1. Жалпы ережелер
Оқу практикасының бағдарламасы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» № 319-111 Заңы;ҚР БжҒМ 2018 жылғы 30 қазанындағы № 595 бұйрығымен бекітілген «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы;ҚР БжҒМ 2018 жылғы 31 қазандағы № 2 бұйрығымен бекітілген «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» бұйрығы;ҚР БжҒМ 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығымен бекітілген «Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастырудың қағидаларын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 12.10.2018 № 563 бұйрығымен өзгерістері мен толықтырулар енгізілген);Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышы 13.10.2018ж. ҚР БжҒМ № 569 бұйрығымен бекітілген «Кәсіптік практикаларды ұйымдастыру және өткізу ережелеріне, ұйымды практика базасы ретінде анықтау ережелеріне» сәйкес жасалады. Мұнда әр түрлі тәжірибелерден өтудің барлық үрдістері мен критерийлері, сонымен қатар,ТУП және оқыту бағытындағы БББ сипатталған.
Практика өту барысында білімгер бекітілген ішкі ережені сақтау қажет, тәжірибе жетекшілерімен берілген жұмысты уақытында орындау, кәсіпорынның немесе ұйымның шаруашылық қызметімен танысу.
Практикадан өту барысын тәжірибе жетекшілері, кафедра меңгерушісі бақылай алады.
Оқу практикасының мақсаты – білім алушыларды практика базасы қызметінің бағыттарымен, болашақ кәсіби қызметінің функцияларымен таныстыру.
1.1. Оқу үрдісінде оқу практикасының орнын анықтау
1-курстың оқу практикасында кафедра тарапынан берілген тапсырмалар негізінде өз өлкесінің туристік-рекреациялық аймақтарын қарастырады.
1.2. Оқу практикасының мақсаттары мен міндеттері
Білім алушылардың оқу практикасы: "Туризмология негіздері", "Қонақжайлылыққа кіріспе", "Қонақжайлылықтағы сервистік қызмет", "Туристік қызмет психологиясы" пәндері бойынша оқылған дәрістерге қатысты тапсырмалар берілуін, ол тапсырмалардың толық орындалуын қадағалау практика ерекшелігі болып табылады.
Оқу тәжірибесін өтудің негізгі міндеттері:
маршруттың түрлеріне анықтама бере білу;
белгілі бір аймақпен танысу
туризм экологиясының қазіргі жағдайдағы жай күйін және оған қатысты жасалып жатқан іс шаралар жайлы ақпарат іздеу;
қонақ үйлердің құрылымын қарастыру;
мейрамханалардың құрылымын қарастыру
Туроператорлар қызметін анықтау;
турагенттіктер қызметін анықтау;
Туризмдегі логистика (транспорт) түрлерін жекелей қарастыру;
Экскурсия жүргізу әдістерін қарастырып шығу;
Мейрамхана сервисының түрлерін сипаттау;
Қонақ үй шаруашылығының ерекшеліктерін анықтау;
мейрамхана бизнесін ұйымдастыру ерекшеліктерін қарастыру;
туристік индустрия кәсіпорындарындағы адамдармен қарым-қатынас психологиясын қарастырып өту;
Өз өлкесінің туристік-рекреациялық ресурстарын сипаттау;
Өз қаласындағы белгілі бір туристік кәсіпорында көрсетілетін қызмет сапасын бағалау;
Туристік кәсіпорындарда персоналға қойылатын талаптарды жіктеу;
Достарыңызбен бөлісу: |