12
- «Көркем еңбек» пәні екі пәнге бөлінді: «Еңбекке баулу» және «Бейнелеу
өнері».
Ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде оқытатын 1-сыныпқа арналған
Бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспарына мынадай өзгерістер енгізілді:
- «Қазақ тілі», «Әліппе» және «Ана тілі» пәндері оқытылады;
- «Орыс тілі» және «Шет тілі»
пәндері алынып тасталды;
- «Көркем еңбек» пәні екі пәнге бөлінді: «Еңбекке баулу» және «Бейнелеу
өнері».
Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға
міндетті стандартына
сәйкес (Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3
тамыздағы № 348 бұйрығы) жалпы білім беретін білім беру ұйымдарында
сыныпты екі топқа бөлу сыныптарда 24 және одан да көп білім алушылар
болған кезде жүзеге асырылады:
1) қазақ тілінде оқытпайтын сыныптардағы қазақ тіліне;
2)
шет тіліне;
3) цифрлық сауаттылық (1-сыныптан басқа) негізінде жүзеге асырылады.
Ескертпе: «Цифрлық сауаттылық» пәні бойынша 1-сыныпта сынып екі топқа
бөлінбейді.
«Шет тілі» пәні 2022-2023 оқу жылы ҮОЖ сәйкес 2 сыныптарда оқытылады
Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына
(Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №
348 бұйрығы) сәйкес білім беру ұйымдарында сыныпты екі топқа бөлу Қазақстан
Республикасының Білім беру саласындағы заңнамасына сәйкес 24 және одан да
көп білім алушы болғанда:
1) «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін
сыныптардағы;
2)
шетел тілдері;
3) көркем еңбек;
4) информатика екіге бөлініп оқытылады.
Ескертпе:
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша сыныпты екі топқа бөлу қазақ тілінде
оқытпайтын барлық сыныптарда жүргізіледі. Бұл ретте жаратылыстану-математикалық
бағыттағы 10-11-сыныптарда апталық сағаттық жүктеменің өзгеруімен топтарға бөлу
сақталған.
Мектептер оқу тіліне қарамастан, мектептен тыс және жалпы мектепішілік іс-
шараларды негізінен қазақ тілінде ұйымдастырады.
✓
Ата-аналардың қаражаты есебінен оқулықтар мен жұмыс дәптерлерін (бастауыш
сыныптарға арналған жазуларды) сатып алуға жол берілмейді.
✓
ОӘК бюджет қаражаты есебінен ғана сатып алынады.