58
Мектептегі өзін-өзі басқарудың инновациялық жүйесінде адам мен
қоршаған әлем арасындағы қатынастардың көп деңгейлі жүйесі ретінде
салауатты өмір салты бағдарламасы болуы керек,
дамудың әмбебап
заңдылықтары мен алгоритміне сәйкес кезең-кезеңмен қалыптасуына, адамның
тікелей және кері себептік қатынастар кешенін құруға ықпал етуі керек.
Өзін – өзі басқарудың инновациялық жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі-
шығармашылықтың жеке және ұжымдық формалары арқылы адамның:
жауапкершілік, тұрақтылық, ізгі ниет және қатысу секілді негізгі қасиеттерін
тәрбиелеуге ықпал ету.
Мектептегі өзін-өзі басқару деңгейлері
Мектептегі өзін-өзі басқару құрылымы төрт деңгейлі:
1-деңгей. Сыныптардағы өзін-өзі басқару:
сынып жиналысы, сынып
активі, жұмыс секторлары.
2-деңгей. Мектептің өзін-өзі басқаруы: мектеп активі.
3-деңгей.
1. Жалпы мектептік оқушылардың өзін-өзі басқаруы: жоғары сынып
оқушыларының Кеңесі.
2. Жалпы мектептік өзін-өзі басқару: мектеп кеңесі: оқушылар, ата-аналар,
мұғалімдер.
4-деңгей. Жалпы мектептік конференция.
Достарыңызбен бөлісу: