▐
СҰРАҚ-ЖАУАП
6
SARYARQA
2021 jylǵy 4 maýsym
№21 (8233)
R Ý H A N I A T
Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, VII
ғасырдан бастап Ислам діні өзінің гео-
графиялық орналасу аймағына сәйкес,
сол елді-мекен аумағында қоныстанған
көрші иудейлермен, христиандармен,
отқа табынушылармен және басқа да
діни сенімдегі
адамдармен бейбіт қа-
рым-қатынас орнатқан.
Пайғамбарымыз Мұхаммед (Алла-
ның оған игілігі мен сәлемі болсын)
исламды қабылдаған мұсылмандармен
бірге 622 жылы Мекке қаласынан Мә-
дина қаласына хижрет жасаған, яғни қо-
ныс аударған болатын. Мәдина қаласына
қоныстанған соң Пайғамбарымыз (Ал-
ланың оған игілігі мен сәлемі болсын)
қаладағы өзге дін өкілдерімен «Мәдина»
келісімшартын жасады.
Сонау VII ғасырда жасалған бұл
келісімшарт – исламдағы төзімділік пен
бейбітшілікті, исламның адам құқығына
деген құрметі мен диалог мәдениетін, өз-
ге дін өкілдеріне көзқарасын, сондай-ақ
сенім бостандығы мен ар-ождан еркін-
дігін қамтыған алғашқы қағидаттар жи-
нақталған құжат.
Өз заманында Пайғамбарымыз (Ал-
ланың оған игілігі мен сәлемі болсын)
өзге дін өкілдеріне мейірімділікпен,
қамқорлықпен қарай отырып,
олардың
құқығын мұсылмандардың құқығымен
тең дәрежеде ұстады. Ғибадатханаларын
қиратпауды, діндарларды өлтірмеуді,
оларға қол жұмсамауды, алым-салық ал-
мауды, мал-мүлкіне қол сұқпауды өсиет
еткен.
Мұхаммед Пайғамбардың (с.ғ.с.)
тәлімін алған ізбасарлары да мұсылман-
дардың қоластына кірген елдерде осы
ұстаныммен билік жүргізді. Сонымен
қатар, «Кім адамды (мұсылмандармен
бірге өмір сүретін өзге дін адамын) өл-
тірсе, ол жәннаттың исін де иіскемей-
ді. Әрине, жәннат исі жетпіс жылдық
қашықтықтан келіп тұрады» деп ескерт-
кен. Осы хадиске назар аударсақ, дініміз-
де өзге дін өкілдеріне үлкен құрмет көр-
сететінін анық көруге болады.
Ислам кез келген дін өкіліне құрмет-
пен қарайды.
Ешкімді дініне, ұлтына,
нәсіліне және жынысына немесе мате-
риалдық жағдайына қарап бөлмейді.
Адамға рухани құндылығы тұрғысынан
баға береді.
Жалпы ислам діні көркем мі-
нез-құлықтан тұрады. Көркем мінездің
де түрі өте көп. Олардың қатарына
кешірімділік, жомарттылық, шын-
шылдық, аманатқа беріктік, қарапай-
ымдылық,
сыпайылық, сабырлылық,
ұяттылық жатады. Күнделікті өмірде
адамдардың арасында кездесетін барлық
қарым-қатынас, іс-қимыл, әрекет, сау-
да-саттық кезінде жақсылық жасаудың
кез келген жолы, тіпті адамға жылы шы-
раймен қараудың өзі көркем мінез сана-
лады.
Өзінің шыншылдығымен, әділді-
гімен қара қылды қақ жарған тұлға Хат-
табтың
ұлы Омардың оқиғаларын мы-
салға келтіре кетсек:
Ислам діні жан-жаққа тарап, аумағы
кеңейіп, көптеген жерлер ислам дінінің
билігіне қараған болатын. Сол жылдары
өзге ұлттар мен өзге дінді ұстанушылар-
дың ешбіріне мұсылмандар тарапынан
қысым жасалмай, тұрғындар еркін өмір
сүрген еді.
Ислам діні христиандар көбірек
шоғырланған Палестина аймағына
да жетіп, сол жерде тарағаннан кейін,
екінші халифа Омар 637 жылы оның
тұрғындарымен бейбіт қарым-қатына-
сты сақтау мақсатында былайша келісім
шарт жасайды:
«Бұл
Алланың құлы, мұсылман-
дардың әміршісі Хаттабұлы Омардың
Илиа халқына берген қауіпсіздік қағазы:
«Олардың жандарына, малдарына, шір-
кеулеріне, крестеріне, дені саулары мен
сырқаттарына және қалған ұлтына аман-
дық берілді. Шіркеулерін ешкім тұрғын
үйге айналдырмайды, оларды ешкім
бұзбайды, олардың ішкі және сыртқы
қор мүліктерінен еш нәрсе кемітілмейді,
олардың малдарына ешкім қол сұқпай-
ды. Мұндағылардың
дініне зорлық жа-
салмайды», – деп Палестина халқының
қауіпсіздігіне кепілдік берген болатын.
Сондай-ақ, бірде Омар халифа кезін-
де көшеден қайыр сұрап отырған кәрі
кісіні көреді де, оған жақындап: «Сен
қай дін иесісің?» – деп сұрайды. Сонда
әлгі ақсақал: «Мен яһудимін», – деп жау-
ап береді, сол кезде халифа Омар одан не
себепті осылай отырғандығын сұрайды.
«Себебі мен мұқтажбын, жұмысқа жара-
майтын кәрі адаммын ғой», – деп жауап
береді.
Сол кезде Омар оны мемлекет қазы-
насынан қажетін өтейтіндей керегін бе-
реді де, оның мойынынан өзге дін өкіл-
дері мұсылман елінде тұрғаны үшін бе-
ретін салықты алып тастайды. Міне, бұл
әділдіктің ең шыңы!
Қазіргі уақытта басым бөлігін мұсыл-
мандар қамтитын елдердегі христиан дін
өкілдері ешбір қысым көрместен, мұ-
сылмандармен бейбіт қарым-қатынаста
араласып, ымыраластықта өмір сүруде.
Жоғарыда келтірілген оқиғалар шынайы
ислам діні өзге дін өкілдерімен қандай
дәрежеде жақын болғандығын көрсетеді.
Ал өзін мұсылманмын деп есептей-
тін адамды бес уақыт намаз оқымағаны
үшін ғана кәпір деп айыптап, мал-мүлкін
өзіне адал
қылған жат діни ағым ұста-
нушыларының әрекеті ислам дінімен еш
байланыспайды. Адами құндылықтары
жоғалған және өздерін ғана ақиқатты
ұстанушылар ретінде есептейтін олар
нағыз исламның өзге дін өкілі болса да
адам өміріне құрметпен қарайтынын
білмесі анық.
Сол себепті бір шаңырақ астында
бейбітшілікте өмір сүру адамға берген
ең үлкен құндылық деп қабылдау керек.
Достарыңызбен бөлісу: