2022-2023 ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында



Pdf көрінісі
бет140/171
Дата06.09.2023
өлшемі5.81 Mb.
#476715
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   171
Снимок экрана 2023—08—10 в 2.35.29 PM

11-сыныпқа арналған «Жаһандық құзыреттер» курсы екі бөлімнен 
тұрады: «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» және «Қаржылық сауаттылық». 
10-11-сыныптарда «Жаһандық құзыреттер» курсының мазмұны білім 
алушыларға пән саласына қатысты дағдыларын (hard skills), әлеуметтендіру 
дағдыларын (soft skills), өздігінен және үздіксіз білім алу дағдыларын (self skills) 
қалыптастырудың жүйелі процесін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 
Жалпы, орта білім беру аясында 5-11-сыныптарда «Жаһандық 
құзыреттерді» оқыту арқылы білім алушылар жаһандық оқиғаларды, олардың 
себептері мен салдарын, әртүрлі процестер мен құбылыстарды аналитикалық 
бағалау, оларды басқа адамдардың ұлттық-мәдени құндылықтарымен дұрыс 
байланыстыру, өзіндік және топтық жұмыс, педагог-тәлімгердің қолдауымен өз 
оқыту процесін басқару, маңызды проблемаларды жеке, өңірлік/ұлттық және 
жаһандық тұрғыдан қарау, олардың өзара байланысын түсіну, қол жетімді 
ақпаратты сыни бағалау, өз ұстанымын талқылау және дәлелдеу, сыртқы 
әлеммен белсенді өзара іс-қимыл, жеке өсу перспективаларын, өз елінің дамуы 
мен оның жетістіктеріне жеке қатысуын көру дағдыларын меңгереді. 
«Жаһандық құзыреттер» курсы (5-11-сыныптар) білім алушылардың 
зерттеу жобаларын, стартаптарын іске асыруда, ұжымда, қоғамда туындайтын 
ситуациялық жағдайларды шешуде олардың белсенділігін арттыруға, 
акцияларға, әлеуметтік жобаларға және волонтерлік бағдарламаларға бастамашы 
болуға ықпал ететін сыни ойлауын және функционалдық сауаттылығын 
қалыптастыратын әртүрлі жұмыс нысандарын пайдалануды көздейді. 
Бөлім тақырыптары оқытудың алуан түрлі тәсілдерін ұсынады: 
проблемалық және зерттеу, шығармашылық, саналы және гуманистік оқыту.
Білім алушылардың оқу қызметі ұжымдық, шығармашылық және өзіндік 
жұмысы форматында ұйымдастырылуы мүмкін, оның барысында тиімді өзара 
әрекеті мен ынтымақтастық, коммуникация, коллаборация, сыни және 
шығармашылық ойлау, өзін-өзі бағалау және өзін-өзі басқару дағдылары 
күнделікті өмірінің ажырамас бөлігі ретінде қалыптасады.
Білім алушылардың ғылыми-зерттеу жобалары мен әлеуметтік бағыттағы 
акцияларды жүзеге асырудағы бастамаларын қолдау маңызды. 
Педагог білім алушылардың бастамаларына қолдау көрсете отырып, оқу 
процесін мынадай форматта ұйымдастырады: 
• жаһандық проблемалар, олардың себептері, салдары және бағыттары 
бойынша зерттеулер жүргізу; 
• дәлелдерді, аргументтер мен көзқарастарды қолдау үшін дәлелдемелерді 
пайдалану; 
• мәселелерді анықтау және талдау, дәлелдер мен көзқарастарды 
тұжырымдау; 
• шағымдарды, дәлелдер мен көзқарастарды қолдау үшін қолданылатын 
дәлелдер мен аргументтерді талдау және бағалау; 


251 
• зерттеулер, дәлелдер мен көзқарастарды қолдау үшін дереккөздерді 
немесе процестерді талдау және бағалау; 
• аргументті, көзқарасты, іс-қимыл жоспарын немесе нәтижені қолдау 
үшін ойлау сызығын жасау; 
• жеке, аймақтық, ұлттық және жаһандық ұстанымдардағы маңызды 
мәселелерді қарастыру, осы көзқарастар (перспективалар) арасындағы 
байланысты түсіну; 
• жаһандық оқиғалар, олардың себептері мен салдарлары туралы 
аналитикалық бағалау түсінігін дамыту. 
рефлексия аясында: 
• әртүрлі көзқарастарды объективті түрде қарастыру;
• аргументтер мен дәлелдерді қолдана отырып, жеке көзқарасты негіздеу; 
• топтық жұмыс және зерттеу нәтижелері жеке оқуға қалай әсер еткенін 
түсіну және түсіну. 
коммуникация және коллаборация шеңберінде: 
• тиісті дәлелдерді, аргументтер мен көзқарастарды нақты және 
құрылымды түрде таңдау және ұсыну
• ғылыми негіздемені қоса алғанда, зерттеу нәтижелерін ұсыну; 
• командалық жобаның жалпы мақсаты мен нәтижесіне үлес қосу; 
• жауапты азаматтық ұстанымды білдіру. 
5-11-сыныптарда «Жаһандық құзыреттер» курсын оқу кезінде педагог 
түрлі нысандар мен технологияларды: топтық жұмыс, диаграммаларды, 
кестелерді талдау, жобалау жұмысы, волонтерлік қозғалыс пен акциялар, 
деректер жинау, әлеуметтанушылық зерттеулер, ғылыми және зерттеу 
жобалары, мақалалар, эсселер, шолулар, ескертпелер жазуды пайдалана отырып, 
сабақтарды әзірлеуге шығармашылықпен қарауы тиіс. Тақырып бойынша қысқа 
әңгімелер, 
ғылыми-фантастикалық 
әңгімелер, 
бейнероликтер 
түсіру, 
тұжырымдамалық карталар, глоссарий, библиография, берілген тақырып 
бойынша нұсқаулықтар мен жадынамалар жасау және басқалар. 
Курсты оқу барысында білім алушылардың жеке және топтық әлеуметтік, 
құқықтық, экологиялық проблемаларды өзектендіре отырып, зерттеу, 
практикаға бағытталған, шығармашылық, волонтерлік жобаларды орындауы 
ұсынылады. 
Педагогтерге әдістемелік қолдау ретінде курстың мақсаты, міндеттері, 
құрылымы, оқыту әдістемелері мен технологиялары, бағалау құралдары мен 
ресурстары сипатталған гайд әзірленді. Бұл материал «Жаһандық құзыреттер» 
курсының сабақтарын өз бетінше шығармашылықпен дамыту үшін мұғалімге 
негіз және ұсыным бола алады. 
Сабақтың форматын, мектептен тыс өткізу мүмкіндіктерін, жаңа 
технологияларды пайдалануды таңдау педагогке сабақтың тақырыбын, білім 
алушылардың жас ерекшеліктерін, олардың өмірі мен денсаулығының 
қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ескере отырып ұсынылады. 
Бөлім (юнит) тақырыптары бойынша әртүрлі ресурстарды пайдалану 
ұсынылады: 


252 
1. 
https://www.amnesty.org/en/documents/act30/2621/2015/en/
 
2. 
https://schoolsonline.britishcouncil.org/classroom-resources/list/rivers-
http://www.schrockguide.net/uploads/3/9/2/2/392267/critical-thinking-
workbook
 
3. 
https://www.teachingenglish.org.uk/article/global-citizenship-english-
language-classroom
 
4. 
https://asiasociety.org/education/teaching-global-competence-rapidly-
changing-world
 
5. 
http://www.innovationunit.org/wp-content/uploads/2017/04/Work-That-
Matters-Teachers-Guide-to-Project-based-Learning.
 
6.  http://unesdoc.unesco.org/images/0019/001929/192971e  
«Жаһандық құзыреттер» курсы бойынша ресурстарға сілтемелер 
педагогтерге арналған гайдта көрсетілетін болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   171




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет