2023 жыл Аллергиялық реакциялар Анафилактикалық шок. Квинке ісігі Аллергиялық аурулар



бет2/3
Дата20.06.2023
өлшемі23.85 Kb.
#475266
1   2   3
реферат анафилактика (1)

2. Рецидивті ағымы – клиникалық жағдайы жақсарған соң бірнеше сағат немесе тəуліктен кейін қайта шоктың пайда болуымен сипатталады. Кейде қайта дамыған шок алдыңғысына қарағанда ауыр өтеді жəне емге тұрақты болады.

3. Абортивті ағымы - шоктың асфиксиялық варианты, науқастарда клиникалық симптомдар тез жойылады, көбінесе дəрілік препараттарды қабылдауды қажет етпейді.

Диагностика критерилері
Шоктың жедел қатерлі ағымында шағымдары болмайды. Кенеттен естің жоғалуымен басталып, жүректің тоқтауы жəне клиникалық өлім болады.

Шок симптомдарының сипаттамасы (типті):
- тері жабындысының түсі өзгереді (тері қызаруы немесе бозғылдық, цианоз);
- əр түрлі экзантемалар;
- қабақ, бет, мұрын шырышының ісінуі;
- суық тер;
- түшкіру, жөтел, қышу сезімі;
- жас ағу;
- құсу;
- аяқ-қолдың клоникалық тырысулары ( кейде тырысулық құлау);
- қозғалыс бұзылыстары;
- «өлімнен қорқу»;
- еріксіз зəр, нəжіс, газ бөлінуі.

Объективті клиникалық зерттеуде анықталады:
- жиі жіп тəрізді пульс ( перифериялық қан тамырларда);
- тахикардия (сирек брадикардия, аритмия);
- жүрек тондері тұйықталған;
- артериалдық қысым тез төмендейді ( ауыр жағдайда төмен қысым анықталмайды).
- жеңіл жағдай кезінде салыстырмалы түрде АҚ төмендемейді, төменгі критикалық деңгей 90-80 мм.рт.ст. Алғашқы минуттарда кейде АҚ аздап төмендеуі мүмкін;
- тыныс бұзылысы (ентігу, қиындаған сырылды тыныс, ауыздан көбік ағу);
- қарашық кеңейген жəне жарыққа реакция жоқ.

Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Ақыл-есін бағалау ( есін жоғалту).
2. Тері жабындысын қарау ( бозғыл кейде көгерген), көзге көрінетін шырышты қабаттарда эритемалар, бөртпелер, ісінулер, ринит симптомы, коньютивит белгілерін анықтау.
3. Тыныс алу жəне жұтынудың қиындауы анықталады.
4. Пульсті бағалау (жіп тəрізді) жүрек жиырылу жиілігі өзгереді (тахикардия), артериялық қысым 30-50 мм.с.б. дейін төмендеген.
5. Құсу еріксіз дефекация жəне зəр шығару, қынаптан қанды бөлінділер бөлінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет