2022-2023 ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында



Pdf көрінісі
бет126/171
Дата06.09.2023
өлшемі5.81 Mb.
#476715
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   171
Снимок экрана 2023—08—10 в 2.35.29 PM

сондай-ақ далалық оқу жиынына (лагерьлік) вариативті бөлімнен 30 сағат 
қарастырылған 


228 
Оқу жылының ұзартылуына байланысты пайда болған қосымша 
сағаттарды қайталау, өткен материалды бекіту және күрделі тақырыптарды 
зерттеу үшін пайдалану ұсынылады. 
3. «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» оқу пәнінің мазмұны 
бойынша Үлгілік оқу бағдарламаларына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар 
2022-2023 оқу жылында «Алғашқы әскери және технологиялық 
дайындық» пәні бойынша оқу процесін ұйымдастыруда Ы. Алтынсарин 
атындағы Ұлттық білім академиясының ресми сайтында https://www.uba.edu.kz 
орналастырылған Үлгілік оқу бағдарламаларын басшылыққа алу керек.
Алғашқы әскери және технологиялық дайындық меншік түрі мен 
ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық типтегі жалпы білім 
беретін мектептерде әскерге шақырылуға дейінгі және әскерге шақырылу 
жасындағы білім алушы жастардың міндетті оқытылатын пәні болып табылады. 
Алғашқы әскери және технологиялық дайындық теориялық және 
практикалық сабақтарда іске асырылады: теориялық сабақтарды оқытудың 
дидактикалық материалдарын, техникалық құралдар мен инновациялық 
әдістерін қолдана отырып, әңгімелесу және сұхбаттасу түрінде өткізіледі; 
практикалық сабақтар оқулықты, қару және әскери-техникалық мүлікті, 
құралдарды және өзге де жабдықтарды қолдана отырып, оқу материалын игеруге 
бағытталады. 
Алғашқы 
әскери 
және 
технологиялық 
дайындық 
оқытушы-
ұйымдастырушы әскери істі оқыту процесінде жастардың бойында азаматтық 
таным, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін қорғау, әскери қызметке деген 
саналы жауапкершілікті қалыптастыруға тәрбиелеу мен оқытудың басты 
міндеттерін шешеді. 
2022-2023 оқу жылында әрбір білім беру ұйымдарында алғашқы әскери 
және технологиялық дайындықты оқытудың оқу жылына есептелген 
күнтізбелік-тақырыптық жоспары құрылады.
Барлық жалпы білім беру мектептерінде меншік түрі мен ведомстволық 
бағыныстылығына қарамастан «Алғашқы әскери және технологиялық 
дайындық» пәні бойынша құралдар және жиһаздармен жабдықтау нормасына 
сәйкес көрнекіліктер, көрнекі үгіт-насихат стендтері және техникалық оқыту 
құралдарымен қамтамасыз етілуі үнемі жетілдіріліп отырады. 
Қару макеттері және өзге де әскери-техникалық құралдармен, оқу 
құралдарымен қамтамасыз етілуі білім беру ұйымдарының есебінен іске 
асырылады. 
«Өмір қауіпсіздігінің және ақпараттық технологиялар негіздері» оқу 
курсының мазмұны 10-сыныпта «Алғашқы әскери дайындық» оқу курсының 
аясында алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы жүзеге 


229 
асырады. Өмір қауіпсіздігінің негіздері бойынша сабақтар міндетті болып 
табылады және оқу процесі кезінде жүргізіледі. 
10-сыныпта өмір қауіпсіздігі және ақпараттық технология негіздері 
бөлімінде – азаматтық қорғау және медициналық білім негіздері сабағында білім 
алушылар Қазақстан Республикасының халқын бейбіт және соғыс кезіндегі 
табиғи апаттарда, ірі апаттарда, қасірет пен террористік актіде атқарылатын іс-
шаралармен таныстырады. 
Білім алушылардың практикалық дағдылары мен біліктіліктерін шыңдау 
және жетілдіру, сонымен қатар әскери істі оқып-үйренуге деген 
қызығушылықтарын арттыру мақсатында оқу жылының соңында спорттық-
қорғаныс сауықтыру лагерлерінде, әскери бөлім базаларында (әскери бөлім 
басшылығымен келісе отырып) 10-сынып ұлдарымен 30 сағат көлеміндегі бес 
күндік оқу-далалық (лагерьлік) жиыны өткізіледі. 
Далалық-оқу жиынындағы (лагерьлік) оқу материалдарын тақырыптар 
бойынша жоспарлау үлгісі (ұлдарға арналған). 10-сынып. 
Бөлімдер: 
1. «Тактикалық дайындық». 
2. «Атыс дайындығы». 
3. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа әскерлер және әскери 
құралымдарының жалпыәскери жарғылары». 
4. «Саптық дайындық». 
5. «Әскери топография». 
Оқу-дала жиыны курсы алғашқы әскери және технологиялық дайындық 
бағдарламасының міндетті кезеңі болып табылады. Ол жергілікті атқару 
органдарымен бірлесіп ұйымдастырылады және білім беру ұйымдарының оқу 
сағаттарымен қамтамасыз етіледі. 
«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнінің оқу 
нәтижелерін бағалау үшін ауызша сұрақ қою, жазба жұмыстың және 
практикалық жаттығулар бақылауын қолдану арқылы жүзеге асырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   171




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет