«2021-2022 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы»



бет88/141
Дата22.11.2022
өлшемі1 Mb.
#465456
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   141
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ 2021-2022

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарға арналған «Информатика» оқу пәнінің базалық білім мазмұны компьютерлік техника мен ақпараттық технолгияларды пайдаланушы бағытында қолдануға қажет білім мен дағдыларды меңгеруге арналған. Веб-жобалау, сайт құру, мобильді қосымшалар әзірлеу дайын конструкторлар арқылы жүргізіледі.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарда «Информатика» оқу пәнін оқытудың мақсаты білім алушыларды аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз ету саласында терең біліммен, іскерлікпен және дағдылармен қамтамасыз ету, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды практикада тиімді пайдалану үшін деректерді, ақпараттық процестер мен жүйелерді ұсыну, ақпараттық объектілерді, Компьютерлік желілер мен ақпараттық қауіпсіздікті құру және қайта құру болып табылады.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-сыныпқа арналған «Информатика» оқу пәнінің базалық мазмұны:
1) Аппараттық және программалық қамтамасыз ету: басқару құрылғысының (бұдан әрі - БҚ), арифметика- логикалық құрылғының (бұдан әрі – АЛҚ) және жад регистрінің процессордың бір бөлігі ретінде функциясын сипаттау.
2) Деректерді ұсыну: есептеу жүйелері: ондық жүйедегі бүтін сандарды екілік, сегіздік, он алтылық санау жүйесіне аудару және кері аудару. Компьютердің логикалық негіздері: логикалық операциялар (дизъюнкция, конъюнкция, инверсия); логикалық өрнектер; ақиқат кестесі; Компьютердің логикалық элементтері (конъюнктор, дизъюнктор, инвертор); логикалық сызбалар. Ақпаратты кодтау: Unicode (юникод) және ASCII (аск(и)и) символдарын кодтау кестелері.
3) Ақпараттық процестер мен жүйелер: реляциондық деректер қоры: жол, жазба, индекс, бірінші кілт; Bigdata (бигдейта) (үлкен деректер). Деректер қорын «structured query language» (бұдан әрі SQL (эс кю эль) әзірлеу: деректер қорын, мәліметтер типін, біркестелі және көпкестелі деректер қоры; формалар; есептер; сұраныстар. Құрылымдық сұраныстар: конструктор режимінде іріктеуге сұраныстар жасау, SQL (эс кю эль), конструктордың және (SQL) (эс кю эль) көмегімен іріктеуге бағытталған сұраныстарды жасау; web (веб)-беттердің деректер қорымен байланысы.
4) Ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру: web-жобалау: HTML (аш ти эм эл) (Hyper Text Markup Language – (хайпер текст маркап лангуйдж) «гипермәтіндік белгілеу тілі»), CSS (си эс эс) (Cascading Style Sheets – (каскадинг стайл шит) каскадты кестелер стилі); скриптерді пайдалану, web (веб)-парақшаға мультимедиа нысандарын енгізу.
5) Қосымшаларды әзірлеу: алгоритмдер мен программалар: пайдаланушы функциялары және процедуралары, жолдармен жұмыс жасау, файлдармен жұмыс жасау, сұрыптау әдістері; графтардағы іздеу алгоритмдері.
6) Компьютерлік желілер және ақпараттық қауіпсіздік: компьютерлік желілерді ұйымдастыру: желілік компоненттер (тораптар, маршрутизаторлар, коммутаторлар); IP (ай-пи) – мекенжайы; DNS (ди эн эс) (Domain Name System (домейн нейм систем) – домендік атаулар жүйесі); жеке виртуалды желілер. Ақпараттық қауіпсіздік: ақпараттық қауіпсіздік, құпиялық, тұтастық және қол жетімділік; деректерді шифрлау; пайдаланушы деректерінің қауіпсіздік шаралары – құпиясөздер, есеп жазбалары, сәйкестендіру, биометриялық сәйкестендіру.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы 11-сыныпқа арналған «Информатика» оқу пәнінің базалық мазмұны:
1) аппараттық және программалық қамтамасыз ету: мобильдік құрылғылар сипаттамасы. Программалық қамтамасыз ету: Виртуалды машиналар; аппараттық және программалық қамтамасыз етудің даму заңдылықтары;
2) ақпараттық процестер мен жүйелер: ақпараттық технологияларды дамытудағы қазіргі заманғы процестер: машина оқыту қағидаттары, нейрондық желілер; жасанды интеллект; нейрондық желілерді жобалау; «мұғаліммен оқыту» әдісі; Blockchain технологиясы; Қазақстанда цифрландыру процесінің ағымдағы үрдістері; электрондық үкімет порталы; «заттар интернеті»;
3) ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру: 3D – модельдеу: виртуалды және кеңейтілген шындық; олардың адам денсаулығына әсері; бірінші тұлға көрінісімен 3D панорама (виртуалды саяхат) жасау;
4) қосымшаларды әзірлеу: мобильді қосымшалар: мобильді қосымшалар интерфейсі; мобильді қосымшаларды әзірлеу және орнату; ақылды үй, ақылды үй құрылғысымен басқару үшін программаларды әзірлеу. IT Startup (ай-ти стартап): Crowdfunding (краудфандинг) платформаларының жұмыс қағидалары; маркетингтік жарнама, өнімді өткізу және сату жолдары;
5) компьютерлік желілер және ақпараттық қауіпсіздік: ақпараттық қауіпсіздік: ақпараттарды және зияткерлік меншікті қорғау; электрондық цифрлық қолтаңба, сипаттау, пайдалану алгоритмі.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарға арналған «Информатика» оқу пәнінің базалық білім мазмұны компьютерлік техника мен ақпараттық технологияларды программалау бағытында қолдануға қажет білім мен дағдыларды меңгеруге арналған. Веб-жобалау, сайт құру, мобильді қосымшалар әзірлеу программалау ортасында жүргізіледі.
10-11-сынып білім алушыларының оқу-ақпараттық құзыреттілігін дамытуда зерттеу-жобалық жұмыстар жүргізілуі тиіс. Жобамен жұмыс істейтін оқушылар жеке немесе топта жұмысты жоспарлау, мақсат қою, қажетті ақпаратты іздеу, гипотезаны ұсыну және дәлелдеу, эксперимент жүргізу, атқарылған жұмыс туралы нәтижелерді ұсыну, талдау және бағалау жұмыстарын орындау, сондай-ақ өз жобасын шебер қорғау керек.
Сонымен қатар, Интернет – қолжетімді ақпарат көздерінің бірі болып табылатындықтан 10-11-сынып білім алушылары жұмыс барысында интернет-кеңістікте жұмыс істеу ережелерін, киберқауіпсіздік ережелерін, этикалық нормаларды сақтайотырып мамандық таңдау бойынша әр түрлі дерек көздерін тиімді пайдалауы қажет.
Білім алушыларда когнитивті қызығушылықты, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттілікті, бағдарлама компоненттерін өз бетінше қолдану және оқу курсының мазмұны арқылы өз білімдерін толықтыру қабілетін дамытуға, проблемалы-бағытталған оқыту технологиясын пайдалануға, өнертапқыштық тапқырлық біліктерін дамытуға назар аудару қажет.
Бағдарламалау тілінің ағылшын тілі екенін атап өту маңызды, көптеген компьютерлік интерфейстер ағылшын тілінде ұсынылған. Пән мұғалімдері жоғары сыныптарда «Информатика» оқу пәні білім алушылардың қалауы бойынша ағылшын тілінде оқылуы мүмкін екендігін үнемі есте сақтауы тиіс. Мұғалім білім алушылардың назарын информатика бойынша академиялық тілді пайдалануға аударуы тиіс (http://tinyurl.com/NIS-CS-Lexicon), сондай-ақ информатика саласында қолданылатын терминдер мен тұрақты сөз тіркестерін пайдалана отырып, тілдік дағдыларды қалыптастыруға бағыттайды.
Сонымен қатар, мұғалімдер білім алушыда бай академиялық тілді қалыптастыру мақсатында диалог/жазу үшін пайдалы сөздерді пайдалануды қамтитын ұйымдастырылған және жүйелі тілдік қолдауды жүзеге асыруы керек.
«Информатика» оқу пәнінен оқу жылының тоқсандарындағы жиынтық бағалау саны 70-кестеде көрсетілген.

70-кесте. «Информатика» оқу пәнінен бөлімі бойынша жиынтық бағалау саны



Сынып

Тоқсандар бойынша жиынтық бағалау саны



1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

10 сынып ҚГБ

2

1

1

1

11 сынып ҚГБ

1

1

2

1

10 сынып ЖМБ

2

1

1

1

11 сынып ЖМБ

1

2

2

1

ҚР БҒМ 2020 жылғы 13 тамыздағы №345 бұйрығына сәйкес аптасына 1 сағат жүргізілетін пәндер бойынша БЖБ өткізілмейді.


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына (2019 жылғы 26 қарашаға № 509 өзгерістер және толықтырулармен) төмендегі пункт енгізілген:
14-4. Оқу жүктемесі аптасына 1 сағат болған жағдайда БЖБ бөлімдерді біріктіре отырып, бір тоқсанда екі реттен артық өткізілмейді, қорытынды баға жарты жылда қойылады.
Осы пунктке сәйкес қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы «Информатика» оқу пәнінен тек бөлім бойынша жиынтық бағалау жүргізіледі және олардың қорытындысы бойынша жарты жылдық баға қойылады, ал тоқсан бойынша жиынтық бағалау жүргізілмейді.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы «Информатика» оқу пәнінен жиынтық бағалау бөлім және тоқсан бойынша жүргізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   141




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет