2022-2023 ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында



Pdf көрінісі
бет91/171
Дата06.09.2023
өлшемі5.81 Mb.
#476715
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   171
Снимок экрана 2023—08—10 в 2.35.29 PM

Үлгілік оқу 
бағдарламалары
ның түрлері 
Сынып 
Атауы 
Үлгілік оқу 
бағдарламасы 
5-9 
Математика (5-6 сыныптар),
Алгебра (7-9 сыныптар),
Геометрия (7-9 сыныптар) 
10-11 
Алгебра және анализ бастамалары,
Геометрия
(10-11 сыныптар, ЖМБ, ҚГБ) 
Үлгілік оқу 
бағдарламасы 
(оқу жүктемесі 
төмендетілген) 
7-9 
Геометрия 7-9 сыныптар, 
Төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу бағдарламалары да пәннің 
базалық білім мазмұнынан, оқыту мақсаттары жүйесінен, ұзақ мерзімді 
жоспардан тұрады. Бұл оқу бағдарламаларында да, Ұзақ мерзімді жоспарда да 


160 
тақырыптар мен бөлімшелерді меңгеруге қажетті сағат сандары көрсетілмеген. 
Бөлімшелердің арасында сағат сандарын бөлу құқығы практик-мұғалімге 
берілген, бірақ материал кестеде көрсетілгендей сол тоқсанда игерілуі тиіс. 
«Алгебра», «Геометрия» пәндерін оқыту барысында математикалық 
сауаттылықты қалыптастыру мақсатында білім алушыларға анықтамалықтарды 
қолдану, оқу, әдістемелік және анықтамалық әдебиеттерден анықтамаларды
формулалар және басқа да тұжырымдарды іздеу; математикалық формулаларды 
қолдану, дербес жағдайларды жалпылау негізінде шамалар арасындағы 
тәуелділіктің формулаларын өздігінен құрастыру; игерілген математикалық 
білім, білік, есептеу, өлшеу және графиктік дағдыларды пайдаланып практикаға 
бағытталған тапсырмаларды шешу; дәлелдемелі пайымдау жүргізу, талқылауға 
қатысу және логикалық негізделген қорытындылар жасау; математикалық 
мәтінмен жұмыс жасау (талдау, қажетті ақпаратты алу), математикалық 
терминология мен символдарды қолдана отырып, өз ойын ауызша және жазбаша 
түрде анық және нақты түсіндіру іскерліктерін үйрету ұсынылады.
Білім алушылардың оқу-ақпараттық құзыреттілігін дамыту мақсатында 
жобалық жұмыс арқылы ғылыми-зерттеу қызметін жүргізуге ерекше назар 
аударылуы тиіс. Жобамен жұмыс істейтін оқушылар жеке немесе топта жұмысты 
жоспарлау, мақсат қою, қажетті ақпаратты іздеу, гипотезаны ұсыну және дәлелдеу, 
эксперимент жүргізу, атқарылған жұмыс туралы нәтижелерді ұсыну, талдау және 
бағалау жұмыстарын орындау, сондай-ақ өз жобасын шебер қорғау керек. 
Пәнге деген қызығушылықты арттыру мақсаттарының бірі білім 
алушылардың жобалық іс-әрекеттерін дамыту жұмыстарын жүргізу болып 
табылады. Жобалау технологияларын қолдану пән бойынша оқу сапасын көтеріп 
қана қоймайды, пәнаралық байланысты жүзеге асырады және оқу пәнін игерудің 
тиімділігін арттырады. Жобамен жұмыс істеу барысында білім алушылар топтасып 
немесе жеке жұмыстарын жоспарлауды, мақсат қоюды, қажетті ақпаратты іздеуді, 
гипотезаны ұсынуды және дәлелдеуді, тәжірибелер жүргізуді, орындалған 
жұмыстың нәтижелерін көрсетуді, талдау мен бағалауды, сонымен қатар өз 
жобаларын қорғауды үйренеді. 
Пәндерді оқыту процесінде білім сапасын жетілдіру мақсатында жеке 
тұлғаға бағытталған проблемалық оқыту, саралап оқыту тәсілдерін, сонымен 
қатар іс-әрекет түрлері мен тапсырмаларды ұқыпты іріктеу арқылы дамыта 
оқыту тәсілдерін қолдану ұсынылады.
5-6-сыныптар, «Математика» оқу пәні, 7-9-сыныптар, «Алгебра» оқу 
пәні. 
Оқу бағдарламасы бойынша 5-9-сыныптарда «Математикалық моделдеу 
және анализ» бөліміне баса назар аударылған. Әр бөлімді игерген кезде мәтінді 
есептерді шығару ұсынылады. Функционалды сауаттылықты дамытуға 
арналған, практикаға бағытталған тапсырмаларды орындауға көңіл бөлінген.
7-9-сыныптар, «Геометрия» оқу пәні. 
Үлгілік оқу бағдарламасы (төмендетілген оқу жүктемесімен) бойынша 7-
9-сыныптарда «Геометрия» оқу пәнінен әзірленген Үлгілік оқу бағдарламасында 
қарастырылатын бөлімдер толығымен қалдырылған, айырмашылық бөлімше 
бойынша оқыту мақсаттарына өзгерістер енгізілген. Оқыту мақсаттарына 


161 
қойылатын басты талап сәйкес теореманы, қасиетті білу және қолдану. Апталық 
оқу жүктемесінің азайтылуына байланысты теоремалар мен формулаларды 
қорытып шығару мақсаты білім алушылардан талап етілмейді.
Сонымен қатар, кейбір бөлімдер мен бөлімшелердің атаулары 
нақтыланып, кейбір оқыту мақсаттарының реті өзгертілді. 
7-9-сыныптарда «Геометрия» пәнін оқытуда пәннің практикалық 
бағыттылығы күшейтіледі. 
Төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспарына сәйкес 7-9-
сыныптарда «Геометрия» пәнінің апталық жүктемесі 1 сағатты құрайды. 
Сондықтан, осы оқу жоспарымен оқытылатын «Геометрия» пәні бойынша 
тоқсандық жиынтық бағалау өткізілмейді, қорытынды баға жартыжылдыққа 
қойылады. 
10-11-сыныптар, «Алгебра және анализ бастамалары» оқу пәні 
11.1-кестеден көріп отырғандай, «Алгебра және анализ бастамалары» пәні 
бойынша апталық оқу жүктеме жаратылыстану-математика бағытында 4 сағатты, 
қоғамдық-гуманитарлық бағытта 3 сағатты құрайды. 
10-11-сыныптарда «Геометрия» оқу пәнін оқытуда пәннің практикалық 
бағыттылығы күшейтіледі.
4. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың нормативтік 
талаптарына сәйкес бөлім бойынша жиынтық бағалаудың саны 
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау «Орта, техникалық және 
кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың 
үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды 
өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 
2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығы (өзгерістер ҚР БҒМ 2022 жылғы
12 мамырдағы № 193 бұйрығымен енгізілген) негізінде жүргізіледі. 
Осы бұйрықтың 11 тармағына сәйкес «Аптасына 1 сағат оқу жүктемесі 
кезінде БЖБ қажет болған жағдайда бөлімдерді біріктіре отырып тоқсанына екі 
реттен артық жүргізілмейді, қорытынды баға жартыжылдыққа қойылады». Яғни, 
Үлгілік оқу жоспарларында бөлінген апталық оқу жүктемесіне қарай 
жүргізілетін БЖБ және ТЖБ «Математика», «Алгебра», «Алгебра және анализ 
бастамалары» және «Геометрия» пәндері бойынша 11.3-кестесінде көрсетілген. 
11.3-кесте – Апталық оқу жүктемесіне қарай БЖБ және ТЖБ туралы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   171




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет