2022-2023 ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында



Pdf көрінісі
бет88/171
Дата06.09.2023
өлшемі5.81 Mb.
#476715
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   171
Снимок экрана 2023—08—10 в 2.35.29 PM

5. Үлгілік оқу жоспарының вариативтік компоненті есебінен оқу пәні 
бойынша жүргізілетін элективтік курстардың тақырыптары
Үлгілік оқу жоспарының вариативтік компоненті есебінен «Шетел тілі» 
пәні бойынша жүргізілетін элективтік курстың төмендегідей тақырыптары 
ұсынылады: 
«Дыбыстар сөйлейді» курсы. 2-4 сыныптар фонетикасы. 
Курста шетел тіліндегі білім алушылар әріптер мен дыбыстардың қалай оқылуы, 
айтылуы және жазылуы жайлы өз білімін жетілдіреді, оқуда қолданады. 
«Білім алушылардың жазбаша тілін жазылым дағдысы арқылы дамыту» 
курсы білім алушылардың ойлау қабілетін, шығармашылық қабілеттерін 
жазылым арқылы дамытуға ықпал етеді. 
«Ынтамен оқу» курсы оқу процесіне қызығушылықты дамытуға, білім 
алушылардың оқу дағдыларын дамытуға, әлем әдебиеттермен жұмыс істей 
білуге бағытталған. 
«Шетел тілі біздің айналамызда» курсы білім алушыларға оқытылатын 
шетел тілі сабағында жаңа технологиялардың түрлі тәсілдерін пайдалана 
отырып, күнделікті өмір жағдайында сөйлеу дағдыларын жаттықтыруға 
мүмкіндік береді. Ол күнделікті қолданылатын сөйлемдер арқылы шетел тілінің 
лексикасын дамытуға ықпал етеді. 
«Елтану сабағы» курсы елтану сипатындағы білім алушылардың ой-өрісін 
кеңейтуге, Қазақстан және басқа елдер, олардың географиясы, сол елде тұратын 
халықтар, көрікті жерлер, салт-дәстүрлер туралы білімдерін тереңдетуге ықпал 
етеді. 
«Әлемге саяхат» курсы білім алушыларды белгілі бір елдердің, сондай-ақ 
ірі аумақтар мен құрлықтардың табиғаты, халқы, шаруашылығы, мәдениеті, 
әлеуметтік құрылымы, т.б. туралы мәліметтерді жинақтау, қызығушылығын 
арттыру, қазақ халқының салт-дәстүрімен салыстыруға үйретеді. 
10-11 сыныптарға арналған «Жеке жоба бойынша нұсқаулық» курсы білім 
алушылардың ойлауын дамытуға, шет тілінде дұрыс сөйлеу және сауатты жазу 
дағдыларын қалыптастыруға; шет тілінде іскерлік қызметпен байланысты 
лексиканы зерделеуге, одан әрі сауатты пайдалануға ықпал ететін сөздік қорын 
байытуға бағытталған. 
10-11 сыныптарға арналған «Іскерлік шет тілі» курсы іскерлік шетел тілін 
оқытуға, кәсіптік терминдерді, іскерлік этиканы, хаттарды, білім алушылар 
кәсіптік қызмет процесінде қажеттілігіне қарай қолдана алатын іскерлік сөйлеу 
ерекшеліктерін зерделеуге бағытталған. 
«Көркем мәтін және аударма» курсы білім алушыларда көркем мәтінді бір 
тілден екінші тілге және керісінше аудару негіздерін қалыптастыруға ықпал 
етеді. 
«Эссе және оның түрлері» курсы сыни ойлауды дамытуға, ойлар тізбегін 
реттеуге, өз пікірін білдіруге және негіздеуге бағытталған. 


156 
«Ақпараттық шетел тілі» курсы ақпараттық құралдарды пайдалана 
отырып, білім алушылардың шет тіліндегі білімін тереңдетуге және жүйелеуге, 
оларды дербес шығармашылық ойлауға тартуға, ақпаратты өңдеу кезінде талдау 
және синтездеу әдістерін қолдануға бағытталған. 
6. Оқу пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінде қарастырылатын 
әдістемелік тақырыптар 
Оқу жылы бойы «Шетел тілі» оқу пәні педагогтернің әдістемелік 
бірлестігінің отырыстарында олардың кәсіби құзыреттілігін арттыру бойынша 
келесі мәселелерді қарастыру ұсынылады: 
1. Шетел тілі бойынша білім беру процесін ұйымдастырудың заманауи 
тәсілдерін жүзеге асыру. 
2. Шетел тілін оқытудағы инновациялар және сабақтан тыс жұмыстарды 
ұйымдастыру. 
3. Шетел тілі сабақтарында функционалдық сауаттылықты қалыптастыру. 
4. Шетел тілі сабақтарында білім алушылардың оқу сауаттылығын 
қалыптастырудың тиімді әдістері мен тәсілдері. 
5. Шетел тілі сабақтарында жобалық-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру. 
6. Интернеттегі білім беру платформаларын негізгі шетел тілі оқулығына 
қосымша тапсырмалардың тиімді көзі ретінде қарастыру. 
7.Білім алушылардың шетел тілі бойынша қорытынды аттестаттауға 
сапалы дайындығын қамтамасыз ету. 
8. Шетел тілі мұғалімінің тәжірибесінде мүмкіндігі шектеулі білім 
алушылармен жұмысын ұйымдастыру. 
9. Үлгерімі төмен білім алушылармен жұмысты ұйымдастыру. 
7. Пәнді оқыту процесінің тәрбиелік әлеуетін арттыру 
«Шетел тілі» пәнін оқытуда білім алушыларды тәрбиелеудің негізгі тетігі 
– ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар екенін есте ұстау абзал. Сол үшін 
«Шетел тілі» пәні бойынша «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы – «Мәңгі ел» 
тұжырымдамалық идеологиясы мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске 
асыру жағдайындағы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздеріне сәйкес жүзеге 
асырылады.
Оқыту білім алушылардың рухани-адамгершілік қасиеттері мен 
патриоттық 
сезімдерін 
қалыптастыруға, 
қазақстандық 
патриотизмді 
қалыптастыруға және «толық адам» кемелді адамның қасиеттерін өмірге енгізуге 
ұмтылуға, этносаралық және мәдениетаралық коммуникация жағдайында 
толеранттылық пен қарым-қатынас жасай білуді дамытуға бағытталуы тиіс. 
Оқыту процесіндегі «Шетел тілі» пәнінің тәрбиелік әлеуетін арттыру үшін 
әр деңгейге сәкес меңгеріп жатқан тілінде коммуникативтік технологияларды 
(жобалар, 
сұхбаттар, 
рөлдік 
ойындар, 
пікірталастар, 
пікірталастар, 
конференциялар, байқаулар, драматургиялар және т.б.) жан- жақты пайдалануды 
көздейді. Тақырыптардың мазмұны отансүйгіштік, адамгершілік, ізгілік, 
адалдық, еңбекқорлық, досшыл болуға бағытталуы ұсынылады.
Жоғары сынып білім алушыларының жас ерекшеліктеріне және жеке 
мүдделеріне жауап беретін шетел тілі сабақтарында түпнұсқалық 
материалдарды пайдалану. Кәсіптік бағдар беру элементтерімен, таңдалған 


157 
мамандықтың ерекшеліктерімен және болашақ мамандықты игерудегі шет 
тілінің рөлімен танысуды, ғылыми - техникалық және мәдени прогреске қол 
жеткізуді, таңдаған маман саласындағы жалпы білім көкжиегін кеңейтуді 
қамтамасыз етуге бағытталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   171




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет