№21 (8233) жезқАЗҒан аймақТЫҚ газеті • 973 жылғЫ 13 СӘуірден шығады saryarqa maýsym



Pdf көрінісі
бет11/45
Дата02.11.2023
өлшемі4.02 Mb.
#482197
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   45
21-21

Диана ОРАЗАЛИНА
ИЗРАИЛЬ ЕЛШІСІМЕН 
КЕЗДЕСТІ
Халқымыздың тарихында ме-
рейі тасыған мәртебелі дәуірлер-
мен қатар, «тар жол тайғақ кешкен» 
қасіретті кезеңдердің де аз бол-
мағаны ащы да болса, тарихи шын-
дық. Миллиондаған өмірді қиған 
ашаршылық қасіреттің артынша 
басталған жаппай саяси қуғын-сүр-
гін жылдары да миллиондаған адамға 
қайғы-қасірет әкелді. Сіз бен біздің, 
келер ұрпақтың ендігі парызы – 
бүгінге жетіп отырған құндылықта-
рымызды бағалай білу, оған жету жо-
лында құрбан болған боздақтардың 
ерлігін ұмытпау, тоталитарлық озбыр 
саясат жүргізген қудалаудың салда-
рынан түрмеге қамалып, артынша 
ату жазасына кесілген қазақтың зи-
ялыларын құрмет тұту» – деді қала 
әкімі жиында. 
Одан әрі қала басшысы ескерткіш 
басында «Ашаршылық құрбандары» 
қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ра-
мазан Құрманбаев бастаған қаланың 
белсенді азаматтарымен пікір ал-
масты. Рамазан Құрманбаев кезінде 
миллиондаған қазақтың көзін жой-
ған жолдан жасалған қырғынды «ге-
ноцид» деп бағалау керектігін алға 
тартып, ескерткіш тақтасында жа-
зылған «қуғын-сүргін құрбандары» 
қатарына ашаршылық құрбандарын 
да қосуды сұрады.
Одан әрі тағзым ету «Степлаг-
тың» азабын тартқандарға арналып 
қойылған ескерткіште жалғасты.
Тарихқа үңілсек, 21 мыңнан астам 
адамды қамап ұстаған лагерьде 40-
қа жуық ұлттың өкілі бар болған.
Олардың 500-ге жуығы ауыр азап-
тан көз жұмған. Бейбіт заманда та-
рихын түгендеген халық өкілдері 
Жезқазғанға келіп, жалған жаламен 
елінен айдалған ата-бабасына ескерт-
кіш қоюды қолға алған. Алғаш бо-
лып 1999 жылы тұтқында болған 2 
мың отандасына арнап литвалықтар 
тақта орнатса, кейінгі жылдары 
бұл үрдісті Россия, Украина елдері 
жалғады. Биыл Израиль үн қосыпты. 
Мысты өлкеге арнайы жеткен Қа-
зақстан Республикасындағы Израиль 
мемлекетінің Төтенше және Өкілетті 
елшісі Лиат Вексельман Қайрат Бек-
тайұлымен бірге ескерткішті ашты. 
– Қазақ халқы қиын-қыстау за-
манда тағдыр тәлкегімен елінен 
қуылған біздің ата-бабамызды құ-
шақ жая қарсы алды. Соңғы үзім на-
нымен бөліскенін біз, бүгінгі ұрпақ 
жақсы білеміз. Осы ізгі қасиеттеріңіз 
үшін Сіздерді құрметтейміз, Сіздерге 
бас иеміз, – деп ағынан жарылған ел-
шіден кейін сөз кезегін Нұр-Сұлтан 
қаласының бас раввині Шмоэль Кар-
наух: «Адамдарды қайғы, кек пен қу-
аныш біріктіреді. Қайғыны бөлісіп
тілі мен діні бөлек халықтарды бауы-
рына басқан қазақ халқы алдында біз 
мәңгі қарыздармыз. Еврейлер сан қу-
далауды бастан кешірді. Бірақ, қазақ 
көрсеткен қамқорлықты бұрын соң-
ды сезінбеді. Тәуелсіз Қазақстанның 
жылдан-жылға нығайып, даңқы ар-
тып жатқаны қазақтың зұлмат жыл-
дары жасаған жақсылығына Тәңірдің 
берген сыйы деп білемін. Енді біздер 
тек қуанышта бірігетін боламыз», – 
деді.
Бұл күні Ахмет ишан Оразайұлы 
атындағы қалалық мешіт пен Әу-
лие апостол Андрей Первозванный 
атындағы шіркеуде ашаршылық жә-
не саяси қуғын-сүргін құрбандарына 
арналған діни рәсімдер өтті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет