2022 ж. ОҚу практика бағдарламасы кадрларды дайындау бағытының атауы және коды: «В091-Туризм»



бет4/12
Дата14.10.2023
өлшемі92.35 Kb.
#480730
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
1 курс ПРАКТИКА БАҒДАРЛАМАСЫ КАЗ жаңа (1)

дағдыларының болуы:
- көмек көрсету және сақтандыру, сондай-ақ алғашқы медициналық көмек көрсету әдіс-тәсілдерін;
- тіл табысу әдістерін және оның ұжымда, әрбір жеке адаммен жұмыс кезінде қолдана білу.
2. Оқу практикасын ұйымдастыру, басқару және өту тәртібі


2.1. Оқу практикасын ұйымдастыру
Тәжірибені ұйымдастыру барысында кафедрадағы практикаға жауапты оқытушылар білім беру бағдарламасы негізінде факультет басшылығы деңгейінде практиканың бағдарламасын жасайды және бекітеді.
Тәжірибені жалпы басқару, сондай-ақ оны әдістемелік қамтамасыз ету «Қонақжайлылық» кафедрасына жүктелген. Тәжірибеге жетекшілік ету кафедрадан оқытушыларға жүктелген.
Тәжірибелік есептерді қорғау қорытынды конференциялардың кестесіне сәйкес жүзеге асырылады. Тәжірибе туралы есептерді қорғау тәжірибе аяқталғаннан кейін бір апта ішінде жүзеге асырылады, қорытынды бағалау Platonus-қа (электронды парақ) қойылады және практика аяқталғаннан кейін оқу бөліміне ұсынылады.


2.2. Практика базалары
«B111-Қызмет көрсету саласы» дайындық бағытындағы оқу практикасы қызмет көрсету саласындағы білікті кадрларды даярлаудың кезеңдерінің бірі болып табылады. Білім алушылар оқу практикасында өз өлкесінің туристік-рекреациялық аймақтарын және туристік кәсіпорындармен мекемелерді қарастырады.


2.3. Практика жетекшісінің міндеттері/құқықтары (кафедра атынан, кәсіпорын атынан)
Кафедрадағы практика жетекшісіне білім алушылардың оқу практикасын ұйымдастыру және басқару міндеттері жүктеледі. Кафедрадағы тәжірибе жетекшісі оқу практикасының бағдарламасына, жұмыс оқу бағдарламасына, мақсатына, міндетіне сәйкес міндетті:

  • білім алушыларды оқу практикасының өту бағдарламасымен қамтамасыз етуге;

  • оқу практикасының бағдарламасына сәйкес білім алушылардың уақытылы тапсырмаларын орындауын ұйымдастыруға;

  • оқу практикасының алдындағы конференцияны ұйымдастыру мен өткізуге;

- күнтізбелік жоспар мен осы бағдарламаға сәйкес оқу практикасын өткізу бойынша тұрақты бақылауды қамтамасыз етуге;
- оқу практикасының бағдарламасын орындау сұрақтары бойынша білім алушыларға үнемі кеңес беру жұмыстарын жүргізуге;
- білім алушылардың практика бағдарламасын және жеке тапсырманы орындауына, тәжірибе күнделігін жүргізуге бақылауды жүзеге асыруға;
- оқу практикасын өткізу есебін жазу бойынша білім алушыларға әдістемелік нұсқау жұмыстарын жүргізуге;
- оқу практикасын өту бойынша жазбаша есептің уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету және практика уақыты біткеннен кафедраға өткізілуін қамтамасыз етуге;
- жұмысының тақырыбын ескере отырып, ғылыми зерттеу элементтері бар жеке тапсырма беру бойынша келісуге;
Кафедрадан тәжірибе жетекшісінің құқы бар:

  • білім алушыларға оқу практика бағдарламасы және практиканың жекелеген мәселелерін тереңірек әзірлеу үшін қосымша тапсырмалар (кафедраның келісімімен) беруге;

  • білім алушыны тапсырманы орындау тәртібін сақтамау және бұзу кезінде оқу практикасынан уақытша босатуға (кафедраның келісімімен);





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет