179
Үлгілік оқу жоспарының түрлеріне қарай негізгі орта және жалпы орта
білім беру деңгейлерінде «Химия» пәнін оқытуға бөлінген оқу жүктемесінің
көлемі 15.1-кестеде көрсетілген.
15.1-кесте. 7-11-cыныптарда «Химия» пәнін оқытуға бөлінген оқу жүктемесінің
көлемі
Сынып
Оқу
пәнінің
атауы
Жалпы жүктеме, сағат
Үлгілік оқу жоспары
Үлгілік оқу жоспары
(төмендетілген оқу
жүктемесімен)
Апталық
Жылдық
Апталық
Жылдық
7
Химия
1
36
1
36
8
Химия
2
72
1
36
9
Химия
2
72
1
36
10-11 (ҚГБ)
Химия
1
36
2
72
10-11 (ЖМБ)
Химия
2
72
3
108
Оқу жылының ұзартылуына байланысты
пайда болған қосымша
сағаттарды қайталау, өткен материалды бекіту және күрделі тақырыптарды
зерттеу үшін пайдалану ұсынылады.
Оқу жүктемесі төмендетілген Үлгілік оқу жоспарына сәйкес (Қазақстан
Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 12 тамыздағы № 365
бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) 7-9-сыныптарда 2 сағат
көлемінде оқытылатын «Химия» пәні бойынша вариативті компоненттен 2 сағат
алуға мүмкіндік берілген:
- оқу пәндері: «Биология», «Химия» және инвариантты компоненттен
таңдалатын бір пән;
- оқу пәндері: «Химия», «Физика» және инвариантты компоненттен
таңдалатын бір пән;
алушылардың қажеттілігіне қарай «Қазақстан тарихы»
оқу пәнін таңдай
алады.
Төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспарлары бойынша
7–
11-сыныптарда вариативтік компонент есебінен білім алушылардың қажеттілігіне
қарай инварианттық компоненттен таңдаңдалған пәндер тізімі міндетті түрде білім
беру ұйымының педагогикалық кеңесінде бекітілуі тиіс.
3. Оқу пәнінің мазмұны бойынша Үлгілік оқу бағдарламаларына енгізілген
өзгерістер мен толықтырулар
2022-2023 оқу жылында «Химия» оқу пәні бойынша оқу процесін
ұйымдастыруда келесі оқу бағдарламалары қолданылады:
180
2022-2023 оқу жылында «Химия»
пәні бойынша оқу процесін
ұйымдастыруда Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ресми
сайтында
https://www.uba.edu.kz
орналастырылған Үлгілік оқу бағдарламаларын
басшылыққа алу керек.
Үлгілік оқу бағдарламалары пәннің базалық білім мазмұнынан, оқыту
мақсаттары жүйесінен, ұзақ мерзімді жоспардан тұрады. Барлық оқу
бағдарламаларында да, Ұзақ мерзімді жоспарда да тақырыптар мен
бөлімшелерді меңгеруге қажетті сағат сандары көрсетілмеген. Бөлімшелердің
арасында сағат сандарын бөлу құқығы
практик-мұғалімге берілген, бірақ
материал кестеде көрсетілгендей сол тоқсанда игерілуі тиіс.
«Қазақстан Республикасында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім
берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым
министрінің бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспары (оқу жүктемесін
қысқарта отырып) бойынша оқыған жағдайда (ҚР БҒМ 2012 жылғы 8
қарашадағы № 500 бұйрығы) 10-11-сыныптарда пәнді зерделеуге бөлінетін сағат
саны: жаратылыстану-математикалық даярлық
бағыты бар сыныптарда
аптасына 3 сағатты, қоғамдық-гуманитарлық бағытта 2 сағатты құрайды.
Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық
бағытындағы 10-11-сыныптар үшін «Химия» пәнінен оқу жүктемесі
төмендетілген үлгілік оқу бағдарламасында базалық білім мазмұны сақталған
және оқыту мақсаттары жүйеленген.
Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарына арналған «Химия»
пәнінің оқу жүктемесі Үлгілік оқу жоспарына сәйкес (Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 12 тамыздағы № 365 бұйрығымен
өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) міндетті пәндер ретінде
жаратылыстану-математикалық бағытта аптасына 2 сағат, қоғамдық-
гуманитарлық бағытта аптасына 2 сағат оқытылады.
4.
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың нормативтік
талаптарына сәйкес бөлім бойынша жиынтық бағалаудың саны
ҚР БҒМ 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын
іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне
ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің
үлгі қағидалары» (өзгерістер ҚР БҒМ 2022 жылғы 12 мамырдағы № 193
бұйрығымен енгізілген) 12-тармағына сәйкес бөлім бойынша жиынтық бағалау
(БЖБ) тоқсанына үш реттен артық өткізілмейді. Бөлімдер тоқсанына төрт және
одан да көп бөлімдерді оқып-зерделеген жағдайда тақырыптардың
ерекшеліктерін және оқыту мақсаттарының санын ескере отырып біріктіріледі.
Оны екі кезеңде өткізуге болады.
Әр тоқсанның ұзақтығын, оқу жүктемесінің көлемін ескере отырып, жаңа
оқу жылында 15.2-кестеде көрсетілгендей бөлімдер бойынша жиынтық бағалау
(БЖБ) келесі саны ұсынылады.
15.2-кесте 7-9 сыныптардағы бөлім бойынша жиынтық
бағалау саны
181
Сынып
Үлгілік оқу жоспарлары
Бөлім бойынша жиынтық бағалау саны
1 тоқсан
2 тоқсан
3 тоқсан
4 тоқсан
7
сынып
2
2
2
2
8 сынып
3
3
3
3
9 сынып
3
3
2
3
Сынып
Төмендетілген оқу жүктемесімен үлгілік оқу жоспарлары
Бөлім бойынша жиынтық бағалау саны
1 тоқсан
2 тоқсан
3 тоқсан
4 тоқсан
7 сынып
2
2
2
2
8 сынып
3
3
3
3
9 сынып
3
3
2
3
Бөлім үшін жиынтық бағалауды жүргізу кезінде қағаз түрінде де,
компьютерлік форматта да бағалау жүргізу ұсынылады.
Аптасына 1 сағат оқу жүктемесі кезінде БЖБ қажет болған жағдайда
бөлімдерді біріктіре отырып тоқсанына екі реттен артық жүргізілмейді,
қорытынды баға жартыжылдыққа қойылады.
Үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкес жаратылыстану-математика бағыты
және қоғамдық-гуманитарлық бағытта оқытылатын «Химия» оқу пәнінен әр
тоқсан сайын өткізілетін бөлім бойынша жиынтық бағалаудың нақты саны 15.3-
кестеде көрсетілген.
15.3-кесте
«Химия» оқу пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалау саны
Сынып
Бөлім бойынша жиынтық бағалау саны
1-тоқсан
2-тоқсан
3-тоқсан
4-тоқсан
10-сынып, ЖМБ
3
2
3
2
10-сынып, ҚГБ
3
3
3
2
11-сынып, ЖМБ
2
3
3
3
11-сынып, ҚГБ
2
1
2
2
Үлгілік оқу бағдарламаларына (төмендетілген оқу жүктемесімен) сәйкес
жаратылыстану-математикалық бағытта және қоғамдық-гуманитарлық бағытта
оқытылатын «Химия» оқу пәнінен әр тоқсан сайын өткізілетін бөлім бойынша
жиынтық бағалау рәсімінің нақты саны 15.4-кестеде көрсетілген.
15.4-кесте. «Химия» оқу пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалау саны
Достарыңызбен бөлісу: