21
алушылардың санын дербес айқындайды.
Мұғалім ТЖБ тапсырмаларының техникалық спецификациясы негізінде 2-11-
сынып білім алушыларына арналған жиынтық жұмыс тапсырмаларын құрастырады.
БЖБ орындау үшін сабақтың формасын (бақылау, практикалық немесе
шығармашылық жұмыс, жоба, эссе, диктант, мазмұндама, шығарма, тестілеу және
т.б.) және өткізу уақытын педагог дербес айқындайды.
Формативті және жиынтық бағалау тапсырмаларын мұғалімдер академиялық
адалдық нормаларын сақтай отырып дербес құрастырады.
Формативтік бағалау, оның ішінде үй жұмысын бағалау білім алушылардың
оқу мақсаттарына қол жеткізуіне мониторинг жүргізу
мен сабақта сараланған
жұмысты одан әрі құру үшін жүргізіледі және бір баллдан он баллға дейінгі шекте
жүзеге асырылады.
Үйде оқитын, ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін мұғалім оқу
жүктемесін және олар оқыған оқу материалдарын ескере отырып, жеке тапсырмалар
әзірлейді.
Оқу жылының қорытындысы бойынша аралық аттестаттау өткізілмейді.
Бағалау кезінде бірқатар талаптарды ұстану ескертіледі:
1. Білім алушылар бағалау үдерісіне белсенді кіреді, соның ішінде сабақта
үнемі өзін-өзі бағалау жүргізіледі.
2. Білім алушының жеке басы емес, оның жұмысы ғана бағаланады.
3. Білім алушының жұмысы басқа
оқушылардың жұмыстарымен емес,
үздік орындалған жұмыс үлгісімен салыстырылады.
4. Әртүрлі формалар мен тапсырмалар түрлері пайдаланылады, тамаша
орындалған тапсырмалардың нақты және айқын сипаттамалары әзірленеді.
5.Білім алушыларға бағалау критерийлері алдын ала белгі
Достарыңызбен бөлісу: