№21 (8233) жезқАЗҒан аймақТЫҚ газеті • 973 жылғЫ 13 СӘуірден шығады saryarqa maýsym



Pdf көрінісі
бет9/45
Дата02.11.2023
өлшемі4.02 Mb.
#482197
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   45
21-21

сыйлықтың лауреаты
Жүсіпбек Елебеков атындағы 
дәстүрлі ән орындаушылар
байқауының жеңімпаздары 
анықталды.
Ән сайысына Нұр-Сұлтан,
Алматы, Шымкент,
Талдықорған, Тараз, Ақтөбе, 
Көкшетау, Петропавл, Павлодар, 
Семей және Қарағанды
облыстарынан 36 жас
орындаушы қатысты.
Жезқазған қаласының әкімі
Қайрат Әбсаттаровтың төрағалығымен өткен 
кезекті аппарат отырысының күн тәртібінде екі 
мәселе қаралды. Оның алғашқысы бойынша әкім 
орынбасарлары Ербол Құсайынов пен
Зина Ақылбекова есеп берді. Олар өздері
жетекшілік ететін саланың бүгінгі ахуалын
баяндамасына арқау етті.
Жезқазған қаласының әлеуметтік-экономикалық 
жағдайына шолу жасаған Ербол Ғалымжанұлы 2021 
жылдың бес айында бюджетке 6 млрд 900 млн теңге 
түскенін, биыл 4 млрд 611 млн 726 мың теңгеге 120 
мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуі тиіс екенін 
жеткізді. Бүгінде жалпы құны 3 млрд 618 млн 338 мың 
теңге болатын 100 конкурстың нәтижесі шыққан. Кең-
гір селосындағы Әуезов көшесіне жаяу жүргіншілер 
жолын салу, 8 шағын ауданның кәріз желілерін жөндеу 
мен тамшылап суару әдісімен суару желісін қалыпқа 
келтіру, азаматтық қорғаныстың хабарлау жүйесін 
орнату бойынша 4 конкурс мердігерлердің аздығына 
байланысты тоқталса, қалғандары бойынша рәсімдер 
әлі де жүргізілуде. 
– Төрт айдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп 
өнімінің жалпы көлемі 305 млрд 788 млн теңгені не-
месе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 
159,4% -ды құрады. Негізгі капиталға 18 млрд 923 млн 
теңге немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 270,1% ин-
вестиция салынса, бөлшек тауар айналымының көлемі 
– 13 млрд 179,5 млн теңге. Қаңтар-сәуір айларында 
ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 570,7 млн 
теңгеге жетті, – деген Ербол Құсайынов жыл басынан 
10 250 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілгенін, 
сондай-ақ ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайда-
ланбаған шаруалармен жұмыс күшейтілгенін жеткізді.
Осы ретте қала әкімі бірінші орынбасарына Жезқазған 
қаласында кенже қалған жерлерді бау-бақшалық мақ-
сатта пайдалану бойынша нақты тапсырмалар берді. 
Өз кезегінде орынбасары 2020 жылы бау-бақшаға 13 
га, биыл 26 га жер жыртылса, келер жылы бұл көрсет-
кішті 150 га жеткізуге уәде етті.
Мінберге көтерілген Зина Жұманазарқызы Жез- 
қазғанның бүгінгі қоғамдық-саяси жағдайы тұрақты 
екенін, білім, спорт, мәдениет және денсаулық сақтау 
нысандары карантин шектеулерін сақтай отырып
штаттық режимде жұмыс жасап тұрғанын жеткізді. 
Сонымен бірге, халықтың осал тобына арналған мем-
лекеттік қолдаулар уақытылы көрсетіліп, жұмыссыз-
дықпен күрес жолға қойылған. Коронавирус инфекци-
ясының алдын алу мақсатында жүргізіліп жатқан вак-
цинация науқанында Жезқазған қаласына Спутник-V 
вакцинасының І компоненті 12430 дана көлемде жет-
кізіліп, түгел егілген. 10900 данада әкелінген екпенің ІІ 
компоненті 7340 адамға салынған. Сонымен бірге қа-
лаға келген 1610 дана Hayat Vax вакцинациясын бүгін-
де 208 тұрғын еккізген. Тамыздың соңына дейін тағы 
46 мың жезқазғандық екпе салдыруы керек екенін алға 
тартқан Зина Ақылбековаға мектептің жылыту маусы-
мына дайындығын, сондай-ақ мекемелер мен кәсіпо-
рындарда мемлекеттік рәміздерді пайдаланудың талап-
тарын қадағалау жүктелді.
2021-2022 жылғы жылыту маусымына дайын-
дықтың барысы туралы толығырақ баяндаған тұрғын-
үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі 
мен автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ержан 
Есетов жылу электр орталығында биыл 7 қазандық 
пен 5 турбина ағымдағы және күрделі жөндеуде екенін 
мәлімдеді. 
– Қазіргі таңда жылу электр орталығында № №4, 6, 
7, 9 қазандық пен үш турбина жұмыс үстінде. № №8, 
11 жылу қазандықтарына ағымдық және күрделі жөн-
деу жұмыстары жүргізіліп жатыр, ал № 10 қазандықты 
ауыстыру жұмыстары әлі де жалғасуда, – деген Ержан 
Жағыпарұлы 2021 жылы жылумен, сумен жабдықтау 
кәсіпорны 17, 8 км жылу желісі құбырын жөндеуден 
өткізетінін айтты. Бұл мақсатқа 560,6 млн теңге жұм-
салмақ. Оның ішінде 824,1 млн теңгеге 8,4 шақырым-
дық ауызсу құбыры, 141 млн теңгеге 3,1 шақырымдық 
кәріз желісі құбыры мен 29,7 млн теңгеге 1 км суару 
желісі жаңартылады. 
Жезқазған қаласының әлеуметтік-мәдени нысанда-
ры мен 654 көп қабатты тұрғын-үйі жылыту маусымы-
на дайындықтың барлық сатыларынан тиісті деңгейде 
өтуі керек деген талап қойған Қайрат Бектайұлы жылу-
мен, сумен жабдықтау кәсіпорны директоры Ахметол-
ла Мырзалиевке жылу желісін жөндеу кестесіндегі ір-
кілістің орнын толтыруға тапсырма берді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет