«2021-2022 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы»



бет134/141
Дата22.11.2022
өлшемі1 Mb.
#465456
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   141
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ 2021-2022

10 БІЛІМ БЕРУ Ресурстар


Цифрлық білім беру ресурстары – бұл цифрлық формада ұсынылған фотосуреттер, бейнефрагменттер, статистикалық және динамикалық үлгілер, виртуалды шынайы және интерактивті үлгілеу объектілері, картографиялық материалдар, дыбыс жазбалары, символдық объектілер және іскерлік графика, мәтіндік құжаттар және оқу процесінде ресурстар болып табылатын өзге де оқу материалдары. Цифрлық білім беру ресурстары (ЦБР) – цифрлық технологиялар базасында құрылған және жұмыс істейтін білім беру ресурстары.


Оқыту процесінде пайдалану үшін цифрлық ресурстардың келесі тізімі ұсынылады:


«Duolingo».
Duolingo-да оқыту ойын түрінде өтеді: сөздерді дұрыс табу, сөйлем құрастыру және таймермен тапсырмаларды орындау қажет. Сервис ақпаратты қалай игергеніңізді қадағалайды және осы деректердің көмегімен жеке бағдарламаны құрайды. Сайт тегін, бірақ ақша үшін жарнаманы алып тастауға болады.


«Memrise».
Интерактивті тапсырмалар мен әртүрлі тақырыптарға жүздеген курстар (өнер, ғылым, мансап, ойын-сауық және т.б.) көмегімен ондаған тілді үйренуге мүмкіндік беретін портал. Сонымен қатар, Memrise дұрыс жауап нұсқаларын таңдау қажет бейнедиалогтарды пайдаланады. Қаласаңыз, басқаларды пайдалану үшін тіпті оқыту курсын өзіңіз жасай аласыз.


«Udemy».
Пайдаланушылар ұсынған он мыңдаған курс бар сайт. Курстардың басым көпшілігі ағылшын тілінде берілген. Музыка мен дизайннан бастап робототехника мен бухгалтерлік есепке дейінгі салалар қамтылған. Курстардың ұзақтығы – 2-8 сағат.


«edX».
Сайтта әлемнің барлық университеттерінен мыңдаған онлайн-курстар табуға болады. Гарвард немесе Массачусетс технологиялық институтының оқушысы ретінде сезінудің тамаша тәсілі. Философия, логистика, программалау, саясаттану, өнертану және т.б. ғылым саласы бойынша мәліметтер табуға болады.


«Coursera».
Әртүрлі тақырыпқа арналған курстары бар ірі порталдардың бірі. Мұнда кез келген тақырып бойынша зерттеу жүргізе аласыз. Қаласаңыз, үйден шықпай-ақ қандай да бір шетелдік университеттің сертификатын алуға болады.
«Skillshare».
Түрлі тақырыпқа ондаған мың бейнесабақтар (фотосурет, SEO-оңтайландыру, маркетинг, идеялар генерациясы және т.б.) берілген. Бұл сайт контент құрушылар үшін өте пайдалы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   141




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет