Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына
(Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы No
348 бұйрығы) сәйкес білім беру ұйымдарында сынып 24 оқушымен
толтырылған, немесе одан да көп кезде екі топқа бөлінеді:
1) оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптарда – қазақ тілі мен әдебиеті;
2) шет тілі;
3) информатика.
Сыныпты екі топқа бөлуге жергілікті атқарушы органдардың шешімі
бойынша білім беру ұйымдарында орыс тілі мен әдебиеті пәнінен сыныпта 24
және одан да көп білім алушы болғанда барлық орыс тілінде оқытпайтын
сыныптарда екіге бөлу қарастырылады.
✓
2022-23 оқу жылынан бастап сыныпты екі топқа бөлу қалалық және ауылдық
мектептерде сыныпта 24 және одан да көп білім алушы болған кезде жүзеге
асырылады (бұрын ауылдық мектептерде бөлу сыныпта білім алушылар саны 20 адам
болған кезде жүзеге асырылған).
✓
«Тиісті үлгідегі және түрдегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын
бекіту туралы» ҚР БҒМ 2018 жылғы 30 қазандағы №595 бұйрығына сәйкес шағын
жинақты мектептерде жекелеген пәндер бойынша бөлу біріктірілген немесе дербес
сыныптарда білім алушылардың әртүрлі жастағы оқуын ескере отырып, 16 және
одан да көп білім алушы болған жағдайда жүзеге асырылады.
2024-2025 оқу жылынан бастап мынадай өзгерістер енгізіледі:
Оқыту қазақ / орыс тілдерінде жүргізілетін бастауыш білім берудің
Үлгілік оқу жоспарына мынадай өзгерістер енгізіледі:
«Шетел тілі» пәні 3-сыныптан бастап оқытылады.
Негізгі орта білім берудің Үлгілік оқу жоспарында:
Оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптарда «Қазақ тілі мен әдебиеті»
пәні «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндеріне, оқыту орыс тілінде
жүргізілмейтін сыныптарда «Орыс тілі мен әдебиеті» пәні «Орыс тілі» және
«Әлем әдебиеті» оқу пәндеріне бөлінеді.
«Дүниежүзі тарихы» пәнінің атауы «Әлем
тарихы» пәні болып өзгереді.
9-сыныпта «География» пәнінің атауы «География. Қазақстан
географиясы» пәні болып өзгереді.
2024-2025 оқу жылынан бастап CEFR деңгейлерінің талаптарына сәйкес
қазақ және қазақ емес тілдерде оқытатын мектептерде 3-сыныптан бастап
«Шетел тілі» пәні аптасына 3 сағат көлемінде оқытылатын болады.
Бастауыш мектептегі ҮОЖ өзгерістері 2022-2023 оқу жылының 1-
сыныбынан білім алатын білім алушыларға қатысты.
ҮОЖ өзгертулер кезең-кезеңімен енгізіледі:
1-сынып – 2022-2023 оқу жылы;
|