2023–2027 жылдарға арналған жастар саясатының тұжырымдамасы Астана қаласы, 2023 жыл Мазмұны



бет1/19
Дата06.07.2023
өлшемі99.67 Kb.
#475553
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
=F5 F8O 07



Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2023 жылғы «___» _______ № қаулысымен

бекітілген
2023–2027 жылдарға арналған жастар саясатының тұжырымдамасы
Астана қаласы, 2023 жыл


Мазмұны

Кіріспе
1-бөлім. Паспорт


2-бөлім. Ағымдағы жағдайды талдау. Өзекті мәселелері мен проблемалары
3-бөлім. Халықаралық тәжірибеге шолу. Жастар саясатын жүзеге асырудағы шетелдік модельдер
4-бөлім. Жастар саясатын дамыту пайымы
5-бөлім. Негізгі принциптер мен әдістер
1-тарау. Азаматтық қатысу және шешім қабылдауға қатысу
2-тарау. Әлеуетін іске асыру және кәсіпкерлік
3-тарау. Оқу-ағарту және мәдениет
4-тарау. Заманауи құндылықтар және патриоттық тәрбие
5-тарау. Ақпараттық кеңістік
6-тарау. Салауатты өмір салты
7-тарау. Ауыл және жастар
6-бөлім. Мақсатты индикаторлар және күтілетін нәтижелер


КІРІСПЕ

Жастар саясатының тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) егеменді Қазақстанның жаңа сын-қатерлері тұрғысынан жастардың өзін-өзі жүзеге асыруы үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған процестерді білдіреді, сондай-ақ жастарды қоғамға әлеуметтік және экономикалық интеграциялау саласындағы негізгі міндеттер мен басымдықтарды айқындайды.


Қазақстанның ұлттық экономикасының халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілігі іс жүзінде адами капитал тұрғысынан республиканың болашағына салынған стратегиялық инвестициялар болып табылатын жастардың даму жағдайына тікелей байланысты.
Елімізде жастар халықтың едәуір бөлігін құрайды: әрбір бесінші тұрғыны – 14 пен
29 жас аралығындағы жастар. Жастардың жоғарғы жас шегі 35 жасқа дейін көтерілуімен еліміздің әрбір үшінші тұрғыны «жастар» санатына жатқызылатын болады. Жастардың жас ауқымының ұлғаюы – халықтың едәуір бөлігінің мемлекеттік жастар саясаты саласындағы түрлі жобаларға қолжетімділігін кеңейтуге мүмкіндік беретін жалпы әлемдік үрдіс болып табылады және сонымен бірге қазіргі заманғы жаһандық үрдістер мен жастардың қажеттіліктерін ескере отырып, оның негізгі тәсілдерін қайта қарауды талап етеді.
Жаһандық геосаяси турбуленттілік, сондай-ақ ұлттық әлеуметтік-экономикалық трансформация өмірдің жаңа шындықтарын жасайды. Бұл тұрғыда ел жастары бейімделу, өзін-өзі жүзеге асыру және жетілдіру үшін мемлекет тарапынан қолдауға ерекше мұқтаж.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі қолданыстағы «Қазақстан 2020: болашаққа жол» тұжырымдамасы заңды нәтижелер әкелді.
Жекелеген жобалардың тиімділігімен қатар, мемлекеттік жастар саясаты саласында белгілі бір жүйелі проблемалар байқалды:
- тәсілдің біржақтылығы, ұлттық жобалардың толық жүзеге асырылмауы және бытыраңқылығы;
- мемлекеттік жастар саясаты саласындағы қолданыстағы бағдарламалардың жастардың дамуы мен өзін-өзі жүзеге асыруы үшін жағдай жасаудан гөрі әлеуметтік қолдауға бағытталуы;
- жастардың енгізіліп жатқан бастамалар туралы нашар хабардар болуы;
- мемлекеттік жастар саясаты жобаларында жастардың репрезентативтілігінің төмендігі және соның салдарынан олардың тиімділігінің төмендеуі.
Осыған байланысты мемлекеттік жастар саясаты саласындағы бағдарламалар мен бастамаларды дамыту векторын белгілейтін бірыңғай «қолшатыр» құжатын әзірлеу қажеттілігі туындады. Жаңа Тұжырымдама жастармен саясаттың базалық қағидатын сақтай отырып, жастармен жұмыс істеудің заманауи тәсілдерін көрсететін болады. Нәтижесінде, жастар саясат объектісінен маңызды әлеуметтік топ ретінде даму үшін сапалы жағдайлар жасауға бағытталған барлық әлеуметтік процестердің белсенді субъектісіне және қатысушысына айналады.
Жастар саясатының жаңа Тұжырымдамасы мынадай парадигмаларға сүйенеді:
- «Жастар саясатын басқару қағидаттарына шолу» (Еуропа Кеңесі және Еуропалық комиссия, 2021 ж.), «Жастар саясаты жөніндегі нұсқаулық: ұлттық жастар стратегиясын қалай әзірлеу керек» (Еуропа Кеңесі және Еуропалық комиссия, 2015 ж.), «А toolkit quality standards for youth policy» (European Youth Forum, 2016 ж.) сынды құжаттарда баяндалған заманауи шетелдік тәсілдер;
- UN Sustainable Development Cooperation Framework – «leave no one behind» сәйкес инклюзивтілік қағидаттары;
- Handbook on Monitoring and Evaluating for Results by UNDP және UNDP Evaluation Guidelines Handbook on planning, monitoring and evaluating for development results негізіндегі мониторинг және бағалау қағидаттары мен практикалары;
- «жастар үшін» парадигмасын «жастармен» бағытына ауыстыру;
- жастар саясаты жобаларын іске асыруда проблемалық-бағдарланған тәсілден бас тартып, жобаларға қатысушылар үшін әлеуетті артықшылықтарға бағдарлануға көшу.
Жаңартылған әдістеме жастарды жаңа мемлекет құру процесіне белсенді тартуға бағытталған.
Аталған негізгі қағидаттарды негізге ала отырып, осы Тұжырымдаманың мақсаты жастарды дамыту және жетілдіру үшін қолайлы жағдайлар жасау және олардың қазақстандық қоғамда әлеуметтік және экономикалық өзін-өзі жүзеге асыруының тиімді жолдарын қамтамасыз ету болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет