№21 (8233) жезқАЗҒан аймақТЫҚ газеті • 973 жылғЫ 13 СӘуірден шығады saryarqa maýsym



Pdf көрінісі
бет10/45
Дата02.11.2023
өлшемі4.02 Mb.
#482197
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   45
21-21

Диана ОРАЗАЛИНА
ҚЫСҚА ҚЫЗУ ҚАМДАНЫС


3
SARYARQA
2021 jylǵy 4 maýsym
KÚN TÁRTIBI
№21 (8233)
ТАҒЗЫМ

ҚАЛАЛЫҚ ӘКІМДІКТЕ
(Соңы. Басы 1-бетте), 
– Жезқазған қаласында су мәселесі өзекті. Білуімше Израильде суды 
тұщыландыру технологиясы бар. Сіздің елден су көздерін арттыру мен 
тіршілік нәрін пайдаланудың мәдениетін меңгерсек дейміз. Сонымен бірге 
бізде мал мен өсімдік шаруашылығы кенжелеп отыр. Шаруа қожалықтары 
бар болғанмен өнімді өңдеу, бордақылау алаңдары жоқ. Қала тұрғындары 
тұтынатын ет, сүт өнімдері мен жеміс-жидек сырттан әкелінеді. Аталған 
мәселелердің оң шешімін табуда сіздермен әріптестік орнатсақ, – деген 
әкім сөзін жалғаған «Аялы алақан» орталығының директоры мүмкіндігі 
шектеулі балаларды қатарға қосып, қоғамға бейімдеуде израильдік маман-
дардан үйренері барын алға тартып, медициналық томатис, фолноқозға-
лыс тренажері, экзобот аппараттарын алудың мүмкіндіктерін сұрады. Бұл 
ретте елші:
– Қазақстанның мемлекеттік «Болашақ» бағдарламася аясында жыл 
сайын ондаған медицина саласының қызметкері Израильде біліктілігін 
арттыру курстарынан өтеді.Үш айдан бір жылға дейін жалғасатын оқу про-
цесінде олардың білімі мен біліктілігі жоғарылайтынын өздері де айтып 
жүреді. Ал, медициналық аппараттарға келер болсақ, сіздерге елшіліктің 
гранттарына қатысуға болады. Біздің елде біліктілікті арттырудың «ма-
шаб» атты курстары бар. Оның түлектері елшіліктің грантына ие болып, 
Ақтөбе, Шымкент, Талдықорған, Алматы мен Семей қаласында Аутизм 
спектрінің бұзылуы бар балалармен жұмыс жасап жатыр. Солардың 
тәжірибесін ескеріп, біздегі мүмкіндіктерді пайдалануға шақырамын, – 
деді. Сонымен қатар, қажет болған жағдайда көтерілген тақырыптар бой-
ынша онлайн-вебинарлар өткізуге дайын екенін жеткізді. 
«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы Жезқазған қалалық филиа-
лының директоры Жүрсінбай Лекеровтің сауда-саттық, жеңіл өнеркәсіпті 
дамыту бағытындағы ұсыныстарын да жылы қабылдаған Лиат Вексельман 
Жезқазған-Ұлытау аймағының тарихи жерлерімен танысқанын алға тарт-
ты. Аймақтың туризм әлеуеті зор деп бағалап, сакралды орындарды шетел-
дік туристерге насихаттауды күшейту қажеттігін айтты. 
Іскерік кездесудің соңында өзіне көрсетілген құрметке ризашылығын 
білдірген Израиль елшісі Қайрат Бектайұлы мен «Қазақтың Кетбұқасы» 
ҚБ төрағасы Төлеген Бүкіровке қазақ тілінде жазылған «Инноватор бол» 
кітабын сыйға тартты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет