59
- Жиналыстың тақырыбы балалардың жас ерекшеліктеріне бағытталуы
тиіс.
- Жиналыс теориялық және практикалық сипатта болуы керек:
жағдайларды талдау, тренингтер, пікірталастар және т. б.
- Жиналыс оқушының жеке тұлғасын талқылаумен
немесе айыптаумен
айналыспауы тиіс.
Қамқоршылық кеңес және оның қызметін ұйымдастыру
Қамқоршылық кеңестің мақсаттары:
білім беру ұйымдарына жәрдемдесу, бекітілген жарғылық функцияларды
орындау;
білім беру ұйымының білім алушылары мен педагогтары үшін қажетті
жағдайлар жасау;
білім беру ұйымдарына
қаржылық қолдау көрсету, материалдық-
техникалық базаны нығайту;
білім беру ұйымын одан әрі дамытуға жәрдемдесу.
Қамқоршылық кеңестің қызметі «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі
Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленген
«Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың
және оны білім беру
ұйымдарында сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларымен» реттеледі.
Қамқоршылық кеңес білім беру ұйымының әкімшілігімен, ата-аналар
комитетімен, жергілікті
атқарушы органдармен, мүдделі мемлекеттік
органдармен және өзге де жеке және/немесе заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл
жасайды.
✓
«Білім беру ұйымының қамқоршылық кеңесі: қызмет ету ерекшеліктері»
тақырыбында әзірленген әдістемелік ұсынымдамалар Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық
білім академиясының сайтында орналасқан (https://uba.edu.kz/qaz).
Достарыңызбен бөлісу: