2022-2023 ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында


Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін қоғамдық-гуманитарлық және



Pdf көрінісі
бет10/171
Дата06.09.2023
өлшемі5.81 Mb.
#476715
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   171
Снимок экрана 2023—08—10 в 2.35.29 PM

 
Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін қоғамдық-гуманитарлық және 
жаратылыстану-математикалық 
бағыттар 
бойынша 
вариативті 
компоненттің апталық оқу жүктемесінің жалпы көлемі: 
10 сыныпта-3 сағат; 
11 сыныпта-3 сағатты құрайды. 
Оның ішінде 1 сағат «Жаһандық құзыреттер» курсын оқуға бөлінеді. 
Оқу жоспарының вариативтік компонентіндегі басқа сағаттарды 
инварианттік компоненттегі пәндерді оқытуға бөлу ұсынылады. 
Оқыту орыс тілінде жүргізілетін қоғамдық-гуманитарлық бағыт 
бойынша вариативті компоненттің апталық оқу жүктемесінің жалпы көлемі: 
10 сыныпта-1 сағат; 
11 сыныпта-1 сағатты құрайды.
Сағаттар «Жаһандық құзыреттер» курсын оқуға бөлінеді. 
Оқыту орыс тілінде жүргізілетін жаратылыстану-математикалық 
бағыт бойынша вариативті компоненттің апталық оқу жүктемесінің жалпы 
көлемі: 
10 сыныпта-2 сағат; 
11 сыныпта-2 сағатты құрайды.
Сағаттар «Жаһандық құзыреттер» курсын оқуға бөлінеді. 
Оқу жоспарының вариативтік компонентіндегі басқа 1 сағат инварианттік 
компоненттегі пәндерді оқытуға бөлу ұсынылады. 


16 

Вариативті компонентті анықтау кезінде білім алушылардың жас және жеке 
ерекшеліктері, қызығушылықтары және білім беру ұйымы қызметінің бағыты 
ескеріледі. 

Қазақ және қазақ тілінде оқытпайтын сыныптарының типтік оқу жоспарларында 
вариативті компоненттің сағаттары әртүрлі. Бұл қазақ тілінде оқытпайтын 
үлгілік оқу жоспарларында инвариантты компонентке бөлінетін сағаттар көп 
болуына байланысты, өйткені қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде 1-ден 11-
сыныпқа дейін аптасына 2-ден 5 сағатқа дейін оқытылады
2-11 (12) сыныптарда сабақтың ұзақтығы – 45 минут. Бірінші 
сыныптардың оқу сабақтарының режимі: қыркүйекте – күніне 35 минуттан үш 
сабақ, қазан айынан бастап Санитариялық қағидаларға сәйкес көз шынықтыру 
жаттығулары мен гимнастикаларын жасай отырып 45 минуттан өткізіледі
Білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау «Меншік нысаны мен 
ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, бастауыш, негізгі орта және 
жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын 
білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібі, сондай-ақ мемлекеттік 
қызметтер көрсету тәртібі, білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және 
оқуға қабылдау, балаларды бастауыш білім беру ұйымдары арасында ауыстыру 
үшін құжаттарды қабылдау, негізгі орта және жалпы орта білім беру 
бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың 
үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 
бұйрығы негізінде жүзеге асырылады (ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.08.2022 
№350 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен). 
Бірінші сыныпқа қабылдау кезінде жалпы білім беретін мектептерде қабылдау 
емтихандарын, тестілеуді өткізуге жол берілмейді. 
Сабақ кестесін құруда мектеп әкімшілігіне әрбір сыныптағы пәндер 
бойынша оқу сағаттарының нормаларын, мектептің материалдық-техникалық 
базасы мен кадр ресурстарын ескере отырып, автоматтандырылған 
бағдарламаларды пайдалану ұсынылады. Білім алушылардың бір күндік және 
апта ішіндегі ой еңбегінің жұмысқа қабілеттілігі динамикасын ескеру және 
«Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық 
талаптар» Санитариялық қағидаларының 4-қосымшасына сәйкес пәндерді 
қиындығына қарай саралау кестесін пайдалану қажет (ҚР ДСМ 2021 жылғы 
5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығы). 


17 

Мереке күндеріне сәйкес келген сабақтар басқа күндерге ауыстырылады. Осы 
жағдайда сабақтардың тақырыптары/оқу мақсаттары оқу бағдарламасының мазмұнына 
сәйкес кіріктірілуі қажет. 

Бұл ретте қосымша сағаттар бөлінбейді. Сабақтардың кіріктірілген 
тақырыбы журналдың бір жолына жазылады.

Білім беру ұйымы басшысының бұйрығы негізінде бұл өзгерістер электрондық 
журналда көрсетіледі.

Электрондық журналдар мен күнделіктерді толықтыру бойынша техникалық 
қолдау Call-центр және қолдау қызметі арқылы жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   171




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет