеру сапасына тәуелді.
Сіз жай ғана өз бетінше зерттеу, тестілер мен онлайн- жаттығуларды орындау немесе интернет желісінің түрлі қызметтерін пайдалана отырып, өзіңіздің бейне, презентациялар мен тестілеріңізді жасау үшін Интернет желісінің түрлі ресурстарының сілтемелерін таңдай аласыз.
Алайда, оқытуды кешенді іске асыру, жаңа материалды зерттеу, оны бекіту және тексеру бірыңғай тәсілде толыққанды жүзеге асырылуы мүмкін және ол үшін білім беру онлайн платформаларын пайдалану ұсынылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   141




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет