№21 (8233) жезқАЗҒан аймақТЫҚ газеті • 973 жылғЫ 13 СӘуірден шығады saryarqa maýsym


Дрейман деген кім, ол қазақ жеріне



Pdf көрінісі
бет23/45
Дата02.11.2023
өлшемі4.02 Mb.
#482197
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   45
21-21

Дрейман деген кім, ол қазақ жеріне 
қалай, қайдан келді? Ендігі кезекте, тари-
хи деректерге назар аударалық.
Рудольф Ансович Дрейман 1887 жылы 
Курляндия губерниясында Газенат уезін-
де латыш шаруа отбасында дүниеге кел-
ген. Либавада (Лиепая Латвия КСР-і) үш 
кластық қалалық училищені бітіріп, кешкі 
техникалық курстарда оқып, токарь маман-
дығын алған. Слесарьлық істі, машина жөн-
деуді, автокөлік жүргізуді меңгерген. 14 жа-
сында Рудольф жергілікті газетте курьерлік 
қызмет атқарған.
1905 жылдан большевиктер партиясы-
ның мүшесі, революцияға қатысқаны үшін 
тұтқындалып, одан қашып кетеді. Жасырын 
жағдайда өмір сүріп, кәсіби революционер-
ге айналады. Сосын тағы да түрме, тағы да 
жер аударылған. 1912 жылы Сібірде әйелі 
О. Эвальтович - Дрейманмен бірге жер ауда-
рылып, жолда болашақта Риддер кенішінің 
тұңғыш кеншілерінің бірі болған ұлы Вла-
димир дүниеге келеді. 
Р.А. Дрейман 1917 жылғы төңкеріске 
белсене қатысып, 1918 жылы партия тапсы-
рмасымен Латвияға Төтенше Комиссари-
аттың шекара отряды байланыс бастығы 
болып жіберіледі. Орталық Атқару Коми-
тетінің мүшесі, Латыш Совет Республикасы-
ның хабарлама комиссары болып тағайын-
далды. Совет өкіметі құлаған соң, қираған 
металлургия өнеркәсібін қалпына келтіру 
үшін «Ангараметалл» басқарма бірлестігіне 
мүше болып Сібірге жіберілді. 1921 жылы 
В.И. Лениннің тікелей нұсқауымен Риддер
тау-кен өнеркәсібінің басқарушысы болып 
тағайындалып, Риддер кәсіпорындарының 
қалыптасуына, кеншілер арасында партия 
ұйымының жұмысын жандандыруда ерек-
ше рөл атқарады.
Кәсіпорын жұмысшылары Рудольф Ан-
сович Дрейманды жылдам шешім қабыл-
дайтын қасиеті мен жұмысшыларға көрсет-
кен зор сенімі үшін «Қызыл директор» деп 
атады. Сол жылдардағы жиналыс мәжіліс 
хатында «Үш жыл ішінде кеніш жұмыс-
шыларының өсиетін орындай отырып, Рид-
дерді капиталистердің қанауынан босатуға 
бар күшін жұмсаған күрескер ретінде Дрей-
ман жолдасқа толық сенім білдіреміз» – деп 
жазған екен.
1926 ж. 26 наурызда Халық шару-
ашылығы 
жетістіктерінің 
көрмесінде 
(ХШЖК) қабылданған өзінің келесі қаулы-
дағы шешімінде «Қазақстанда темір жол 
құрылысының жобасы өңірдің тау-кен және 
металлургиялық дамуы жоспарымен бірге 
қарастырылуы керек» деп жазды. ХШЖК 
шешімін Қазақстан үкіметі есепке алды. 
1927 жылдың басында Қарсақбай ауданы-
ның экономикалық және мәдени өмірін кө-
теруге бағытталған іс-шаралар Қазақстан-
ның Халық комиссарлар кеңесінің арнайы 
мәжілісінде қаралып, қабылданды. Еңбек 
және Қорғаныс Кеңесінің шешімінен шама-
мен бір айға жетпей Қарсақбайда үкіметпен 
арнайы құрылған техникалық штаб орна-
ласты. Оған болашақ құрылыс орнының 
жағдайын зерттеу міндеттелді. Құрылы-
стың алғашқы кезеңдерінің сипатын бір 
мақалада жеткізу мүмкін емес. Орталық Қа-
зақстанның ауыр өнеркәсібіндегі алғашқы 
құрылыс тарихы арнайы монография ны-
саны бола алады. Ал біз құрылыстың тек 
бірқатар маңызды жерлеріне ғана тоқта-
ламыз. 1925-1926 жж. Жусалы мен Қар-
сақбай арасындағы тасымалдық байланыс 
жүргізіліп, – Жезқазған кендерін ең жақсы 
шетел фирмаларында: «Минерал Сиерей-
шин» (Англия), «Дженераль Инженеринг» 
(Америка), «Экоф» (Германя), Кеңес ішінді 
«Механобре» (Ленинград), Тау-кен акаде-
миясында (Москва) флотерлену жағдайын 
анықтауға бағытталған зерттеу жұмысары 
жүргізіле бастады. Осы жылы Байқоңыр 
құбасы қайта жандандырылды, Қарсақбай 
– Байқоңыр темір жолының құрылысы мен 
Қарсақбай бөгетінің жөндеуі аяқталды.
Рудольф Дрейман Рудный Алтайдан 
1926 жылдың басында кетті. Тарихи дерек-
тер Рудольф Ансовичтің партиялық бақыла-
удың аймақтық комиссиясының құрамына 
сайланғанын және жаңа міндеттерді орын-
дау үшін Қызыл Ордаға кеткенін айтады. 
Бірақ төрт айдан кейін Р.А. Дрейман Қар-
сақбай мыс балқыту комбинатының ди-
ректоры болып тағайындалады. Ильичтің 
елшісі сол кездегі тағы бір ірі түсті метал-
лургия кәсіпорнын қалпына келтіруді және 
іске қосуды басқарады. 1929 жылы Қаз-
ЦИК Президиумы Р.А. Дрейманды «Қар-
сақбай комбинатын қалпына келтірудің аса 
қиын жағдайларында көрсеткен шебер бас-
шылығы, көрнекті өкімі мен жігері үшін»
 
Еңбек Қызыл Ту орденімен марапаттауға 
ұсынады. Содан кейін Рудольф Ансович 
бүкіл ел көлемінде түсті металдарды бұрғы-
лау барлауын ұйымдастырушылардың бірі 
болады. Кейінірек, Ленинградтағы Қызыл 
директорлардың курстарын аяқтайды.
С.Т.Бүкіровтың ізденіс жұмыстарының 
арқасында 1971 жылы Ж.Ермұхамедов араб 
графикасынан қазіргі қазақ тілінің графика-
сына аударған Хамза Жүсіпбековтың «Қар-
сақбай» атты бүгінгі таңдағы өте сирек кез-
десетін кітабының мазмұнымен танысуға 
мүмкіндігіміз бар. 1928 жылы жарық көрген 
бұл кітап Қарсақбай мыс балқыту зауыты-
ның құрылысына байланысты кейбір мәсе-
лелерге, атап айтқанда осы құрылыстың 
бірқатар басшылары оның ішінде «комби-
нат басшысы Р.А. Дрейман, трест бастығы 
Бронист, трест мүшесі Қ.Сәтбайұлы»
мен 
қатысушыларының рөліне назар аударады.
1930-шы жылдардың ортасына қарай 
Р.А. Дрейман бірден үш ұйымды — Ақма-
лық мыс балқыту комбинатының құрылы-
сын, «Средазгинцветмет» ғылыми-зерттеу 
институтын және Қырғыз кен басқармасын 
басқарған.
1937 жылғы саяси қуғын-сүргін 
Р. А. Дрейманды да айналып өтпеді, қи-
сынсыз жала жабылып, партия қатарынан 
шығарылды, тұтқынға алынды. 1942 жылы 
тұтқында қайтыс болды, 1956 жылы КПСС-
тің ХХ сьезінен кейін ақталған.
Б
үгінгі кезде, өңірдің индустрия-
ландыру, урбанизация тарихының 
мәселелерін зерттеу, әрі 1920-1950 
жылдардағы Қарсақбай мен Қарсақбай мыс 
қорыту комбинатының тарихына ғылыми 
дәрежеде баға беру үшін, жоғарыда қара-
стырылған деректер маңызды болып табы-
лады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет