2022-2023 ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында


«ФИЗИКА» ПӘНДЕРІН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, 7-11-



Pdf көрінісі
бет96/171
Дата06.09.2023
өлшемі5.81 Mb.
#476715
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   171
Снимок экрана 2023—08—10 в 2.35.29 PM

14. «ФИЗИКА» ПӘНДЕРІН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, 7-11- 
СЫНЫПТАР 
 
1. Жалпыға міндетті білім беру стандартындағы оқу пәніне байланысты 
енгізілген өзгерістер мен толықтырулар 
«Физика» пәнін оқыту мақсаты - білім алушылардың ғылыми 
дүниетанымдық негіздерін, әлемнің жаратылыстану-ғылыми бейнесін тұтастай 
қабылдауын, өмірде маңызды практикалық мәселелерді шешуде табиғат 
құбылыстарын бақылау, жазу, талдау қабілеттерін қалыптастыру.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы 
№ 348 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім берудің және Жалпы орта білім 
берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес 7-11-сыныптарда 
«Физика» міндетті оқу пәні ретінде оқытылады.
Қазақстан Республикасы Ағарту ісінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 
бұйрығымен бекітілген жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті 
стандартының 24-тармағына сәйкес «Физика» пәні 10-11 сыныптарда 
жаратылыстану-математикалық бағыттағы тереңдетілген деңгейде, ал 27-
тармаққа сәйкес қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы стандартты деңгейде 
оқытылады.
Қазақстан Республикасы Білім Министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 
348 бұйрығымен бекітілген жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға 
міндетті стандартының 34-тармағына сәйкес 10-11-сыныптарда «Физика» оқу 
пәні бойынша екі оқыту бағыты бойынша сабақтар өткізу кезінде білім 
алушылар санына қарамастан қалалық, ауылдық білім беру ұйымдарында


172 
шағын жинақталған мектептерде сабақ өткізу кезінде сыныпты топтарға бөлуге 
жол беріледі. 
2. Үлгілік оқу жоспарындағы оқу пәніне байланысты енгізілген өзгерістер 
мен толықтырулар
Республиканың жалпы білім беретін мектептеріндегі оқу процесі ҚР Білім 
және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен 
бекітілген Үлгілік оқу жоспарларына сәйкес (Қазақстан Республикасы Оқу-
ағарту министрінің 2022 жылғы 12 тамыздағы № 365 бұйрығымен өзгерістер мен 
толықтырулар енгізілген) жүргізіледі.
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығымен 
бекітілген «Орта білім беру (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) ұйымдары 
қызметінің үлгілік қағидаларына» сәйкес білім беру ұйымдары, үлгілік оқу 
жоспарын, оның ішінде оқу процесі жүзеге асырылатын қысқартылған оқу 
жүктемесі бар үлгілік оқу жоспарларын дербес таңдап алады. Сондықтан, 
Үлгілік оқу жоспарының түріне байланысты негізгі орта және жалпы орта білім 
беру деңгейінде «Физика» пәнін оқытуға бөлінген оқу жүктемесінің көлемі 
әртүрлі болуы мүмкін
.
Үлгілік оқу жоспарының түрлеріне қарай негізгі орта және жалпы орта 
білім беру деңгейлерінде «Физика» пәнін оқытуға бөлінген оқу жүктемесінің 
көлемі 14.1-кестеде көрсетілген. 
14.1-кесте. «Физика» пәні оқу жүктемесінің көлемі 
Сынып 
Жалпы жүктеме, сағат 
Үлгілік оқу жоспары 
Үлгілік оқу жоспары
(төмендетілген оқу жүктемесімен) 
Апталық 
Жылдық 
Апталық 
Жылдық 


72 

36 


72 

36 


72 

36 
Міндетті пәндер 
Таңдау пәні 
10(ҚГБ) 

36 

72 
10(ЖМБ) 

72 

108 
11 (ҚГБ) 

36 

72 
11(ЖМБ) 

72 

108 
Оқу жылының ұзартылуына байланысты пайда болған қосымша 
сағаттарды қайталау, өткен материалды бекіту және күрделі тақырыптарды 
зерттеу үшін пайдалану ұсынылады. 
3. Оқу пәнінің мазмұны бойынша Үлгілік оқу бағдарламаларына енгізілген 
өзгерістер мен толықтырулар 
2022-2023 оқу жылында «Физика» пәні бойынша оқу процесін 
ұйымдастыруда Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ресми 
сайтында https://www.uba.edu.kz орналастырылған Үлгілік оқу бағдарламаларын 
басшылыққа алу керек.


173 
Үлгілік оқу бағдарламасы (төмендетілген оқу жүктемесімен) бойынша 7-
9-сыныптарда «Физика» пәнінен қарастырылатын бөлімдер толығымен 
қалдырылған, оқыту мақсаттары жүйеленді. 
Үлгілік оқу бағдарламалары пәннің базалық білім мазмұнынан, оқыту 
мақсаттары жүйесінен, ұзақ мерзімді жоспардан тұрады.
Барлық оқу бағдарламаларында да, Ұзақ мерзімді жоспарда да тақырыптар 
мен бөлімшелерді меңгеруге қажетті сағат сандары көрсетілмеген. 
Бөлімшелердің арасында сағат сандарын бөлу құқығы практик-мұғалімге 
берілген, бірақ материал кестеде көрсетілгендей сол тоқсанда игерілуі тиіс. 
Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық 
бағытындағы 10-11-сыныптар үшін «Физика» пәнінен оқу жүктемесі төмендетілген 
Үлгілік оқу бағдарламасында базалық білім мазмұны сақталған және оқыту 
мақсаттары жүйеленген.
Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарына арналған 
жаратылыстану-математикалық бағыттағы «Физика» пәнінен үлгілік оқу 
бағдарламасында (2 сағат) оқыту мақсаттары қысқартылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   171




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет