60
керек» деп атап өтті. Сонымен қатар мемлекет басшысы 2021 жылғы
1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік
негізі» атты Қазақстан халқына жолдауында: «Біздің білім беру жүйеміз
қолжетімді әрі инклюзивті болуға тиіс» деп белгілеп өтті.
Инклюзивті білім берудің басты аспектілерінің
бірі болып есептелетін
инклюзивті саясаттың соңғы жылдары елімізде қарқынды түрде дамып келе
жатқандығын байқауымызға болады. Бірқатар
құжаттар ратификацияланды,
заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізілуде, барлық
мүдделі тараптардың қатысуымен әртүрлі деңгейлерде талқылаулар іске асуда.
Мектеп әкімшілігі мен педагогтерге еліміздің
мектептерінде білім беру
процесінің қолжетімділігі мен инклюзивтігі қағидаттарын іске асыру үшін басты
мәнге ие нормативтік құқықтық құжаттарға шолуды ұсынамыз.
4.2 Инклюзивті білім беру ортасын құру бойынша ұсынымдар
Барлық білім беру ұйымдарында инклюзивті
практиканы инклюзивті
саясат пен инклюзивті мәдениет негізінде дамыту қажет. Ерекше білім беруді
қажет ететін балаларды инклюзивті педагогиканың негізгі принциптерін терең
түсінбей жалпы білім беру процесіне қосу мүмкін емес.
Достарыңызбен бөлісу: