2022 ж. ОҚу практика бағдарламасы кадрларды дайындау бағытының атауы және коды: «В091-Туризм»


Оқу практика барысын қорытындылауға қойылатын талаптар



бет5/12
Дата14.10.2023
өлшемі92.35 Kb.
#480730
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
1 курс ПРАКТИКА БАҒДАРЛАМАСЫ КАЗ жаңа (1)

2.4. Оқу практика барысын қорытындылауға қойылатын талаптар
- Оқу практикасы туралы есепте білім алушылардың орындаған нақты жұмыстары туралы мәліметтер мен қорытындылар жазылуы керек. Есеп беру үшін білім алушыға практика соңында 2-3 күн беріледі.
- Оқу практикасынан өткен білім алушылары оқу практикасының әр түрінің қорытындылары бойынша тиісті кафедраға практика жетекшісі мен консультанты тексеретін және кафедра меңгерушісінің өкімімен құрылған комиссияның алдында қорғалатын есепті ұсынады. Комиссия құрамына практика өткізілетін курсты жүргізетін оқытушы, университет жағынан практикаға жауапты тұлға, факультет кафедраларынан, мемлекеттік басқару және экономика жоғары мектебіне қарасты бағдарламалардан тағайындалған және мүмкіндігінше кәсіпорын жағынан тағайындалған практика жетекшілерінен құрылады.
Есепті қорғау нәтижелері бағалардың балдық–рейтингтік әріпті жүйесі бойынша бағаланады.
- Оқу практиканың қорытындысы кафедрада талқыланады. Практиканың жалпы қорытындысы мүмкіндігінше практика базасы өкілдерінің қатысуымен факультет деңгейінде өткізіледі.
- Оқу практика бағдарламасын орындамаған, жұмысы туралы теріс пікір немесе есебін қорғағанда қанағаттандырарлықсыз баға алған білім алушы практикадан қайта өтеді. Қайта өту тәртібі университетте қабылданған ереже бойынша жүзеге асады және практиканың есебі қорғау кезінде алған бағалық, балдық, рейтингтік жүйемен қайта бағаланады


2.5. Оқу практикасын өту мерзімінде білім алушының міндеттері/құқықтары
Білім алушы тиімді және нәтижелі тәжірибені өтуі үшін міндетті:

  • оқу практикасын оқу жылдың академиялық күнтізбелік графигінде бекітілген күні бастап және аяқтауға;

  • тәжірибе жетекшісінен күнтізбелік жоспарды – тәжірибенің барлық кезеңі үшін бекіту;

  • күнтізбелік кесте мен тәжірибедегі лауазымына сәйкес практика бағдарламасында қарастырылған барлық талаптарды толық орындауы;

  • тәжірибе кезеңінде орындалған жұмыс туралы барлық жазуды хронологиялық ретпен тәжірибе күнделігін уақытылы және ұқыпты жүргізуі;

  • практика жетекшісі практика аяқталысымен мөр басылған мінездемемен бірге, күнделікке қолы мен мөрін алу керек;

  • оқу практика жетекшісіне бекітілген үлгі бойынша барлық тапсырмалардың орындалуы туралы жазбаша түрде есепті практика базасының жетекшісі растап, қол қойған күнделікті өткізу;

  • кәсіпорында, мекемеде, ұйымда қалыптасқан ішкі тәртіп ережелеріне бағыну;

  • практикадан өту туралы есебін кафедра комиссиясы алдында қорғау.

Студент практикадан өту кезінде құқы бар:

  • Оқу практикасының бекітілген бағдарламасына сәйкес практикадан табысты өту үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар дайындауға;

  • кәсіпорын қызметін жетілдіру мен жұмыстың тиімділігін арттыру бойынша нақты ұсыныстар беруге.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет