2023 жыл Аллергиялық реакциялар Анафилактикалық шок. Квинке ісігі Аллергиялық аурулар


Жедел көмек: Медикаментозды емес ем



бет3/3
Дата20.06.2023
өлшемі23.85 Kb.
#475266
1   2   3
реферат анафилактика (1)

Жедел көмек:
Медикаментозды емес ем:


  • Ағзаға аллергендердің ары қарай түсуін тоқтату

  • Науқасты қатты жерге жатқызып аяғын 90 градуска көтеру

  • Науқастын қан қысымын,жүрек соғысын қадағалау

  • Қысатын киімін бостамыз,бөлмеге таза ауа жібереміз

Медикаментозды ем:

  • Адреналин 0,3-0,5 мл 1% бұлшық ет ішіне санға еңгізеді. 5-10 минут бақылауда ұстап жағдайы жақсармаса қайтадан еңгіземіз.

  • Қан қысымы түсіп кетеді,сол кезде допамин еңгіземіз тамыр ішіне еңгіземіз.1 минутта (8-12 тамшы еңгіземіз)

  • Преднизолон,дексаметазон-4 еңгіземіз

  • Аллергияға қарсы препараттар супрастин аллергопресс

  • Интубация жасаймыз

Квинке ісінуі
Квинке ісінуі - бұл аллергиялық реакциянын жайылмалы түрі, терінің барлық кабатында бұлшықетке дейін аллергиялык реакцияның жайылуымен сипатталады. Қолмен басып көргенде шұңқыр қалмайтын сұр инфильтрат пайда болады.
Квике ісігінің себептері:

  • Тұқым қуалаушылық, шырышты қабаттың зақымдалуы

  • Аллергиялық реакция тудыруға қолайлы жағдайлар болса, мысалы, науқаста кандай да бір химиялық және биологиялык сыртқы факторларға кенеттен жоғары дәрежедегі аллергиялык тітіркену пайда болғанда дамиды.

  • Келесідей дәрілік заттарды шамадан тыс қабылдау: антибиотиктер, йод препараттарын, тырысуға қарсы дәрілік заттарды, көз тамшыларын, анестетиктерді.

  • Жәндіктер жұмсақ тері асты май қабаты орналаскан жерлерді шағып алса.

  • Құрамында бояғыштар мен әртүрлі консерванттар, әртүрлі қоспалары бар тағамдарды шамадан тыс қабылдау

  • Гүлдейтін өсімдіктердің шаңдарынан жоғары аллергиялық реакция болғанда

Клиника:

  • Бет, алақанның сыртқы беті, мойын, аяқ басының сыртқы беті тіндерінің жедел дамитын ісінуі. Ісіну аймағында тері түсі бозғылттанады. Ісіну қышыну сезімсіз, бірнеше сағат немесе бірнеше күнде ізсіз жоғалады.

  • Ең қауіпті түрі – жұтқыншақ, көмей, кеңірдек ісінуі (әр төртінші науқаста). Кенеттен мазасыздық, тыныстың қиындауы дамиды, сана бұзылуы мүмкін. Жұмсақ таңдай және таңдай доғашықтары ісінеді, аңқа өзегі тарылады. Науқас тұншығудан қайтыс болуы мүмкін.

  • Ішкі мүшелердің Квинке ісінуі іштегі қатты ауру сезімімен, іш өту, құсумен көрінеді.

Жедел көмек:

  • Көмей ісінуі кезінде шұғыл түрде тері астына 0,1%- 1,0 адреналин ерітіндісін енгізу қажет;

  • Көктамырға немесе бұлшық етке антигистаминді дәрілер (димедрол, супрастин, тавегил) енгізіледі, гидрокортизон (125 мг) немесе преднизолон (60 — 90 мг)

  • Ылғалды оттегімен тыныс алдыру

  • Диуретиктер енгізу: фуросемид (к/т немесе б/е 1% ерітіндісі 1—2 мл), 15% маннит ерітіндісі (к/т ағызып немесе баяу тамшылатып 1,5 г/кг дене салмағына есебі бойынша)

  • Науқастың жағдайы нашарлай түссе шұғыл коникотомия жасау көрсетілген

  • Интенсивті терапия немесе реанимация бөліміне шұғыл тасымалдау


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет