«2021-2022 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы»



бет120/141
Дата22.11.2022
өлшемі1 Mb.
#465456
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   141
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ 2021-2022

Жаһандану жағдайында білім алушылардың зияткерлік, патриоттық, рухани-адамгершілік және дене дамуын қамтамасыз ету
Білім беру мазмұнын жаңарту қажеттілігі тұлғаның рухани-адамгершілік дамуы, білім алушылардың өмірлік өзін-өзі анықтауға дайындығын, олардың әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз етуге бағытталған жалпы орта білім берудің тәрбие әлеуетін күшейту міндеттерінің басымдығына негізделген.
Мамандандырылған білім беру ұйымдарының негізгі педагогикалық мақсаты – Қазақстанның адамгершілігі жоғары, жауапты, көшбасшылық және құзыретті азаматын тәрбиелеу.
Мамандандырылған мектеп оқушыларын тәрбиелеу мен әлеуметтендіруді ұйымдастыру мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1. Азаматтыққа, патриотизмге, адам құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Құндылықтар:
- Отанға, өз халқына, кіші отанына деген махаббат;
- Отанға қызмет ету; құқықтық мемлекет; азаматтық қоғам;
- Отан, аға ұрпақ, отбасы алдындағы борыш;
- заң және құқық тәртібі; этносаралық әлем;
- еркіндік пен жауапкершілік; адамдарға сенім.
2. Адамгершілік сезімдер мен этикалық сананы тәрбиелеу.
Құндылықтар:
- адамгершілікті таңдау;
- өмірдің мәні; әділдік;
- қайырымдылық; ар-намыс; абырой; махаббат;
- ата-аналарға құрмет;
- үлкендер мен кішілерге қамқорлық жасау; ар-ождан бостандығы.
3. Денсаулық пен салауатты өмір салтына құндылық қарым-қатынасты қалыптастыру.
Құндылықтар:
- дене денсаулығы, әлеуметтік денсаулық (отбасы мүшелерінің және мектеп ұжымының денсаулығы), белсенді, салауатты өмір салты.
4. Табиғатқа, қоршаған ортаға құндылық қарым-қатынасты тәрбиелеу (экологиялық тәрбие).
Құндылықтар:
- өмір; Туған жер;
- қорық табиғаты;
- жер планетасы.
5. Әсемдікке деген құндылық қарым-қатынасты тәрбиелеу, эстетикалық мінсіздіктер мен құндылықтар туралы түсініктерді қалыптастыру (эстетикалық тәрбие).
Құндылықтар:
- сұлулық пен үйлесім;
- адамның рухани әлемі;
- эстетикалық даму;
- көркем шығармашылық.
Көрсетілген негізгі бағыттарға және олардың құндылықтық негіздеріне сәйкес қызметтің міндеттері, түрлері мен нысандары мамандандырылған білім беру ұйымдарында жұмыс істеу үшін нақтыланады, өзін жетекші ретінде көрсете отырып ол тәрбие мен әлеуметтендірудің қандай да бір бағытына басымдық бере алады. Бұл ретте, 2020-2025 жж. ҚР Білім және ғылымын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы мен «Білім туралы» Заңға сәйкес Тәрбие тұжырымдамасы білім берудің маңызды мақсаты ретінде тұлғаның азаматтық қалыптасуы контексінде рухани-адамгершілік дамуын белгілейтінін естен шығармау қажет. Сондықтан тәрбие мен әлеуметтендірудің барлық бағыттары маңызды, олар бір-бірін толықтырады және отандық рухани, адамгершілік және мәдени дәстүрлер негізінде жеке тұлғаның дамуын қамтамасыз етеді
Оқушыларды тәрбиелеу және әлеуметтендіру мақсатында олардың қызметінің кез келген түрін ұйымдастыру кезінде тәрбиелік нәтижелер туралы есте сақтау қажет. Тәрбие нәтижесі – бұл қандай да бір қызметке қатысу салдарынан оқушы алған рухани-адамгершілік құндылықтар.
Оқушылардың кез келген іс-әрекетінің тәрбиелік нәтижелері үш деңгей бойынша бөлінеді.
Бірінші деңгей – оқушының әлеуметтік білім алуы (қоғамдық нормалар, қоғамның құрылымы, қоғамдағы мінез-құлықтың әлеуметтік мақұлданатын және жанаспайтын нысандары туралы және т.б.), әлеуметтік шындық пен күнделікті өмірдің бастапқы түсінігін меңгеру. Нәтижелердің осы деңгейіне қол жеткізу үшін тәрбиеленушінің өз педагогтерімен қарым-қатынасы оңтайлы әлеуметтік білім мен күнделікті тәжірибе жинақтаушы ретінде ерекше маңызға ие.
Екінші деңгей – оқушының қоғамның базалық құндылықтарына (адам, отбасы, Отан, табиғат, әлем, білім, еңбек, мәдениет), жалпы әлеуметтік шындыққа деген құндылық қарым-қатынас тәжірибесін алу. Нәтижелердің осы деңгейіне жету үшін оқушылардың сынып, мектеп деңгейінде, яғни әлеуметтік достық ортада өзара қарым-қатынасы ерекше маңызға ие. Дәл осындай жақын әлеуметтік ортада бала алған әлеуметтік білімнің алғашқы практикалық дәлелдігін алады, оларды бағалай бастайды немесе қабылдамайды.
Үшінші деңгей – оқушының дербес қоғамдық іс-әрекет тәжірибесін алуы. Осы нәтижелер деңгейіне жету үшін оқушының мектептен тыс, ашық қоғамдық ортада әлеуметтік субъектілермен қарым-қатынасы ерекше маңызға ие.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   141




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет