№21 (8233) жезқАЗҒан аймақТЫҚ газеті • 973 жылғЫ 13 СӘуірден шығады saryarqa maýsym


бақытты ұрпақта» атты үздіктер шеруін



Pdf көрінісі
бет3/45
Дата02.11.2023
өлшемі4.02 Mb.
#482197
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
21-21

бақытты ұрпақта» атты үздіктер шеруін
ұйымдастырды. 
►8-бетте
Құрметті 
жезқазғандықтар
және қала қонақтары!
Сіздерді Қазақстан Республикасының 
Мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүрек-
тен құттықтаймыз!
Мемлекеттік Елтаңба, Ту, Гимн – Егемен 
Қазақстанның ажырамас атрибуты ретін-
де ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе 
берілген. Мемлекеттік рәміздер – әр азамат 
үшін зор мақтаныш және оларды қастерлеу – 
қасиетті борыш. Сол арқылы біз халқымы-
зға, тарихымызға, салт-дәстүрлерімізге құр-
мет көрсетеміз.
Мемлекеттік рәміздер – тек көркем об-
раз ғана емес, Тәуелсіз мемлекет құру иде-
ясының жаршысы. Олар осы ізгі сезімді 
адамдардың жан дүниесіне сіңіріп, ақыл- 
ойын дамытуға қызмет етеді.
Желбіреген көк Туымыз – бірліктің бел- 
гісі, Елтаңбамыз – ел тарихы, ел ойы, Ән- 
ұран – жүрекке жігер мен қайрат берер хал- 
қымыздың абыройы мен бостандығы. 
Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған 
Мемлекеттік рәміздер болашаққа бет түзеген 
ұлы көшімізді демеп, игі істерімізді қолда-
сын!
Әрқайсымыз елді біріктіретін қасиетті 
күшке ие Көк байрағымыздың, Елтаңбамыз 
бен Әнұранымыздың мәртебесіне қашанда 
лайық болайық!
Жезқазған қаласының 
әкімі Қайрат ӘБСАТТАРОВ
Жезқазған қалалық мәслихатының 
хатшысы 
Әбдірахман ДОСАНОВ
Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Әбсаттаровтың 
қатысуымен өткен салтанатты шарада спорт нысаны-
ның шәкірттері мен жаттықтырушы-бапкерлері шағын 
шеберлік-сыныптарын көрсетті. Еліміздің көк байрағын 
әлемдік аренада тұғырға көтеретін болашақ чемпиондар-
ды тәрбиелеп жатқан Серік Керімбеков бастаған ұжымға 
алғысын білдірген шаһар басшысы республикалық тур-
нирде жүзден жүйрік шыққан жас боксшылар Санжар 
Жақсылықты, Санжар Кожухов пен Сұлтан Балмұхан-
бетті марапаттады. 
Одан кейін Қайрат Бектайұлы мен Серік Сүйгенбай-
ұлы «Киелі Сарыарқа даласында, мысты өңірде дені сау 
ұрпақ тәрбиеленуде, аймақта спорт саласының дамуына 
үлкен үлес қосатын осындай спорт нысандарының қата-
ры көбейе беруіне тілектеспін. Дәл осы спорт академия-
сынан байрақты бәсекелерде топ жарып, еліміздің абы-
ройын асқақтатар, әлемге әйгілі чемпиондар шығатыны-
на сенімдімін!» деген мәтінде болашаққа хат жазылған 
капсуланы балалар мен жасөспірімдерге арналған «CK 
NAMYS» спорт академиясының іргетасына бірге қала-
ды. 
2022 жылы құрылысы аяқталатын «CK NAMYS» 
спорт академиясының ауданы 5 мың шаршы метрді құра-
мақ. Үш қабатты нысанда спорт залдары, 200 балаға 
шақталған интернат, асхана мен әкімшілік бөлмелері жа-
сақталады.
Бүгінде «Жастар» саябағының аумағында орналасқан 
«CK NAMYS» спорттық-сауықтыру кешенінде спорттың 
6 түрі бойынша 1000 жас тегін тәрбиеленуде.
Диана ОРАЗАЛИНА
ЖАҢА СПОРТ АКАДЕМИЯСЫ ҒИМАРАТЫНЫҢ 
ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет