№21 (8233) жезқАЗҒан аймақТЫҚ газеті • 973 жылғЫ 13 СӘуірден шығады saryarqa maýsym



Pdf көрінісі
бет27/45
Дата02.11.2023
өлшемі4.02 Mb.
#482197
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   45
21-21

Баян АЯПОВА
Алматы қаласы дін істері
жөніндегі басқармасының
жанындағы 
«Кеңес беру және оңалту»
орталығының маманы
Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан: 
«Ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мі-
незден», – деп, мінездің елге қызмет 
етудегі маңызын ашып айтқан. Яғни 
халыққа жайлы, әділетсіздікке қатал мі-
нез болғанда ғана халыққа қызмет етуге 
болады деген сөз.
Адам өзінің жағымсыз қылықтарын 
түзеп, жақсы мінезі арқылы ортасын 
қалыптастырады. Хәкім Абай: «Мен 
егер закон қуаты бар кісі болсам адам 
мінезін түзеп болмайды деген адамның 
тілін кесер едім» деп өзінің қара сөзінде 
бекер айтқан жоқ. Көркем мінезге жету-
дің бір жолы – адамның өз-өзін тәрбие-
леп, мінезді дұрыстауы.
Бір ғана мысал, Абайдың заманында 
Алдоңғар деген баукеспе ұры болыпты. 
Бір күні Абай: «Әй, Алдоңғар, сенен бір 
нәрсе сұрайын, бересің бе?» – депті. Өзі 
бай, өзі сыйлы, ұлық адам, Құнанбай-
дың баласы сұрап тұрғасын: «Абай аға, 
сіз сұраған нәрсе менде болса беремін 
ғой. Бірақ мен сізге не бере аламын?» 
– деп қатты қиналыпты. Сонда Абай: 
«Сен маған ұрлығыңды бер», – депті. 
Көп ұзамай Абай Алдоңғарды қасына 
көшіріп, ұрлығын тиып, тәрбиелеп, ел 
қатарына қосқан екен. Демек, кемелдік-
ке ұмтылудың бір қыры адам мінезін 
жөндеу десек, артық айтқандық емес. 
Мінез жаратылыс болғанымен, тәрби-
енің ықпалымен жөндеуге болатынын 
Абай атамыз «Күллі мақұлық өзгерер, 
Алла өзгермес» деп барлық жаратылы-
сты өзгертуге болатынын бекер айтпаса 
керек. Дана ойшыл атамыз осылай де-
ген болатын.
Ғұлама Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы 
да мінез жайлы баяндай келе: «Аспанда 
ұшып жүрген құс пен даланың тарпаң 
жылқысын қолға үйрету арқылы адам-
зат баласы қанша табысқа жетті. Осын-
дай дала тағылары тәрбиеге көнгенде
адамның мінезі неге өзгермейді?» деп 
түйіндейді. Демек, адамның мінезін өз-
гертуге немесе жақсы дағдыларға бей-
імдеуге болады. Мәшһүр Жүсіп атамыз: 
«Ғылымның әуелгі мақсаты – Алланы 
тану. Одан кейін – пайдалы білім алу. 
Егер оқыған біліміңіз мінезіңізді түзет-
песе, онда ол пайдасыз білім болғаны» 
деген.
Мінез жайлы Алла Тағала Құранның 
«Рағыд» сүресінің 11-аятында: «Расын-
да бір қауым, өзін өзгертпейінше Алла, 
оны өзгертпейді» деген. Бұл жерден де 
мінездің өзгеретінін, адам жақсы жағы-
на бейімделуге болатынын байқаймыз.
Көркем мінез туралы ардақты Пай-
ғамбарымыз (оған Алланың салауаты 
мен сәлемі болсын) хадисінде: «Көр-
кем мінезді адам ғабиттің (ғибадатшы-
ның) дәрежесімен тең» деген. Асыл 
дініміз ақида және амал, ахлақтан (мі-
нез-құлық) тұрады десек, адамның мі-
незі жақсы болмаса, діннен тәрбие ала 
алмайды.
Дін мінезбен тарайды. Пайғамба-
рымыз (оған Алланың салауаты мен 
сәлемі болсын): «Алла Тағала мені көр-
кем мінез-құлықты толықтыру үшін 
жіберді» деген. Бірде бір кісі Пайғамба-
рымызға (оған Алланың салауаты мен 
сәлемі болсын) келіп: «Дін деген не?» 
деп сұрағанда, «көркем мінез» деп жау-
ап қатқан. Демек, Ислам дегеніміз – ең 
көркем мінез.
Ислам ғұламалары еңбектерін-
де адамдармен жақсы мәміледе болу, 
кішілерге ақыл айту, дүние үшін еш-
кіммен жауласпау, өзгені ойлау, мұқтаж 
адамдарға көмектесу, мейірімді, қара-
пайым болу, ешкімді ренжітпеу секілді 
дұрыс дағдыларды жақсы мінез-құлық 
ретінде сипаттаған.
Жақсы мұсылманның белгісі – көр-
кем мінез. Егер адам ешкімді тілімен 
де, ісімен де ренжітпей, тура жолмен 
жүрсе, ол – кемел мұсылманның бел-
гісі.
Жақсы мінез қалыптастыру адамға 
оңайға түспейді.
Бірде бір сахаба Пайғамбарымызға 
(оған Алланың салауаты мен сәлемі 
болсын) келіп: «Түгенше деген әйел 
күндіз ораза ұстайды, түнде намаз оқи-
ды. Бірақ, оның мінез-құлқы жаман, 
көршілерін тілімен ренжітеді», – дейді. 
Сонда Алла елшісі: «Оның бұл істерін-
де қайыр жоқ. Ол әйел тозақ иелері-
нен», – деп жауап береді. Өйткені Пай-
ғамбарымыз (оған Алланың салауаты 
мен сәлемі болсын) «Қиямет күні маған 
ең жақын болатындарың – мінез-құлқы 
ең жақсыларың» деген болатын.
Бірде Алла елшісі (оған Алланың 
салауаты мен сәлемі болсын) сахабала-
рына: «Сендерден бәрінен артық кімді 
жақсы көретінімді және қиямет күні 
кім маған ең жақын тұратынын айтай-
ын ба?» – деді. Ешкім үндемеді. Кейін 
Алла елшісі сұрағын тағы қайталады. 
Адамдар: «Иә, Алла елшісі», – деді. 
Сонда ол : «Ең жақсы мінез-құлыққа 
ие болғандарың», – деді. Міне, мінездің 
жайлығы мұсылман үшін ең үлкен сый 
болатынын Алла елшісі хадистерінде 
осылай баяндаған болатын.
Дінімізде адамға жылы жүзбен 
күле қараудың өзі садақа саналады. Ал 
кісі көңілін қалдыру мұсылман үшін 
қасиетті Қағбаны жыққанмен бірдей 
делінеді. Кемелдіктің көсемі болған ар-
дақты Пайғамбарымыз (оған Алланың 
салауаты мен сәлемі болсын) сахабала-
рына: «Адамдар мінез-құлқы жағынан 
бір-бірінен ерекшеленеді. Кім көркем 
мінезімен Алла елшісіне жақындаса, 
ол Алла Тағалаға жақындайды», – деді. 
Асыл дініміз – көркем мінездің үлгісі. 
Ендеше, көркем мінез адамды екі дү-
ниеде де бақытқа бастайтын тура жол 
екенін бағамдай білейік!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет