«2021-2022 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы»



бет8/141
Дата22.11.2022
өлшемі1 Mb.
#465456
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   141
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ 2021-2022

Тарификация жүргізу тәртібі:

  • Ағымдағы оқу жылының соңында (25-30 мамыр) алдын ала тарификациялау жасалады.

  • Жаңа оқу жылында мұғалімдерді тарификациядан өткізу екі рет жүргізіледі (сілтеме).

  • Мұғалімдердің алғашқы тарификациясы ағымдағы оқу жылының 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша құрылады.

  • Мұғалімдердің екінші тарификациясы ағымдағы оқу жылының 1 қаңтарындағы жағдайы бойынша жүргізіледі.

Тарификацияны бекіту:

  • Директордың орынбасары талқылауға жиынтық тарификацияның тізімін ұсынады.

  • Тарификация қаржы жылына бөлінген еңбекақы төлеу қоры шеңберінде ұсынылған жиынтық тарифтеу тізімі негізінде бекітіледі.

  • Жиынтық тарификация тізімі мектеп директорының бұйрығымен бекітіледі және бухгалтерияға ұсынылады.

  • Тарификациялық комиссияның шешімі бір апта мерзімінде әрбір мұғалімге жеткізілуі тиіс.

  • Мектеп директоры әр мұғалімнің оқу жүктемесінің шынайылығы мен орындалуына жауапты.

  • Бастауыш сынып мұғалімдерінің оқу жүктемесін белгілеуде мұғалімдердің дене шынықтыру, музыка пәндерінен сабақ өткізу мүмкіндігін қарастыру қажет.

Жаңа оқу жылында барлық өңірлердің қала мектептері (олардың саны 1500-дей) жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру тәртібіне көшіріледі. Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру мектепке білім беру процесіне қажетті барлық қорды өздігінен есептеуге мүмкіндік береді.




Білім беру басқармаларына өткен оқу жылындағы пилотты мектептердің тәжірибелерін зерттеп, қиындықтары мен табысты тетіктерін анықтап тарату; сонымен бірге білім беру ұйымдары басшыларын, есеп-қисап бөлімі қызметкерлерін жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесіне оқытуды ұйымдастыру ұсынылады.

Білім беру ұйымдарының аумағында орналасқан спорт алаңдарын, спорт залдарын сабақтан бос уақытта мақсатты шараларға жалға беруде белгіленген тәртіпті қатаң сақтау талап етіледі («Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі № 43 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 16 сәуірде № 22553 болып тіркелді https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2100022553#z5).






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   141




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет