2022-2023 ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында



Pdf көрінісі
бет9/42
Дата08.09.2022
өлшемі1.22 Mb.
#460432
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   42
8. ӘНХ Математика

Мектепішілік бақылау
Мектепішілік бақылау оқу-тәрбие процесін үйлестіруді жалпы 
мемлекеттік талаптарға (нормативтерге) және оқушы мен педагогтің дамып келе 
жатқан тұлғаларының сұраныстарына сәйкестігін зерделеу және талдау 
мақсатында жүзеге асырылады.
Оқыту процесінің және білім алушының оқу жетістігінің сапасын арттыру, 
педагогтерде және білім алушыларда кездесетін проблемаларды зерделеу 
мақсатында мектепішілік бақылауды күшейту қажет.
Оқу жылына арналған
мектепішілік бақылау жоспары «Орта, техникалық 
және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері 
жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту 
туралы» ҚР БҒМ-нің 2020 жылғы 6 сәуірдегі №130 бұйрығына сәйкес 
дайындалады.
Оқу процесін ұйымдастыру мен мектепішілік бақылауды тиімді жүзеге 
асыру үшін білім беру ұйымдарының әкімшілігіне келесі нормативтер 
ұсынылады (1-кесте).
1-кесте. Мектепішілік бақылау нормативтері
№ 
Бақылау нысандары 
Нормалар 
1 Сабаққа қатысу, бақылау және талдау 
- директордың орынбасарлары үшін 
айына кемінде 8 сабақ;
- білім беру ұйымының директоры үшін
айына кемінде 4 сабақ;
- 1 сабаққа қатысу ұзақтығы – 45 минут. 

Қысқа мерзімді және орта мерзімді 
жоспарларды тексеру 
мектепшілік бақылау жоспарына сәйкес
3 Электронды сынып журналдарын тексеру 
мектепшілік бақылау жоспарына сәйкес
4 БЖБ және ТЖБ-ның жүргізілуін тексеру 
мектептің бекітілген кестесі бойынша 

Оқыту процесінде педагогтердің қашықтан 
оқыту технологиялары мен ЦБР қолдануы 
мектепшілік бақылау жоспарына сәйкес
Сабақтарға қатысу алдын ала дайындалған, білім беру ұйымының 
басшысы бекіткен жоспар және міндетті түрде ақпарат тақтасына 
орналастырылған кесте бойынша жүзеге асырылады. Сабаққа жоспарланбаған 
қатысуға педагогке оның кәсіби өсуі мен дамуы үшін нақты әдістемелік көмек 
көрсету мақсатында ғана жол беріледі. 
Білім беру ұйымы әкімшілігінің сабаққа қатысу нәтижелері бақылау 
парақтарында, сабаққа қатысу журналында тіркеледі. 


17 

Сабақтарға қатысу мақсаттары білім беру ұйымының мақсаттарына, 
міндеттеріне және ерекшеліктеріне байланысты анықталады. 

 Мектепішілік бақылаудың мақсаттарына байланысты сабақты бақылау парағы 
әзірленеді. 
Сабақты бақылау, зерттеу мен талдау оқыту процесін жақсартудың, 
педагогтің кәсіби өсуі мен дамуының, білім алушылардың білім сапасын 
арттырудың негізі болып табылады.
Сабақтарды бақылау нәтижелері пәндік 
әдістемелік бірлестіктердің, әдістемелік кеңестердің отырыстарында жүйелі 
түрде талқылануы тиіс. 
Сабақты талдау (ауызша жүргізілуі мүмкін) мыналарды көздейді: 
- педагогтің сабақты өзіндік талдауы; 
- сабақтың ұтымды және проблемалық тұстарын бөліп көрсету;
- педагогке ұсыныстар беру. 
Педагогтердің бір-бірінің сабағына жүйелі түрде қатысуы ұсынылады. 
Карантиндік және шектеу шаралары кезеңіндегі оқыту жағдайында 
мектепішілік бақылау онлайн форматта жүргізіледі. 
Электрондық журналдарды тексеру нормаларын тоқсанына 1 рет анықтау 
ұсынылады. 
Білім беру ұйымының әкімшілігі білімнің таңдамалы тақырыптық бақылау 
кесімдерін жүргізуді, білім алушылардың жазбаша жұмыстарын (эссе, диктант, 
мазмұндама және шығарма) тексеруді жоспарлайды.
Педагог дәптерлерді, жазбаша жұмыстарды тексеру нәтижелері бойынша 
білім алушыға кері байланыс (түсініктеме, орындалған жұмыстағы 
олқылықтарды түсіндіру және т.б.) ұсынады.
Мұғалімдердің тиімді жұмысын ұйымдастыру үшін әр мектепте 
«мұғалімдер бөлмесі» болуы керек. 
Білім беру ұйымының әкімшілігі білімнің таңдаулы тақырыптық бақылау 
бөлімдерін өткізуді, оқушылардың жазба жұмыстарын (эссе, диктант, 
презентация және шығарма) тексеруді жоспарлап отыр. 
Білім беру сапасын ішкі қамтамасыз ету жүйесі өзара байланысты және 
өзара шартты элементтерді қамтиды: 
1) білім беру сапасын басқарудың ішкі жүйесін жобалау және жоспарлау 
(орта білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі саясатты іске асыруды 
қамтамасыз ететін нормативтік, ұйымдастырушылық, әдістемелік және өзге де 
құжаттарды әзірлеу және бекіту); 
2) оқу-тәрбиелік, ұйымдастырушылық, әдістемелік (қажеттіліктерді 
зерделеу, ресурстармен қамтамасыз ету, сапаны бақылау және т. б.) процестерді 
басқару; 
3) процестер мониторингі және түзету (сапа көрсеткіштері мен 
индикаторларына қол жеткізу бойынша бағалау және талдау, мүдделі 
тараптармен кері байланыс, басқару жүйесіне және Қызметке білім беру 
қызметтерін көрсету ретінде түзету іс-қимылдарын енгізу). (Қазақстан 
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 23 маусымдағы № 292 
бұйрығы). 


18 

Мұғалім қысқа мерзімді жоспарды электронды немесе қағаз форматта ұсына 
алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет