2023–2027 жылдарға арналған жастар саясатының тұжырымдамасы Астана қаласы, 2023 жыл Мазмұны



бет10/19
Дата06.07.2023
өлшемі99.67 Kb.
#475553
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19
=F5 F8O 07

Жастарды жұмысқа орналастыру бағдарламалары
Қазіргі уақытта Қазақстанда жастарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу мақсатында мынадай бағдарламалар іске асырылуда:
«Бірінші жұмыс орны» жобасы. Халықты жұмыспен қамту орталықтары жастарды бірінші жұмыс орнына жұмысқа орналастыруды ұйымдастырады. «Бірінші жұмыс орны» жобасы бойынша жұмысқа орналастыруды ұйымдастыру бірінші рет жұмыс іздеп жүрген түлектер (оның ішінде ЖОО түлектері), жұмыс іздеп жүрген адамдар, халықты жұмыспен қамту орталығында тіркелуіне қарамастан, 29 жастан аспаған жастар арасынан жұмыссыз адамдар, оның ішінде жұмыс тәжірибесі жоқ NEET санаты үшін жүзеге асырылады. Жұмыс іздеп жүрген түлектердің «бірінші жұмыс орны» жобасы бойынша жұмысқа орналасу алғаш рет кәсіптік білім туралы дипломда көрсетілген немесе білім беру бейіні бойынша жақын мамандыққа (мамандыққа) сәйкес жүзеге асырылады. «Бірінші жұмыс орны» жобасы бойынша жұмыс беруші Халықты жұмыспен қамту орталығымен жасалған шарт негізінде қатысушыны кемінде 24 ай мерзімге тұрақты жұмысқа орналастырады, бұл ретте халықты жұмыспен қамту орталығы 1 жыл жұмыс үшін еңбекақы төлеуді субсидиялайды. Жергілікті бюджеттен айына субсидия мөлшері экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда 30 айлық есептік көрсеткішті (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақыларды және банктік қызметтерді ескере отырып) құрайды.
«Ұрпақтар келісімшарты» жобасы. Халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша кейіннен зейнеткерлік жасқа толған жұмыскерді ауыстыра отырып, жобаға қатысушыларды жұмысқа орналастыруды ұйымдастыруды жүзеге асырады. «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы бойынша жұмыс беруші Халықты жұмыспен қамту орталығымен жасалған шарт негізінде жобаға қатысушыны кемінде 18 ай мерзімге тұрақты жұмысқа орналастырады, бұл ретте халықты жұмыспен қамту орталығы 6 ай жұмыс ішінде еңбекақы төлеуді субсидиялайды. Жергілікті бюджеттен айына субсидия мөлшері экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда 30 айлық есептік көрсеткішті (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақыларды және банктік қызметтерді ескере отырып) құрайды.
Сонымен қатар, жоғарыда аталған бағдарламалар жүйелі сипатқа ие емес, азаматтардың аз санына арналған, жұмыс берушілердің ағымдағы қажеттіліктерін әрдайым ескермейді, ізденушілерде берік және жұмсақ дағдыларды дамытуға бағытталмайды.
Еңбек нарығындағы ағымдағы және болжанатын сұраныстың ерекшеліктеріне сәйкес мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру, өйткені ҚР ХӘҚМ деректері бойынша еңбек нарығындағы мамандардың негізгі дағдыларының 40% - ы алдағы 5 жылда өзгеруі мүмкін және әрбір екінші қызметкер қайта біліктіліктен өтуі тиіс.
Lifelong learning (өмір бойы оқыту) қағидатын енгізу, мысалы, әлемнің жетекші университеттерінің онлайн курстарына (оның ішінде Coursera, edX және т.б. оқыту платформалары арқылы) қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі ҚР ЕХӘҚМ бастамасын одан әрі жалғастыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет