«2021-2022 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы»



бет7/141
Дата22.11.2022
өлшемі1 Mb.
#465456
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   141
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ 2021-2022

Мұғалімдердің оқу жүктемесін тарификациялауды жүргізу оқу процесін жоспарлаудың негізгі параметрі болып табылады. Тарификациялық комиссия жұмысын ұйымдастырудың келесі тәртібі ұсынылады.
Тарификациялау – бұл мектеп мұғалімдерінің білім деңгейіне, біліктілігіне, орындалған жұмыс көлеміне, сондай-ақ олардың жұмысының тиімділігі мен сапасына байланысты жалақы белгілеуге бағытталған іс-шаралар кешені.
Тарификациялық комиссия:

  • Мектеп мұғалімдерін тарификациялаудан өткізуді дайындау және жүргізу үшін тұрақты жұмыс жүргізетін тарификациялау комиссиясы құрылады.

  • Тарификациялық комиссия құрамына кемінде үш адам тағайындалады. Комиссия құрамына директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары, пәндік әдістемелік бірлестіктердің басшылары, бухгалтер, кәсіподақ комитетінің төрағасы, Қамқоршылық кеңесінің төрағасы кіре алады.

  • Тарификациялық комиссияның төрағасы мектеп директоры болады.

  • Тарификациялық комиссияның дербес құрамы және тарификация жүргізу мерзімі мектеп директорының бұйрығымен бекітіледі.

  • Тарификациялық комиссияның жұмыс тәртібін комиссия төрағасы анықтайды.

Деректерді тарификациялауға дайындау рәсімі:

  • Оқу жүктемесін анықтау үшін мұғалімдердің жеке деректерін зерттеу (материалды кадр қызметкерлері дайындайды);

  • МЖМБС, мектептің жұмыс оқу жоспарына және сынып-комплектінің санына сәйкес әрбір пән бойынша оқу сағаттарын есептеу (директор және директордың орынбасары);

  • Мұғалімдердің оқу жүктемесінің көлемі мектептің жұмыстық оқу жоспары мен оқу бағдарламалары бойынша сағаттар санына және мектепте кадрлармен қамтамасыз етілуіне қарай айқындалады;

  • Оқу жоспары, әрбір параллель сыныптар бойынша сағат санын есептеу жүргізіледі. Сонымен бірге, белгілі бір пәндер бойынша топтарға бөлу ескеріледі. Топтарға бөлу сыныптардың толықтырылуына қарай жүргізіледі;

  • Әрбір мұғалімнің оқу жүктемесін айқындау кезінде оқу жоспарында белгіленген оқу қызметінің түрлері (вариативтік компонент) бойынша білім алушылармен өзара қарым-қатынас жасай отырып, оқу қызметінің орындалуы мен оның көлемі белгіленеді;

  • Санаудан кейін педагогикалық жүктемелердің саны және бақылау табелі анықталады;

  • Жеке әңгімелесу өткізу жолымен (директордың орынбасары, әдістемелік бірлестіктердің басшылары) оқыту сапасы және кадрлармен қамтамасыз етілуін ескере, сыныптарда пәндерді оқыту сабақтастығын сақтай отырып, әрбір мұғалімнің оқу жүктемесін алдын ала айқындау;

  • Келесі міндетті мәліметтерді қамтитын: мектеп мұғалімінің аты-жөні; атқаратын лауазымы; білім деңгейі; жүктеме көлемі – аптасына барлық сағат саны; қосымша жұмыс түрлері үшін қосымша ақылар; тұрақты жеке үстемеақылар (магистрлік үшін және т.б.) жиынтық тарификациялау тізімін құрады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   141




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет