«2021-2022 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы»



бет15/141
Дата22.11.2022
өлшемі1 Mb.
#465456
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   141
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ 2021-2022

2) Рухани-адамгершілік тәрбие адамгершілік бейнесі, адамгершілік сана; құндылық сезімдері мен қасиеттері – гуманизм, ар-ождан, ар-намыс, парыз, сенім, жауапкершілік, серіктестік, мейірімділік, ұят, қағидаттық, мейірімділік, ынтымақтастық, ұлттық келісімнің құндылығы, басқа халықтардың мәдениетін, дәстүрлері мен тілін құрметтеу; өмірге этикалық жауапты көзқарас сияқты құндылықтарды қалыптастырады.
Білім алушылардың адами әлеуетін ашудың, адамгершілікті тәрбиелеудің және әлеуметтік тәжірибені дамытудың ең тиімді және орынды құралдарының бірі еріктілік – оқыту мен тәрбиелеудегі инновациялық тәрбиелік тәсіл болып табылады. Еріктілер – бұл адалдық, әділдік, мейірімділік, жауапкершілік, достық, мейірімділік, төзімділік және жасампаздық институты.
Орта білім беру ұйымдары білім алушыларды «Қоғамға қызмет» әлеуметтік еріктілер жобасын – «Мектепке жол», «Қамқорлық», «Мектепке жиналуға көмектес», «Адамға қуаныш сыйла» және т.б. акцияларды жүзеге асыруға кеңінен тарту қажет.
Орта білім беру ұйымдарында еріктілер қозғалысын ұйымдастыру туралы толығырақ ақпарат «Білім беру саласындағы еріктілік пен қайырымдылық және олардың қазіргі жағдайдағы білім беру жүйесін жаңғыртудағы рөлі» әдістемелік ұсынымдарында берілген, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2019 ж. (https://www.nao.kz).
Рухани-адамгершілік тәрбиені қалыптастыруда 2021-2022 оқу жылы қазақтың педагог-ағартушысы, жазушы, фольклоршы, қоғам қайраткері, ғалым-этнограф Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына; қазақтың халық ақыны Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына; Қазақстанның көрнекті саяси және қоғам қайраткері Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдығына; Қазақ КСР Халық әртісі, кеңес және қазақ мемлекетінің музыкатанушысы, композитор, дирижер, ақын Ахмет Жұбановтың 115 жылдығына; қазақ ақыны әрі жазушысы, аудармашы Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған бұқаралық іс-шаралар өткізу маңызды рөл атқарады.
Олар: «Қазақстанның ұлы ақындары мен жазушылары», «Адамзаттың ұлы ұстаздары», «Қазақстанның ұлы ойшылдары мен философтары» атты әдеби кеш, «Сұлулық әлемді құтқарады» атты поэтикалық кеш, «Жанашырлық – адамның барлық адамгершілік ниетінің негізі» атты әдеби-музыкалық композициялар, «Махаббат – адам өмірінің негізі», «Ізгіліктің жасампаз күші» атты адамгершілік-рухани мазмұндағы тестілер мен сұхбаттар.
2021-2022 оқу жылында кітап оқуды қолдау және кітаптың мәртебесін арттыру мақсатында білім алушылар арасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы барлық өңірде біртіндеп енгізілетін болады.
Жобаның негізгі бағыттары өзара қарым-қатынас және әлеуметтік әріптестік арқылы білім алушылардың оқу құзыреттілігін, оқу мәдениеті деңгейін және білім алушылардың оқу белсенділігін арттыруға, оқушылардың оқу сауаттылығы бойынша халықаралық зерттеулерге қатысуын жалғастыруға және бірыңғай оқырмандар қауымдастығын қалыптастыру бойынша жобаны іске асыру үшін іс-шараларға ата-аналарды тартуға бағытталған.
Мектеп сайтында үздік балалар әдебиеті мен мектеп әдебиетіне арналған түрлі сервистер, балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын жандандыру бойынша ресурстар (интернет-викториналар, ұсынымдық сервистер, кітап клубтары туралы ақпарат және т.б.) ұсынылуы тиіс.
Кітаптарды электрондық форматта, соның ішінде мобильді құрылғылардың көмегімен оқу үшін мүмкіндіктерді пайдалану, балаларға әдебиет ағынын жақсартуға көмектесетін және кітапқа жаңа оқырман-балаларды тартатын жаңа электрондық ресурстарды дамыту қажет.
Оқушылардың мінез-құлқына әсер ететін және қолжетімді хабарламаларды алға жылжытатын жаңа тәсілдердің бірі – танымал жылжыту теориясы (the Nudge theory).
Бұл адам мінез-құлқын басқару технологиясы бір нәрсе істеуге тікелей мәжбүрлемейді, бірақ қажетті бағытқа қарай ақырын «жылжытады».
Қоғамда мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру мақсатында мектепте әрбір білім алушы үшін түсінікті және қолжетімді құндылықтарды ілгерілетуде мынадай тетіктерді іс жүзінде қолдану ұсынылады:

  • Атап айтқанда, «Отан оттан да ыстық», «Жолдасы көптің – олжасы көп», «Еңбек – ердің көркі» және т.б. назар аудартатын қазақ мақал-мәтелдері жазылған баннерлерді мектеп ғимаратына орналастыру – дәстүрлі құндылықтарды санада нығайтуға, визуалды әсер етуге көмектеседі.

  • Оқу барысында білім алушылардың жағымды көңіл-күйін қалыптастыру және сәйкесінше психологиялық шиеленісті азайту үшін кедергісіз, фондық классикалық қазақ музыкасын қолдану, бұл одан әрі «айналасындағыларға құрметпен қарау» құндылығын қалыптастыруға және нығайтуға ықпал етеді.

  • Білім беру ұйымдарында «Біздің мектеп – ең таза мектеп», «Бұл мектептің қызметкерлері мен білім алушылары – ең сыпайы адамдар», «Бүкіл өңірдегі шылым исі шықпайтын ғимарат» және т.б. жазуларды орналастыру.

  • Асханада: «Өзіңе-өзің қызмет ет» деген жазу мен қоқыс тастау орнын көрсететін көрсеткіштерді орналастыру тазалықты сақтауды және техникалық қызметкердің еңбегін құрметтеуді қалыптастыруға ықпал етеді.

Мектептерде өзін-өзі басқару. Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында өзін-өзі басқару органдарының қызметін ұйымдастыру білім алушылардың өзін-өзі басқару органдарын дамытудың «Мектептік/оқушылар парламенті» тұжырымдамасына сәйкес жүргізілуге тиіс (https://www.ziyatker.org/schoolparliament).
3) Ұлттық тәрбие шеңберінде құндылықтар жүйесін қалыптастыру мақсатында жаңа оқу жылында гуманистік және тәрбиелік құндылықтар тұрғысынан ұмытылған, бірақ цифрлық әлемнің жаңа дәуірімен үндес дәстүрлерді жаңғыртуға бағытталған «Дәстүр мен ғұрып» жобасы іске асырылатын болады.
Әрбір халық мәдениетінің құрамдас бөлігі ұрпақтан-ұрпаққа берілетін өз салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын сақтау болып табылады. Дәстүр жастарды тәрбиелеуде, ұлттық сана-сезімді қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Жаһандану жағдайында ұлттық бірегейлікті, ұлттық кодты сақтауға қауіп туындайды. Осыған байланысты қазақ халқының мәдени мұрасын, салт-дәстүрлерін, сондай-ақ ұлттық тағамдарын зерделеу – өзекті міндеттердің бірі.
Оқушылардың қазақ тілін, Қазақстан Республикасының мемлекеттілік атрибуттары мен мемлекеттік рәміздерін білуге арналған конкурстар мен олимпиадаларды тұрақты негізде өткізу; әрбір мектепте мұражай ашу; көрнекті тұлғалардың, даңқты спортшылардың, ғалымдардың, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы жеңімпаздарының білім алушылармен кездесулерін өткізу; сондай-ақ өңірдің тарихи-мәдени мұра объектілерінде мектеп оқушылары үшін өлкетану бойынша тақырыптық сабақтар өткізу өз өзектілігін жоғалтпайды.
Аталған бағыт шеңберінде: «Менің Отаным – Қазақстан» балалар мен жасөспірімдер туризмі және өлкетануды дамыту, экспедициялар, саяхат, экскурсиялар ұйымдастыру, «Тарих мұрасы», «Өз жеріңді таны» (өлкетанулық білімін және мектеп туризмін, тарихи-археологиялық қозғалысты арттыру, туған өлкенің тарихын, мәдениетін және дәстүрлерін терең зерттеу) «Табиғат бесігі» (туған жерге жауапкершілікпен және аялап қарау) жобаларын жүзеге асыру ұсынылады.
«Ұлттың алтын қоры» - «100 жаңа есім» жобасының кейіпкерлері, «Қазақстанның киелі орындары – Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша тәрбие жұмысының модельдері» әдістемелік ұсынымдары Академия әзірлеген «Дәстүр мен ғұрып» жобасын іске асыру үшін әдістемелік нұсқаулық болып табылады ( https://www.nao.kz).
4) Мектептегі отбасылық тәрбиенің мақсаты келесі құндылықтарды қалыптастыру болып табылады: неке құндылығы және отбасы мүшелерін құрметтеу; толыққанды отбасын құру үшін денсаулық құндылығы; рухани байлық; туыстары мен жақындарына деген адалдық сезімі; отбасылық дәстүрлер; мұралар мен салт-дәстүрлерді ұқыпты қарау; ана құдыреті; сүйіспеншілік, адалдық, достық – құндылық сезімдері.
Отбасы мен мектепте, жалпыұлттық құндылықтардағы қоғамдық әлеуметтену институттарында балаларды тәрбиелеу – қазіргі заманғы білім берудің өзекті мәселесі, өйткені ұлттық тәрбие дәстүрлерін, халықтық отбасылық педагогиканың мәдени және білім беру құндылықтарын құрметтеу, сақтау және тарату көбінесе жас ұрпақты дайындауға, осы мәселені шешуге байланысты ұрпақтан-ұрпаққа, елдің лайықты азаматын тәрбиелеуге байланысты болып табылады.
Отбасылық құндылықтар мен ұлттық тәрбие мәселелері мектептердің тәрбие жұмысында, балалардың бос уақытын ұйымдастыру шеңберінде қосымша білім беруде, мәдени-бұқаралық іс-шаралар, конкурстар, сынып сағаттары, ата-аналар жиналыстары, үйірме жұмыстары және т.б. көрініс табуы тиіс.
Іске асырылып жатқан «Отбасы – орта мектеп» тәрбие жобасы:
- құндылық дағдарысы – жауапты ата-ана, отбасылық қарым-қатынас мәдениеті, дәстүрлер, ментальді ойлау, «отбасылық өзек», яғни жақын туыстық байланыстардың болуы сияқты отбасылық құндылықтардың жетіспеушілігі; баланың отбасында алатын шынайы құндылықтары, еңбек, ұлттық дәстүрлер, ұрпақтардың ерекше тәжірибесі ол үшін идеал болуды тоқтатады;
- қоғамның қарқынды дамуы;
- тез өзгеретін әлем;
- мұғалімдердің отбасылық тәрбиені ұйымдастырудың жаңа әдістері мен тәсілдеріне қажеттілігі сияқты заманауи тәрбиелік факторларды ескереді.
«Отбасы – орта мектеп» тәрбие жобасында жалпыұлттық құндылықтарды іске асыру әдістемесі отбасының тәрбиелік әлеуетін, отбасылық тәрбие бойынша педагогтердің әдістемелік практикасын және Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында білім алушылардың ата-аналарымен өзара іс-әрекетті тиімді жетілдіруге бағытталған. Негізгі мақсат – жалпыұлттық рухани-адамгершілік және әлеуметтік құндылықтар жүйесіне баса назар аудара отырып, отбасындағы, мектептегі және қоғамдағы тәрбие ұстанымдарын үйлестіру.
Мұғалімдердің отбасымен ынтымақтасу сипаты негізінен мектепке әр түрлі қарайтын, мектепте және сыныпта тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы рөлін көретін, баланы отбасында түрліше тәрбиелейтін және әртүрлі зияткерлік деңгейге ие ата-аналардың жағдайына байланысты. Сондықтан ата-аналар дәрістерін, ата-аналардың қатысуымен жаңа форматта бірлескен іс-шаралар өткізу ұсынылады.
Ата-аналардың, қоғамның, үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен «Мектеп өмірінің бір күні» жобасын іске асыру барлығына бірдей қарым-қатынас нысанын орнатпай, ата-аналардың қажеттіліктеріне, сұраныстарына, отбасы ерекшеліктері мен отбасылық тәрбиеге бағдарлана отырып, оларды мектеп, сынып, өз баласының істеріне шыдамдылықпен қарай отырып, білім беру үрдісінің барлық қатысушыларымен мүмкіндігін ескере отырып, өзара әрекет жасауға жәрдемдеседі.
Қазіргі педагогикалық және ата-аналар консилиумдары ата-аналармен және балалармен жеке әңгімелесулер өткізуі тиіс, соның нәтижесінде нақты баламен педагогикалық іс-шаралар бағдарламасы мен жүйесі келісіледі; баланың үй-жағдайымен танысу үшін отбасына бару, отбасылық мәселелер мен балаларды тәрбиелеу мәселелері бойынша кеңестер өткізу.
Отбасылық тәрбие әдістемесі инновациялық тәсілдерді, әдістер технологиясын, әдістер жиынтығын қамтиды. Отбасылық әдістердің бірі ата-аналардың баламен бірге туған өлкенің киелі орындарын (тарихи ескерткіштерді, кесенелерді, мұражайларды, табиғи объектілерді) зерттеуі – ол да тәрбие. Киелі орындарға бару отбасының адамгершілік дәстүрлерін жандандыруға, ұлттық бірегейлікті, ұрпақтар арасындағы байланысты және балалар мен ата-аналар арасындағы рухани жақындықты нығайтуға ықпал етуі мүмкін. Отбасында материалдық емес мәдени мұра нысандарын (ұлттық дәстүрлер, отбасылық дәстүрлер, аңыздар) сақтау қажет.
Балаға өз тегін, жеті атасын білу, өзінің отбасылық шежіресін құрастыру – рухани тәрбие берудегі отбасылық құндылық. Баланы отбасылық жәдігерлер мен тарихқа, фотосуреттерге, үй мұрағаттарына, марапаттар мен ата-әжелеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу маңызды.
Тәрбие үрдісінде күнделікті деңгейде де, дағдарыс сәттерінде де отбасында өзара түсіністік пен өзара көмек негіздерін қалыптастыру маңызды.
Отбасылық құндылықтарды қалыптастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар орта білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие үрдісінде отбасылық тәрбиені іске асыруға арналған нұсқаулық болып табылады. https://www.nao.kz).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   141




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет