2023–2027 жылдарға арналған жастар саясатының тұжырымдамасы Астана қаласы, 2023 жыл Мазмұны


-бөлім. Халықаралық тәжірибеге шолу. Жастар саясатын іске асырудың шетелдік модельдері



бет5/19
Дата06.07.2023
өлшемі99.67 Kb.
#475553
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
=F5 F8O 07

3-бөлім. Халықаралық тәжірибеге шолу. Жастар саясатын іске асырудың шетелдік модельдері
Жастар саясатын іске асырудағы тәсілдерді жаңарту тұрғысында мынадай үрдісті атап өткен жөн: үкіметтер осы әлеуметтік топты саяси сипаттағы стратегиялар мен өзге де құжаттарды әзірлеу процесіне белсенді және кеңінен тартуға ұмтылады. Жастар саясатын дамытудың шетелдік тәжірибесі мен ағымдағы үрдістерін талдау барлық жастар стратегияларының негізгі мақсаты жас ұрпақтың әлеуетін іске асыру және дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылатынын көрсетеді. Еуропалық жастар саясаты кеңесінің бағалауы бойынша оның жетістігі бес құрамдауышпен айқындалады
(«С» «бес қағидасы»):
1. Coverage – қамту (қамтылған географиялық аудандар мен әлеуметтік топтар плюс саясат салалары).
2. Capacity – әлеует (жастар ҮЕҰ рөлі және Үкіметпен қарым-қатынас).
3. Competence – кәсібилік (кадрларды даярлау және біліктілік мәселесі).
4. Co-operation, co – ordination and coherence – ынтымақтастық, үйлестіру және келісімділік (иерархиялық және көлденең).
5. Cost – құны (қажетті қаржылық және адами ресурстар).
Сонымен қатар, Еуропа елдері жастар саясатының қолданыстағы моделін ескере отырып, осы құрамдауыштардың түрлі жиынтығын көрсетеді.
Жастар саясатын дамытудың өңірлік және ұлттық бағдарламалары
Жастар саласындағы ең ірі әлемдік алаңдардың бірі – 1996 жылы Брюссельде (Бельгия) құрылған Еуропалық жастар форумы (ЕЖФ). Еуропалық деңгейдегі үкіметтік емес қолшатыр қауымдастығы бола отырып, ЕЖФ 100-ден астам халықаралық үкіметтік емес жастар ұйымдары мен ЕО елдерінің ұлттық жастар кеңестерін біріктіреді және жастар саласындағы Еуропа Кеңесі мен ЕО институттарының танылған серіктесі болып табылады. Жастардың қоғам өміріне белсенді араласуы мен қатысуы ЕО елдерінің ұлттық жастар саясаты үшін ЕЖФ әзірлеген 11 негізгі индикаторлардың бірі болып табылады.
Сондай-ақ, жастардың азаматтық, экономикалық, әлеуметтік, мәдени және саяси қатысу мәселелері ЕО-ның 2019–2027 жылдарға арналған жастар стратегиясының басында тұр. Атап айтқанда, ЕО мен Еуропалық комиссияға мүше мемлекеттерге жастардың әлеуметтік және азаматтық белсенділігін қолдаудың түрлі құралдары ұсынылады. Өңірлік бағдарламалардың ұсынымдарын ескере отырып, Еуропа елдері жастардың қоғамды дамытуға белсенді қатысуын қолдау мақсатында өздерінің ұлттық бағдарламаларын әзірлейді және іске асырады.
Германияда 2019 жылдың 3 желтоқсанында 12 мен 27 жас аралығындағы балалар мен жастарға бағытталған Федералды үкіметтің Жастар стратегиясы қабылданды. Отбасы істері министрлігінің мәліметтері бойынша олардың үлесі жалпы халықтың 17 % немесе
14 миллион адамды құрайды. Стратегия жас ұрпақты оларға тікелей әсер ететін шешім қабылдау процесіне тартуға және оларға белгілі бір өмірлік кезеңде мәселелерді шешуге жағдай жасауға бағытталған.
Францияда жастардың әлеуметтік және азаматтық практикаларын жандандыруға бағытталған азаматтық тәрбиеге баса назар аударылады. Франциядағы білім беру жүйесінде ең танымал болып жастардың азаматтық мәдениеті мен азаматтық практикалық тәжірибелерін қалыптастыруға бағытталған «Азаматтық тәрбие» және «Азаматтану» сынды оқу курстары табылады.
Латвияда муниципалитеттер жастар ұйымдары мен жастардың бастамашыл топтарына (формальды емес бірлестіктер) жастар мәселелері бойынша өзін-өзі басқару шешімдерін талқылауға қатысуға мүмкіндік береді.
Латвия жастар ұйымдары мемлекеттік бюджеттен жастардың бастамаларын көтермелеу және шешімдер қабылдау мен қоғамдық өмірге қатысу жобаларына, сондай-ақ жастармен жұмыс жасау жобаларына арналған қаражат алуға құқылы.
Литвада өңірлік жастар саясатын іске асыру мақсатында «Жастар істері жөніндегі муниципалды үйлестіруші» институты жұмыс істейді. Бұл институт муниципалдық билік, жастар және ҮЕҰ арасындағы ынтымақтастық желісін құрады және қолдайды, сондай-ақ жастар ортасындағы жағдайды талдау негізінде муниципалды бағдарламалар мен нысаналы жобаларды жоспарлайды және іске асырады. «Жастар ісі жөніндегі үйлестірушілерінің ұлттық қауымдастығы» Литвадағы барлық 60 өзін-өзі басқару органдарының салалық сарапшыларын біріктіреді.
Польшада провинциялар (воеводстволар), аудандар (повяттар) және муниципалитеттер (гмин) деңгейінде жұмыс істейтін жергілікті билік органдарына жастар саясаты аясында түрлі міндеттер жүктеледі. Жеті провинцияда ресми құрылымдар құрылды – жастар парламенттерінің немесе жастар кеңестерінің бір түрі, олардың міндеттеріне жастарды қолдау және олардың мүдделерін білдіру кіреді. Муниципалды жастар кеңестері жастардың өз құрдастарының өміріне әсер ететін шешім қабылдау процестеріне қатысуына ықпал етеді. Польшаның Жастар жөніндегі кеңесі Үкімет жанындағы, атап айтқанда Ұлттық білім министрлігі жанындағы консультативтік орган мәртебесіне ие.
Халқының 60 %-дан астамы 30 жасқа дейінгі жастар екенін ескерсек, ең үлкен және тез дамып келе жатқан демографиялық топтардың энергиясын, таланттарын және идеяларын инновацияларды, нарықтық мүмкіндіктерді, саясат пен мәдениетті қалыптастыру тез дамып келе жатқан демографиял Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка аймағындағы (ТШСА) елдердің тәжірибелері үлкен қызығушылық тудырады.
Катарда мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жастарды тәрбиелеу процесі жүйеленген. Әсіресе елдегі, әлемдегі және аймақтағы оқиғалар туралы анық, сенімді ақпарат беру негізінде. Осыған байланысты «QatarDebate Center» ұлттық ұйымы орталық телеарнада қоғамдық және халықаралық мәселелер бойынша жастардың пікір алмасуына арналған арнайы бағдарлама ашты.
БАӘ-де Үкімет жастардың қоғамның әл-ауқатына үлес қосу жауаптылығын, жаңашылдығын, рөлі мен мүмкіндіктерін арттыруға үлкен мән береді. Жастар өмірлік маңызды салаларға қатысуын ынталандыру үшін федералды және жергілікті деңгейде институттар құру арқылы өз таланттарын ашуға, шығармашылық қабілеттері мен идеяларын көрсетуге шақырылады.
Жастар саясатын іске асырудағы тәсілдерді жаңарту тұрғысынан мынадай үрдісті атап өткім келеді: үкіметтер осы әлеуметтік топты саяси сипаттағы стратегиялар мен өзге де құжаттарды әзірлеу процесіне белсенді және кеңінен тартуға ұмтылады. Мысалы,
2018 жылы Канада үкіметі саясаттың басым бағыттарын айқындау үшін жастармен диалогты іске қосты. Консультациялардың қорытындысы бойынша Канаданың Премьер-Министрі Кеңсесі елдің жастар саясатын әзірлеуге негіз болған «біз не естідік» есебін жасады.
Ресей президенті Владимир Путин 13 ұлттық жобаның әрқайсысында жастардың мүдделерін көрсетуді тапсырды. Оның тапсырмасын орындау аясында 2021 жылғы
21-27 маусым аралығында елде жастар бастамаларын жинау өтті. Жастар ісі жөніндегі федералдық агенттік 15 328 жобаның түскенін хабарлады. 2021 жылдың соңына дейін арнайы «Жастарға арналған мүмкіндіктер навигаторы» іске қосылады, соның арқасында тақырыптық конкурстардан бастап жас отбасылар мен мамандарға арналған жеңілдіктерге дейінгі барлық салалардағы қызметтер, жобалар мен іс-шаралар туралы ақпарат алуға болады.
Өзбекстанда 2021 жылы «Жастар дәптері» жобасы жүзеге асырыла бастады. Бұл әлеуметтік жағдайы төмен жастардың мәселелерін анықтауға және шешуге арналған мәліметтер базасы. Осы бағыт шеңберінде 2021 жылғы 1 мамырдан бастап жобаға енгізілген жастар кәсіпкерлік қызметті бастау үшін субсидиялар беретін болады. Сондай-ақ, «Жастар дәптеріне» қатысушылар арасынан жұмыссыз жастарды жұмысқа қабылдаған кәсіпорындарға мемлекеттік меншікті жалға алу бойынша жеңілдіктер беріледі. Сонымен қатарсушылар арасынан жұмыссыз жастарды жұмысқа қабылдаған кәсіпорындарға мемлекеттік менш оқыту бойынша жас азаматтардың шығыстарын 50 % көлемінде, сондай-ақ Ұлттық сертификаттар алуға байланысты шығыстарды өтейді. Сонымен қатар, Өзбекстанда ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап «Бір миллион бағдарламашы» жобасы шеңберінде оқу курстарын бітірген жастарға компьютерлер сатып алу үшін базалық есептік шаманың 25 еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде тұтынушылық кредиттер бөлінетін болады.
Украинада 2021 жылғы 18 мамырда қабылданған «Жастар саясатының негізгі қағидаттары туралы» Заңды іске асыру шеңберінде жастарды шешімдер әзірлеу мен қабылдау процесіне тартудың пәрменді тетіктері енгізілетін болады. Ұлттық деңгейде бұл Украинаның Министрлер кабинеті жанындағы Жастар мәселелері жөніндегі ұлттық кеңес арқылы, жергілікті деңгейде жастар кеңестері мен жастар мәселелері жөніндегі кеңесшілер арқылы жүзеге асырылады.
Жалпы, жастар саясаты саласындағы шетелдік тәжірибе мен ағымдағы үрдістерді талдау жастар мәселелері бойынша барлық стратегиялардың негізгі мақсаты жас ұрпақтың әлеуетін іске асыру және дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылатынын көрсетеді. Ойластырылған жастар саясаты – қаралып отырған әлеуметтік топтың өмірінің құқықтық, саяси, адамгершілік және әлеуметтік-экономикалық салаларын қамтитын шаралар кешені.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет